Файл: Тізімге деректерді енгізу трлері мен операторларын анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 138
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин. | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Үй тапсырмасы. «Галереяны шарлау» әдісі Сыныптағы қабырғаларға шеңбер салу, тіктөртбұрыш салу, түзу салу тақырыпшалар жазылған парақшалар ілінеді. Оқушылар қозғалыста жүріп өздеріне берілген маркерлермен оларды анықтап жазып кетеді. Үйде орындап келуге берілген оқулықтағы тапсырмаларды компьютерде орындап, жұптасып жауабын талдайды. Ауызша мадақтау, ынталандыру | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады | Жұмыс дәптерлері, дербес компьютер, т.б. |
Сабақтың ортасы 35 мин. | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бұл сабақта ойынның артқы фонын жасауды қарастырайық. Артқы фон жасау үшін фонды кез келген түспен толтыруға немесе суретті жүктеуге болатынын білеміз. Мысалы, фонды қандай да бір түске толтыру үшін мынадай функция қолданылады: pygame.Surface.fill(color, rect=None, special_flags = 0) Функция бетті тұтас түс пен толтыруға мүмкіндік береді. Егер rect үшін тікелей аргумент орнатылмаса, барлық беті толтырылады. Rect аргументі белгілі бір айамаққа толтыруды шектейді. Толтыру, сондай ақ бетті кесу аймағында болады. Color аргументі RGB, RGBA дәйекті немесе түс индексі болуы мүмкін. PyGame-нің нысаны Surface суреттерді көрсету үшін қолданылатынын еске түсіріңдер. . «Арман-ПВ» баспасы, 2019 ж (139-143б) Компьютермен жұмыс Оқулықта берілген артқы фон кірістіру кодын компьютерде орындаңдар 1-код import pygame pygame.init() screen = pygame.display.set_mode((400, 300)) jaulay_surf = pygame.image.load('001.bmp').convert() jaulay_surf.set_colorkey((255, 255, 255)) jaulay_rect = jaulay_surf.get_rect(center=(200, 150)) screen.blit(jaulay_surf, jaulay_rect) bala_surf = pygame.image.load('bala.png') bala_rect = bala_surf.get_rect(bottomright=(300, 270)) screen.blit(bala_surf, bala_rect) pygame.display.update() wpygame.display.update() running = True while running: for event in pygame.event.get(): if event.type == pygame.QUIT: running = False pygame.quit() Дескриптор Ойын фонын кірістіру командаларын анықтайды. Топтық жұмыс Артқы фонға сурет кірістіру программасына талдау жасаңдар. Программаны әрбір қатарының қызметіне түсініктеме беріңдер. Дескриптор - Артқы фонға сурет кірістіруді анықтайды; - Артқы фонға сурет кірістіру программасын құрады; - Программаға талдау жасайды. Жұптық жұмыс Қарапайым бір ойынның сценарийін ұсыныңдар. Сол ойынға кейіпкер таңдап, ойын терезесіне фон мен кейіпкерді орналастырыңдар. Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау | Мұғалімді тыңдайды | Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады | Жұмыс дәптерлері, дербес компьютер, т.б. |
Сабақтың соңы 5 мин. | 1. Фон дегеніміз не? 2. Ойынға фон кірістірудің қандай жолдарын айта аласың? 3. Рygame-де фондық сурет жүктеу үшін қандай команда қолданамыз? 4. Бір суретті екіншісінің үстіне орналастыру үшін қолданылатын команда? Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай? | Өзін-өзі бағалау. | Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады | Жұмыс дәптерлері, дербес компьютер, т.б. |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырманы орындап келу | | | |