Файл: Дене шынытыру пні малімдеріне дене трбиесі жне салауатты мір салтын алыптастыру масатында жобалар аясында жмыс жргізу бойынша дістемелік кмек крсету.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жобалар аясында жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету

Қазіргі таңда республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жақсарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы себептен де әр ұстаздың алдында оқушыға жаңаша білім беру үрдісін қалыптастыру міндеті тұр. Сол міндеттің бірі-оқушының өз бетімен білім алуға құлшынысын арттыру. Ал енді оқушының өз бетімен білім алуға жетелейтін әрекеті- ЖОБА болып табылады


    • Елімізде барлық оқу орындарында “Оқуға құштар мектеп”, “Өзін-өзі басқару”, “Жалпы ұлттық дебаттық қозғалыс” жобалары іске қосылған. Мектебімізде де барлық пән бірлестіктерінде жоспар негізінде жоба жұмыстары бекітілген, ал енді “дене шынықтыру сабақтарында жоба жұмыстарын қалай ұйымдастырса болады?” деген сұрақ туындайды

“Маған ұнайтын спорт түрі-футбол”

“Маған ұнайтын спорт түрі-футбол”

“Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының емдік қасиеті”

“Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының емдік қасиеті”

“Денің сау болсың десең- баскетбол ойна”

“Денің сау болсың десең- баскетбол ойна”

“Эстафеталық жарыс”

“Эстафеталық жарыс”

“Қазақ ұлттық ойындары” т.б.

“Қазақ ұлттық ойындары” т.б.

Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық –психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Осыған орай мектебімізде дене шынықтыру сабақтарында төмендегідей жоба жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Мысалы:

Жобаны қалай дайындау керек?



Жоба кезеңдері:

Жоба тақырыбы:

Жоба мақсаты:

Жоба мазмұны

Жоба қорытындысы:
Білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі) бойынша мектептік спорт лигалары желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша мамандандырылған сыныптар мен спорт секцияларын ашу маңызды. Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, нашақорлықтық, маскүнемдіктің, темекі шегудің, құмар ойындар (игромания), ғаламторға тәуелділік, ұялы телефонға тәуелділік сынды аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте түрлі деңгейдегі жоба жұмыстарының ұйымдастырылуы арқылы біздер “Дені сау ұлт-дені сау мемлекет” қалыптастыра аламыз!

Назарларыңызға рахмет!