ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«ДИАНА» Жоғары медицина колледжі мекемесі | | Учреждение «Медицинский колледж «ДИАНА» | |
Сапа менеджменті жүйесі | |||
Ф МКД ПП/12-02 | «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер мамандығы» пәнінен теориялық сабақтың жоспары |
Теориялық сабақтың жоспары
Пән атауы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер мамандығы»
Дайындаған оқытушы: Батыржан С.Б
Сабақтың тақырыбы: Мейіргер ісінің философиясы және теориясы. Мейіргер ісі – ғылым және өнер. Пациент –жеке тұлға.
Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302054 «Қолданбалы бакалавр»
Күні:____________
Курс_203_ Топ ____
Сабақ типі: | Жаңа сабақ - жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. | |
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: | Білім алушыға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер ісі кәсібінің негізгі заңдылықтары жайлы,науқастың ауырып тұрған жағдайында емдеу мен алдын-алу шараларын, қарым- қатынас құруда құзіреттілік көрсету дағдыларын бағалауды үйрету. Кәсіби мәселелер жайындағы ойлану, бақылаушылық және жеке жұмыс атқару қабілетін дамыту. Нақтылы жағдайда өздігінен шешім қабылдау, бағдарлау шеберлігіне үйрету. Өз міндеттерін орындау барысында шеберлікке жету ынтасын дамыту. Дәрігерге дейінгі көмек беруді орындау кезінде асқыну болдырмауын алдын-ала ойланып, күтім ерекшеліктерін де тиянақты орындау. Жоғары буын медицина кадрларын даярлау барасында олардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу, білім алушылардың болашақтағы өз мамандықтарына, жұмысына деген жауапкершілігін арттыру. Медициналық қызметкерлер арасында қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу. Науқастармен жұмыс жасау барысында медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау. Медициналық құрал жабдықтарға ұқыпты болуға тәрбиелеу. | |
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: | Мейіргерлік процессті білім алушы кәсіпқой деңгейде, науқастың жағдайына қарай пайдалана алуы қажет. Науқастарға мейіргерлік күтім жасауды ұйымдастыру және оларды бақылау, ем шаралар мен медициналық әрекеттерді орындау техникасын игеру; Ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының негізгі симптомдары мен синдромдарын білу, науқастарды зертханалық, функциональдық және аспаптық тексеру әдістемелерін жүргізуге дайындауды игеру; Ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі және білікті медициналық шұғыл көмек көрсете білу; Әр түрлі зақымдану кезінде науқастарға алғашқы медициналық жәрдем көрсете білу; Әр түрлі жастағы науқастардың ауруларының дамуында және қауіпті жағдайларда қарқынды терапия және реанимацияның қазіргі әдістемелерін игеру, медициналық ұйымның ауруханаларында науқастарға қалпына келтіру емін және оңалту шараларын ұйымдастыра білу; Өз құзіреттіліктерінің аясында науқастармен қарым-қатынас кезінде алған білімін күнделікті өмірде және кәсіптік іс-әрекетінде қолдану, науқас және оның туыстарымен қарым-қатынас кезінде медициналық этика мен деонтологияны сақтау; Науқастарға арналған мейіргерлік күтім: пациенттердің қажеттіліктерін анықтайды, пациентке бағытталған жоспар құрып, жүзеге асырады, құжаттарды рәсімдейді және күтім нәтижелерін бағалайды. Науқас пен отбасы мүшелеріне қатысты мейіргерлік шешімдер қабылдайды. | |
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, әдебиеттер: | Жұмыс оқу жоспары. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Тірек жазбалар (дәріс), тест тапсырмалары Іс-әрекет алгоритмдері, әдебиет және т.б. | |
Техникалық құралдар, материалдар: | Мультимедиялық проектор, шағын топтардағы жұмыстарды жазуға арналған бейнекамера, рөлдік ойындар, бейнелерді, компьютерлерді, ноутбуктарды, флип-чарттарды көруге арналған жабдықтар, компьютер, кестелер жиынтығы, слайдтар. | |
Сабақтың барысы | ||
Сабақ кезеңдері | Оқытушыныңіс-әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) Үй тапсырасын сұрау (25 минут) | Оқытушының білім алушылармен амандасуы, кабинеттің тазалығын, білім алушылардың сабаққа қатысуын, арнайы киімдерін, құрал-жабдықтарын тексеру. Білім алушылармен сенімді қарым-қатынас құру. Топқа бөлу. Жаңа пәнге,сабаққа байланысты білім алушылармен қызықты ойындар ойнау, қызықты сұхбаттар жүргізу. Білім алушылардың пәнге деген ой-пікірлерін саралау. | Сабаққа, топқа бөлуге арналған арналған журналдар |
Сабақтың ортасы ІІ. Негізгі бөлім: Жаңа тақырыпты түсіндіру (45 минут) | Дәріс жоспары бойынша тақырыптың мазмұнын түсіндіру: Мейіргер ісінің философиясы және теориясы. Мейіргер ісі – ғылым және өнер. Пациент –жеке тұлға. Мейіргер ісінің мақсаты, міндеті. | Слайд; Оқулық; Дәріс материал-дарын пайдалану. Кестелер, суреттер, флип-карталар. |
Қорытынды кезең: Жаңа тақырыпты бекіту (15 минут) | Мейіргер ісінің философиясы, мақсаттары, міндеттері қоғамда алатын орны туралы білім алушының сабақты толық деңгейде түсінгенін рөлдік ойындар ойнау және тестілеу арқылы бағалау. Кесте бойынша топтық жұмыс жүргізу. | Бағалау парағы. |
Рефлексия: (5минут) | 1.Сабақ ұнады толық түсіндім. 2.Сабақ ұнады, бірақ толық түсінбеген тұстарым бар. 3.Сабақ ұнамады, толық түсінбедім. | Білім алушылар өз ойларын қағазға жазады. |
Үй тапсырмасы: (5 минут) | Байболина А.Т, Калиева Г.А «Медбикелік іс негіздері» 2015ж 51, 359-408 бет Н.Ю. Корягина, Н.В Широкова «Мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру» 2015ж 11-34,244,370-390 бет | Оқулық; Дәріс материалдары. |