Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 462
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құсқан балаға көмек көрсету
Мақсаты: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түсінің алдын алу
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, резин баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Егер баланың жағдайы көтеретін болса, оны ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
2. Баланың кеудесін салфеткамен, клеенкамен жабыңыз.
3. Баланың аяғаның арасына жерге табақ қойыңыз.
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.
6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.
7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
8. Егер бала әлсіріген немесе ессіз күйде жатқан жағдайда болса
9. Баланы бір қырына жатқызыңыз, (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.
10. Баланың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.
11. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе резин баллонмен сорыңыз немесе ауыз қуысындағы құсық қалдықтарын салфеткамен сүртіңіз.
12. Әрбір құсқаннан кейін, салфеткамен ауызын, иегін сүртіңіз.
13. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Іш кебу кезінде (метиоризм) көмек көрсету
Мақсаты: жедел көмек
Керекті құрал-жабдықтар: жел шығаратын түтікше, прозерин, резенке қолғап.
Іс- әрекеттер алгоритмі
9. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
10. Баланы шалқасынан жатқызып,белінен төмен шешіндіріңіз.
11. Ішіне сағат тілі бағытымен массаж жасаңыз.
12. Нәтиже бермесе, жел шығаратын түтікше қойыңыз
13. Олда нәтижесіз болса, прозерин 1мг/кг дене салмағына есеппен б/е егіңіз.
14. Рационнан газ жинамайтын тамақтарды қабылдамау керектігін айтуымыз керек (газдалған сусындыр, бұршақ тұқымдастар, көкөністер, қара нан)
Ларингоспазмда жедел көмек
Спазмофилия ауру кезінде дауыс желбезектерінің тарылуы.
Мақсаты: жедел көмек көрсету.
Керекті құрал-жабдықтар: 10 % глюканат кальций, стерильді шариктер, қолданылған заттарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналғын контейнер. Қолды өңдеу, қолғап кию.
Кезеңдері | Негізделу |
1.Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу, аяқ жағын көтеріңкі жағдай жасау | Реанимациялық шараларды өткізу мақсатында |
2.Қысып тұрған киімдерін шешу | Өкпенің экскурсиясын жеңілдету үшін |
3.Таза ауамен қамтамасыз ету | Оттегі жетіспеушілігімен куресу |
4.Тыныш, сабырлы жағдай орнату | |
5.Салқын су шашып, құйрығынан ұру, шпательмен тіл түбірін қытықтау немесе мақта жгутиктерімен мұрын қуысын тітіркендіру | Тыныс орталығын және қан қозғалыс орталықтарын қоздыру мақсатында |
6.К/т немесе б/е 10 % - глюканат Кальций ертіндісін – 1мл/әр жасына Диазепам 0,5% - 1мл, 0,1 мл/кг | Гипокальциемияны азайтады, құрысып-тырысуды басады |
7.Егер нәтижесі болмаған жағдайда трахея интубациясын немесе трахеостомия түтікшесі қойылады | |
8.Жүрек тоқтап қалған жағдайда жүрекке жанама массаж жүргізіледі. | Реанимациялық шаралар |
9.тыныс пайда болғаннан соң ылғалды оттегі беріледі. | Гипоксиямен курес |
10.Ауруханаға жатқызу. | |
Анафилактикалық шок кезіндегі медициналық көмек
Мақсаты: тыныс алу және қанайналу функцияларының жедел бұзылысын тоқтату.
Ресурстар: тонометр, фонедоскоп, шприцтер, стерильдімақташариктері, Бобров аппараты, мұзды мұйык, жгут, медициналыққалдықтардың «А» және «Б» сыныптарынаарналғанконтейнерлер.
Дәрілікпрепараттар: адреналин 0,1%-1мл, преднизолон 30мг-1мл, супрастин 20мг-1мл, эуфиллин 2,4%- 10мл, кальций глюканат 10%-10мл.
Қолыңызды жуып,өндеңіз, резин қолғап киiнiз.
Алгоритм әрекеттері:
№ | Кезеңдері | Негізделу |
1 | Аллергендернің жіберілуін дереу тоқтатыңыз. Дәріні жіберуді тоқтату. Инъекция жасалған жерге мұзды мұйык кою, мүмкінболса инъекция орынынан жоғары жгут салыңыз. | Аллергендердің қанға түсуін азайту мақсатында |
2 | Көмеккке шақыру | Жедел реанимациялық бригаданы немесе жедел жәрдем бригадасынкөмекке шақыру |
3 | Тегіс жерге шалқасынан, аяк жағын көтеріңкі жатқызыңыз (Тренделенбургжағдайы). | Тынысалудың, жүректің тоқтап қалуы болса,шұғыл шаралар көрсету керек болуы мүмкін. Ми гипоксиясын болдырму үшін, себебі шок кезіде АҚҚ төмендейді, бронхоспазм болады, гипоксия дамиды. Ми гипоксияғ асезімтал болып келеді, миды қанмен қамтамасыз ету үшін. |
4 | Басын бір жағына бұру, тыныс жолдарын тазартыңыз (резин грушамен, дәке салфеткамен). | Аспирацияның алдын-алу мақсатында |
5 | Қысып тұрған киімдерін шешіңіз. Таза ауамен қамтамасыз ету. Терезелерді ашу, оттегін беру. | Өкпенің экскурсиясын жақсарту. |
| Адреналин ерітіндісін 0,1%-1,0мл, 0,1 мл/жасына б/е егу | Қан қысымын көтеру мақсатында |
6 | Венаға физиологиялық ерітінді қою. | Дәрілерді енгізу үшін. |
7 | АҚҚ, пульсті, тыны салу жиелігін бақылау. | Жағдайын бағалау үшін |
8 | Қан қысымы көтерілмеген жағдайда, Адреналин 0,1%-1мл б/е, к/т, 0,1 мл әржасына. Норадреналин 0,2% к/т тамшылатып енгізу. | Тамырларды тарылтып, қанқысымын көтереді, бронхолитикалық әсер. |
9 | К/т немесе б/е преднизалонегу. 3-5мг/кг(1 мл-30мг) | Преднизалон күшті аллергияға қарсы және антигистаминдік әсері бар. |
10 | Эуфиллин 2,4%-10мл, 1 мл әржасына | Бронхолитикалық әсер |
11 | Супрастин 2%-2мл, 0,1 мл әржасына. | Антигистаминдік препарат |
14 | Эффект болмаған жағдайда дәрілерді 10-15мин. Сайын жіберіңіз. | |
15 | Шұғыл госпитализациялаңыз. |
1.Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б сипаттамасы
Білім алушының қолы _______________
2023ж. "13" сәуір _______________
(өндірістік практиканың тікелей жетекшісі) Анель Даниярқызы
2023ж. "13" сәуір________________
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы
__________________________________ Құспанова Т.Х
2023ж. «13» сәуір ________
Білім алушы: Туретай Гауһар
14.04.2023ж.
Р/c № | Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Мен дені сау бала қарау кабинетінде болдым. Мейірбикемен танысып, жұмыс барысымен таныстым. | 9:00 | 10:00 | |
2. | Кабинетке күнделікті тазалық жұмысын жүргіздім. | 10:00 | 11:00 | |
3 | Келген балалардың бой, салмақ, бас , кеуде айналымын өлшедік. | 11:00 | 11:30 | |
4. | Алынған мәліметтерді журналға тіркеп, ИМТ шығардық | 11:30 | 13:00 | |
Антропометрия
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
Дайындаңыз: 2 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін көлденең бой өлшегішті, 2 жастан жоғары бала үшін тұрғызып өлшейтін бой өлшегішті, дез ертіндісін, таза жөргекті, медициналық электронды таразы сантиметрлік лентаны, 70% спиртті, стерильді шарикті, пинцетті, қолданылған материалдарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналған контейнер.
Баланың бас айналымын өлшеу
-
Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Сантиметрлік лентаны алып, 2 жағынан спиртпен сүртіңіз. -
Лентаны шүйде сүйегігің бұдырына және қас үсті дөңестері арқылы өткіз. -
Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен көрсеткішті анықтаңыз. -
№112/е нысанға жазыңыз.
Баланың кеуде айналымын өлшеу.
-
Баланың кедесін жалаңаштаңыз, қолдарын жоғары көтеріңіз. -
Артқы жағынан екі жауырынның төменгі бұрыштарынан, алдыңғы жағынан емшек ұшы айналасындағы шеңбердің төменгі шетімен лентаны айналдыра өткізіңіз. -
Баланың қолдарын төмен түсіріңіз. -
Сантиметрлік лентаны түйіскен жерінен кеуде айналымының көрсеткішін анықтаңыз. -
№112/е нысанға жазыңыз
Баланың бойын өлшеу
Алгоритм іс әрекеті:
-
Баланың бойын айқындау алдында бой өлшегіштің үстін дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. -
Бой өлшегішке таза жөргек төсеңіз. -
Баланың бас киімін, аяқ киімін, шашындағы резенкелер мен қыстырғыштырды шешіңіз, бұрымын тарқатыңыз, егер бойын өлшеуге кедергі жасаса. -
Анасына баланы өлшегішке жатқызып, баланың басын өлшеп болғанша қозғалтпай ұстау керектігін түсіндіріңіз. -
Баланың басын жоғарғы планкаға тығыз тірелетіндей етіп, арқасымен жатқызыңыз. -
Баланың басын есту каналынан көздің астыңғы жағымен ойша жүргізілген түзеу сызық бой өлшегіш тақтайға перпендикуляр болатындай етіп орналастырыңыз. Бұл түзу сызық «Франкфурт сызығы» деп аталады. -
Баланың түзу жатырғанына, иықтыры тақтайға тиген, арқасы қисық еместігіне көз жеткізіңіз. -
Баланың тізесін бір қолыңызбен жаймен басып ұстап, аяғын барынша жазыңыз. -
Екінші қолыңызбен қозғалмалы планканы табанына тіреңіз, табаны тақтайға толық тиіп тұруы керек. -
Егер табаны толық тимей тұрса, табанын қыдықтап жіберіңіз, сол кезде бала табанын жазады. -
Көрсеткішті қарап, жазып алыңыз. Өлшемді 0,1 см дәлдікпен алыңыз.
Баланың салмағын өлшеу
Алгоритм іс-әрекеттері:
1.Таразының табағын дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
2.Таразыны қосыңыз, көрсеткішін 0-ге келтіріңіз.
3.Таразыға таза жөргекті төсеңіз.
4.Жөргектің салмағын өлшеп алыңыз (электронды таразының «тара» деген тетігін басып, таразы көрсеткішін «0»-ге келтіріңіз).
5.Анасына баланы таразыға салуын сұраңыз. Егер бала отыра алатын болса
, онда отырғызып өлшеуге болады.
6.Баланың салмағын өлшеңіз.
7.Ф-112/е - баланың даму тарихына жаызңыз.
8.Баланы анасына беріп, жөргекті лас қапшыққа салыңыз.
9.Таразыны өшіріңіз.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ____________________________________________________________________________ Білім алушының қолы _______________
2023ж. "14" сәуір _______________
(өндірістік практиканың тікелей жетекшісі) Анель Даниярқызы
2023ж. "14" сәуір________________
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қорытындылары
____________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы
__________________________________ Құспанова Т.Х
2023ж. «14» сәуір ________
Білім алушы: Туретай Гауһар
15.04.2023ж.
Р/c № | Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Мен Тасқала амбулаториясында ВОП кабинетінде болдым. Мейірбикемен танысып, жұмыс барысын үйрендім. | 9:00 | 10:00 | |
2. | Келген науқастарды қабылдап, анализдерге жолдама бердік. | 10:00 | 11:00 | |
3 | Медсестрамен бірге участокқа патронажға шықтым. Патронажда балалардың дамуын, үй жағдайын бағаладық. | 11:00 | 11:30 | |
4. | Алынған мәліметтерді кабинетке келгеннен кейін дамумед бағдарламасына тіркедім | 11:30 | 13:00 | |
Физикалық дамуды бағалау (БШАЫЖ)
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау