Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 458
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Моновакциналар
АДС-М дифтерияға, сіреспеге қарсы
БЦЖ –туберкулезге қарсы
Пневмо –пневмококкалық жұқпаға қарсы
ВГВ – В вирусты гепатитке қарсы
Полио – полиомиелитке қарсы – ауызға құю арқылы, инактивті
Аралас вакциналар:
ККП – қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы
АбКДС + ВГВ + Хиб + ИПВ – көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В вирусты гепатитке, b типті гемофильдік инфекцияға қарсы инактивті поливакцина.
АбКДС + Хиб + ИПВ – көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, b типті гемофильдік инфекцияға қарсы
-
Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. -
Білім алушының қолы _______________
2023ж. "25" сәуір _______________
(өндірістік практиканың тікелей жетекшісі) Анель Даниярқызы
2023ж. "25" сәуір________________
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
Кәсіпорыннан (ұйымнан) өндірістік практика жетекшісінің қолы
__________________________________ Құспанова Т.Х
2023ж. «25» сәуір ________
Білім алушы: Туретай Гауһар
26.04.2023ж.
Р/c № | Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы | Диплом алды практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері | Өндірістік кәсіптік практика жетекшісінің қолы | |
басталуы | аяқталуы | |||
1. | Мен бүгін прививычной кабинетте болдым. Кабинеткен күнделікті тазалық жұмысын жүргізіп, диз.ерітіндімен сүртіп алдық. Екпе бөлмесіндегі жұмыс орнымызды дайындадық. | 9:00 | 10:00 | |
2. | Келген балаларға манту сынамасын жасадым. | 10:00 | 11:00 | |
3 | Қолымды 111 бұйрық бойынша жуып, өңдедім. 6 жасар ер балаға манту сынамасын жасадым. Баланы отырғызып, қолын ынғайлы қалыпқа қойып, өңдедім. Апмуламды тексеріп алдым. Туберкулин шприціне жинадым. Баланын қолын өңдеп тері ішіне салдым. | 11:00 | 11:30 | |
4. | Келген Балалардың аты жөнін журналға тіркеп отырдым. | 11:30 | 13:00 | |
Манту сынамасын қою.
Мақсаты: диагностикалық, БЦЖ ревакцинасына іріктеу.
Көрсетепе:
-
Туберкулез ошағындағы науқаспен қатынаста болған балаларға; -
Қатерлі топтағы баларға; -
2 айдан асқан балаларға вакцина егу алдында; -
6-7 жастағы балаларға БЦЖ ревакцинасын қайта егу алдында;
Ресурстар:
-залалсыздандырылған мақта шариктері
-пинцет, резеңке қолғап, туберкулин
-ампуланы қоюға арналған мензурка
- туберкулин шприці
-медициналық қалдықтарға арналған «А», «Б» сынып контейнерлері
- 70% этил спирті, лоток.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. -
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. -
Процедуралық столға қажетті құралдар мен дәрілік заттарды қойыңыз -
Ампуланың атауын, сақтау мерзімін, бүтіндігін, мөлдірлігін тексеріңіз
5. Пинцетпен 2 мақта шаригін алып, спиртке батырыңыз.
6. Ампуланың мойнын спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп, кескішпен кесіңіз
7. Ампуланың мойнын мақта шаригімен өзіңнен сыртқа қарай сындырыңыз
8. Ампуланың сынған басын қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
9.Асептика ережелерін сақтап отырып туберкулин шприцін ашыңыз
10. Туберкулині бар ампуланы алып, шприцке 0,1 мл (2 ТЕ) сорғызып алыңыз.
11. Шприцті стерильді орамасына қайта салып, лотокқа қойыңыз
12. Пинцетпен қолыңа 2 мақта шаригін алып, спиртке батырыңыз
13. Бірінші мақта шаригімен баланың білегінің ішкі бетінің терісін қең аумағын сүртіңіз, екіншісімен инъекция жасайтын орынын сүртіңіз (білектің ортаңғы 1\3 бөлігі).
14.Шприцті орамадан шығарып алыңыз
15. Сол қолыңмен білектің терісін астынан тартыңыз.
16. Шприцтің инесін қиығын үстіне қаратып, 10-15 градус бұрышпен тері ішіне енгізіңіз (лимон қабықшасы тәрізді папула пайда болуы керек).
17.Инені шығарыңыз. Инъекция жасаған жерді спиртпен сүртпеңіз.
18.Туберкулин шприцін қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
19.Резенке қолғапты шешіп, қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
20. Анасына 72 сағаттан (3 күн) кейін келуін айтып, келесі кеңестерді түсіндіріңіз:
-инъекция жасаған жерді сулауға болмайды
- инъекция жасаған жерді қасуға болмайды
-синтетикадан жасалған ұзын жеңді киім кимеу
-3 күнге дейін аллергенді рационнан аулақ болу
Есте сақта!
Манту сынамасының нәтижесі пластмассадан жасалған мөлдір сызғышпен өлшенеді.
Нәтижесі баланың 112\у және 063\у формаларына жазылады
Манту сынамасы нәтижесі:
Жұп жылдары- оң жақ білекке жасалады.
Тақ жылдары- солжақ білекке жасалады.
1. Манту сынамасының реакциясы:
1) теріс - инфильтраттың (папулдар) немесе гиперемияның толық жоқтығы және шаншу реакциясы бар болған кезінде (0-1 мм);
2) күдікті - инфильтратта көлемі 2-4 мм немесе тек инфильтратсыз кез келген көлемдегі гиперемия кезінде;
3) оң - 5 мм және одан да астам диаметрмен инфильтраты болған кезде –(нормергия);
4)Гиперергиялық-
0-14 жастағы балаларда- 15 мм және одан жоғары диаметрмен;
15-17 жастағы балаларда -17 мм және одан жоғары,
Ересектерде - 21 мм және одан жоғары диаметрмен инфильтрат,
Барлық бөртпе-некроздық реакция, лимфангоитпен немесе инфильтраттың көлемінен тәуелсіз.
Егер балада 2, 3, 4 реакциялар болса фтизиатрдің кеңесіне жіберіледі.
Қатерлі топтағы балалар:
-
Әлеуметтік нашар жанұя балалары (ата-анасы маскүнем, нашақар) -
Амбулаторлы, ауруханалық емделудегібалалар, егер 2 аптадан ұзақ жөтелсе, түнде тершеңдік, тәбетінің нашарлауы, салмағының азаюы байқалса; -
Лимфа түйіндері ұлғайған балалар;
БЦЖ вакцинасын егу техникасы
Мақсаты: туберкулездің алдын-алу.
Ресурстар: залалсыздандырылған мақта шариктер,пинцет,резеңке қолғап,БЦЖ вакцинасы ерткішімен,ампуланы қоюға арналған мензурка қара қағаздан жасалған конус,екі шприц,бір туберкулин және 2 гр арнайы вакцина шприці,шприц тастайтын контейнер,дез ертіндісі бар ыдыс,70%этил спирті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Анасына жасалып жатқан процедураны түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.
2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
3. Вакцинасы мен еріткіші бар ампулаларды қорабынан алып, түсін, сақталу мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз.
4. БЦЖ вакцинасы бар флаконның метал, резин қақпақтарын және еріткіші бар ампуланың мойнын спиртке малыныған мақта шаригімен өңдеңіз.
5.Мақта шаригімен ампуланың мойнын кескішпен кесіңіз, сыртқа қарай сындырыңыз.
6. Пайдаланған мақта шариктерін контейнерге тастаңыз.
7.Асептика ережелерін сақтап отырып, 2гр шприцті ашып, инесін канюласына бекітіңіз, иненін қалпағын алыңыз.
8.Ампулағы еріткішті 2,0 шприцке сорғызып алыңыз, ампуланы контейнерге тастаңыз.
9.Вакцинасы бар флаконды алып, 2,0 шприцтегі еріткішті флаконның қабырғасымен жайлап жіберіңіз,қайта сорғызып, қайта жіберу арқылы вакцинаны араластырыңыз.
10.2гр шприцті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
11.Асептика ережелерін сақтап отырып туберкулин шприцін ашыңыз.
12.Флакондағы вакцинаны туберкулиншприціне 0,2 мл сорғызып алыңыз.
13.Қалған вакцинаны бетін қара қағаздан жасалған ыдысқа салып, бетін жабыңыз.
14.Шприцтегі ауаны стерильді мақта шаригіне шығарып, шприцте 0,1 мл вакцина қалдыңыз, мақта шаригін контейнерге тастаңыз.
15.Шприцті стерильді лотокқа салыңыз.
17. Стерильді 2 мақта шаригін алып, спиртке малыңыз.
18.Сол қардың ортаңғы 1/3 бөлігін спиртке малынған мақта шаригімен бірінші кең аумақты, сосын инъекция орынынын өңдеңіз.
19. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен қардың астыңғы жағынан инъекция орынының терісін тартыңыз.
20.Шприцтің инесін қиығымен үстіне қаратып, тері ішіне 10-15º-та енгізіңіз, вакцина енгізілген орында 5-6 мм лимон қабығы тәрізді папула пайда болады. Ол 15-20 минуттан кейін кетіп қалады.
21.Инені шығарыңыз. Инфекция жасаған жерді спиртпен сүртуге болмайды.
22.Туберкулин шприцін қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз.
23.Қолғабыңды шешіңіз, қолыңызды жуыңыз.
24. Вакцинация туралы мәліметтерді профилактикалық екпелер журналына-064/е нысанына, баланың даму тарихы- 112/е нысанға, профилактикалық екпелер картасы - 063/е нысанға жазыңыз.
Нәтижесінде 1,3, 6, 12 айдан кейін дәрігермен мейірбике қарап ф №112 баланың даму тарихы және Ф №063 алдын-ала егу картасына, 064 жергілікті реакцияны папула тығыздалумен, пустула бөлініс бөлінуімен, қабықша түзу, тыртық, пигментация түзіледі деп қорытындысын жазу керек.
6 айда мөлшері 2 мм-ден жоғары тыртық пайда болуы керек. Егер 2 мм-ден аз болса нәтижесіз тыртық деп бағаланып, үстеме вакцинация жасалады. Үстеме вакцинация Манту сынамасы теріс нәтижелі болғанда жасалады.