Файл: 9 сынып оу сауаттылы Бала би артайан шаында еліні игі жасылытарымен кеесіп отырып Жерден ауырне, судан тере не, оттан ысты не, кктен биік не.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 95

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


А)жолы болу В) соққыға жығу С) от жағу Д) өркендеу Е) насихаттау

4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз

А) адамгершілік В) өркен жаю С) дами алады Д) кемелдену Е) үйреткен

Жауап кілті: 1-в. 2-а. 3-а. 4-д

Төле би

Төле би беріде, елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:

- Мынау балаиды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, -дейді. Екінші әйелтұрып:

- Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр, - дейді. Төле би екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып калады. Содан кейін:

- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыздар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:

- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, өзімізде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел:

- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! –деп безек қағады. Содан барып Төле би:

- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады.

1. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

А) менмендік туралы В) өзімшілдік туралы С) өшпенділік туралы

Д) балалы үй базар Е) бала адамның бауыр еті

2. «Безек қағады» тіркесі қай мағынада қолданылған?

А) қобалжу В) абыржу С) жалыну Д) таңғалу Е) сескену

3. әйелдікі сөзіндегі қосымша түрі

А) зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ В) буын үндестігіне бағынбайтын қосымша

С) сын есімнен етістік тудырушы жұрнақ Д) сөз түрлендіруші жұрнақ

Е) етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ

4. Мәтін немен аяқталды?

А) Жоғалтқан әйел өз баласын алды В) тапқан әйел алды баланы

С) Төле би алды баланы Д) бала ешкімге бұйырмады Е) баланы әкесі алды

Жауап кілті: 1-Е. 2-В. 3-В. 4-В.5-