Файл: Білім мен ылымны дамуы блімі бойынша жиынты баалау. Таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖББ 4тоқсан Қазақстан тарихы 11 сынып

« Білім мен ғылымның дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.

Тақырып: Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы

XIX - ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы оқу орындарының қызметі

Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары

Оқу мақсаты:

11.4.1.2 ғылымның дамуына Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың қосқан

үлесін зерттеу

11.4.2.3 XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағында оқу орындардың

дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты анықтау;

11.4.2.6 Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесін реформалауды талдау,

жетістіктері мен қайшылықтарын анықтау

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ғылымның дамуына ортағасырлық ғалымдардың қосқан

үлесін зерттейді.

XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы оқу орындардың

өзгерістер мен сабақтастығын анықтайды.

Кеңестік білім беру жүйесін реформаларының жетістіктері мен қайшылықтарын

анықтайды.

Оқу дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

20 минут
Тапсырмалар:
1. Ортағасырлық ғалымдар Әл-Фараби,Махмұт Қашғари,Жүсіп Баласағұнидің ғылым саласына қосқан үлесін зерттеңіз.

2. «XIX-XX ғғ Қазақстандағы оқу орындарының көптеп ашылуы қазақ халқының өміріне өзгерістер әкелді» тұжырымын ПТМС формуласына салыңыз.
Позиция.Менің ойымша,оқу орындары ашылғаннан кейін ,мынадай.... өзгерістер болды.

Түсіндіру. Себебі .....

Мысал. Мынадай мысал.... келтіре аламын.

Салдары: .....қорытынды жасаймын.
3. Кеңестік білім беру жүйесін реформаларының жетістіктері мен қайшылықтарын анықтаңыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ғылымның дамуына ортағасырлық ғалымдардың қосқан

үлесін зерттейді.


1

Әл-Фарабидің философия ғылым саласына қосқан үлесін зерттейді.

1

МахмұтҚашғаридің тіл білімі ғылым саласына қосқан үлесін зерттейді.

1

Жүсіп Баласағұнидің философия ғылым саласына қосқан үлесін зерттейді.

1

XIX-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы оқу орындардың

өзгерістер мен сабақтастығын анықтайды.


2

XIX-XX ғғ Қазақстандағы оқу орындарының көптеп ашылуы қазақ халқының өміріне әкелген өзгерістерді көрсетеді.

1

Оқу орындарының көптеп ашылу себебін түсіндіреді

1

Оқу орындарына мысал келтіреді.

1

Қорытынды жасайды.

1

Кеңестік білім беру жүйесін реформаларының жетістіктері мен қайшылықтарын

анықтайды.


3

Кеңестік білім беру жүйесін реформаларының жетістіктері анықтайды.

1

Кеңестік білім беру жүйесін реформаларының қайшылықтарын анықтайды.

1

Қорытынды ой жасайды.

1

Жалпы балл

10


Жауаптары:

1.Оқулық Қазақстан тарихы 11 кл 2 бөлім Атамұра 2020 жыл 94-97 беттер.

2.Оқулық Қазақстан тарихы 11 кл 2 бөлім Атамұра 2020 жыл 111-119 беттер.

3 .Оқулық Қазақстан тарихы 11 кл 2 бөлім Атамұра 2020 жыл 121-129 беттер.