Файл: 1тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары Кинематика блімі бойынша жиынты баалау іі нса.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 68

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалауІІ нұсқа

Оқу мақсаттары

9.2.1.1-материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану;

9.2.1.3-вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу;

9.2.1.5-түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану;

9.2.1.13-дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау.


Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Материялық нүкте анықтамасын қолданады;

  • Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді;

  • Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады;

  • Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды.




Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут
Тапсырмалар:

  1. Дұрыс сәйкестікті анықтаңыз.

1. Кинематика




  1. Бір дене бір мезгілде екінші денеге қатысты қозғалыста болуы, ал екінші денелерге қатысты тыныштық күйде болуы

3. Санақ денесі




  1. Денелердің қозғалысын оның себептерін ескермей қарастыратын механиканың бір бөлімі.

4. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы




  1. Қозғалыстағы дене салыстырмалы түрде қарастырылатын денені айтамыз
_______________________________________________________________________________ [3]

  1. ___________________________ - вектор басының проекция нүктесін вектор ұшының проекция нүктесіне қосатын кесінді.
[1]

  1. Теплоход өзен ағысымен 30 км/сағ жылдамдықпен, ал ағысқа қарсы 24 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.


  1. өзен ағысының жылдамдығын анықтаңыз.
[1](b) теплоходтың жылдамдығын есептеңіз.[1]

  1. Суретте жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графикті пайдалана отырып:

  1. Қозғалыс түрін анықтаңыз.
[1]

  1. Дененің бастапқы жылдамдығын табыңыз.
[1](b) Дененің үдеуін есептеңіз.[1](c) Жылдамдықтың теңдеуін жазыңыз.[1]

  1. Жіпке ілінген жүктің айналу периоды 4 с. Жүк радиусы 80 см шеңбер бойымен айналады.

  1. Жүктің бұрыштық жылдамдығын есептеңіз.
[1]

  1. Жүктің сызықтық жылдамдығын анықтаңыз.
[1]

  1. Жүктің айналу жиілігін табыңыз.
[1]

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Материялық нүкте анықтамасын қолданады;

1

кинематика анықтамасын табады;

1

санақ денесі анықтамасын табады;

1

механикалық қозғалыс салыстырмалылығының анықтамасын табады;

1

Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді;

2

анықтама бойынша физикалық шаманы табады;

1

Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады;

3

өзен ағысы жылдамдығын анықтайды;

1

теплоходтың жылдамдығын есептейді;

1

4

қозғалыс түрін анықтайды;

1

дененің бастапқы жылдамдығын табады;

1

дененің үдеуін есептейді;

1

жылдамдықтың теңдеуін жазады;

1

Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды

5

жүктің бұрыштық жылдамдығын есептейді;

1

жүктің сызықтық жылдамдығын анықтайды;

1

жүктің айналу жиілігін табады.

1

Жалпы ұпай

13