Файл: Атбе аласындаы 13 орта мектебі кмм.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақтөбе

Ақтөбе қаласындағы

«№13 орта мектебі» КММ

Педагогтің аты-жөні

Берік Ақмарал Берікқызы

Пән:

Қазақ тілі

Күні:

06.05.2021ж.

Сынып: 5

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың тұңғыш жиһанкезі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5 Т/А4 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5 ӘТН4.4 Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп,тірек сөздерді тауып,мәтіндегі ойға қатысты берілген сұрақтарға ойларын тұжырымдап жауап бере алады.Сан есімдерді мағынасына қарай ажыратып, зат есімнің орнына қолданады.

Оқушылардың көбісі: мәтінде айтылған негізгі ойға өзіндік ой-пікірлерін қосып, сан есімдерді кіріктіріп, хронологиялық кесте, жалғасқан шеңберлерді толтырып,сурет бойынша әңгіме құрап, мақал- мәтелдер жаза алады.

Кейбір оқушылар: тыңдалым мәтіні мен ресурстарды пайдаланып, ойтолғау жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

10минут

«Терминдер болжауы» әдісі арқылы топқа бөлемін.

Жиһанкез саяхатшы зерттеуші

   

Ақын-жазушылар суреттерін көрсетіп, осы сөздердің қайсысына қатыстылығын анықтап.тақырыпты болжатамын.

Тыңдалым алдындағы тапсырма

«Допты қағып ал» әдісі

Шоқан кім?

Ол туралы қандай шығармалар оқыдың?

Шоқан туралы қандай фильмдер көрдің?

Саяхатқа барған жерлерін білесің бе?


Психологиялық ахуалға берілген психологиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару

Смайлик арқылы





Ортасы

20минут


 Жеке жұмыс. Әдіс: «Түртіп алу»

Тыңдалым кезіндегі тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Бала Шоқанның бойында болашақ саяхатшыға қажетті қандай қабілеттер барын анықта. Сан есімдер мен тірек сөздерді жаз.
Сан есімдер:1835жыл,1847 жыл, 12 жас
Тірек сөздер: Жиһанкез, саяхатшы, жазушы, сан есім,аңыз, сұлтан әулеті, араб, парсы, шағатай тілдері, топограф,геодизист, кадет корпусы

Жұптық жұмыс. Әдіс: «Сұрақтар жаңбыры»

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
1.Мәтінде Шоқанның бойындағы қай қасиеті ерекше көрсетілген?

.Шоқанның білімге құштар болуына әсер еткен қандай жағдайлар деп ойлайсың?

3.Шоқан қай тілдерді меңгерген? Сен үшін көп тіл білудің маңызы бар ма?

4. Орыс достары Шоқанды қалай бағалады?

5.Мәтінде қандай термин сөздерді кездестірдің?

6.Шоқанға жиһанкез аты неліктен берілді деп ойлайсың?
Топтық жұмыс «Саяхатшы қоржыны»

Тапсырмалар таңдатамын.

«Айналмалы бекет» әдісі

Сан есімдер қатысқан мақал- мәтелдер жазып, мағыналарына ажырату, зат есімнің орнына қолданып тұрған сан есімдерді атау
Мысалы: Алтау ала болса ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса төбедегі келеді

2.Хронологиялық кесте толтыру

жылдар

оқиғалар








Мәтінде кездескен сан есімдерді оқиғалармен байланыстырып жазу

3. «Жалғасқан шеңберлер» құру

     

Мәтін бойынша, қосымша материалдар бойынша Шоқан туралы білетіндерін шеңберлерге толтырып жазу

4. «Қазақ отбасындағы әже тәрбиесі»

Сурет бойынша және мәтіндегі тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрау

Ширату жаттығуы «Ленталы шеңбер» 2 минут

Тақырыпқа қатысты сөздерден тізбек құратамын.




Сұрақтарға жауап береді


Топтық тапсырмаларды орындайды

Кесте толтырады


Бағалау парақшасы «Дескриптор»

 


«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» 

Электрон

ды оқулық

Дескрип

тор парақ

шалары



Соңы

7 минут

Шығармашылық тапсырма «Зердеге тоқу» әдісі
«Егер мен жиһанкез болсам» тақырыбында ойтолғау жазуға беремін.

Оқушылардың барлығына да жазуға беремін. Жазу барысында оқушыларға қолдау көрсетемін.

Дескриптор

1.Мәтінді мұқият тыңдап, өз ойларын жинақтап, сұрақтарға дұрыс жауап берді.

2.Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратты.

3.Ресурстардан қажетті мәліметтерді пайдаланып, сан есімді қатыстырып,әр түрлі шығармашылық жұмыстарды орындай алды.



Ойтолғау жазады

ҚБ «Бағдаршам»



Топтық тапсырмалар


Кері байланыс

3 минут

«ПОПС» формуласы әдісі
Бірінші сөйлем Менің ойымша...»

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны ... деп түсіндіремін.

Үшінші сөйлем «Оны мен... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын»

Соңғы сөйлем « Осыған байланысты мен... шешімге келдім»


Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі




Кері байланыс тақтайшасы