Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан азастан тарихы пнінен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 147

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан – Ұлы Дала мұрагері: тарихи және этникалық сабақтастық. «Қазақ» этнонимі. Қазақ халқының біртұтас халық болып қалыптасу үдерісінің аяқталуы.

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы . Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу алғышарттары. Қазақ хандығының құрылуы (территория, халықтың этникалық құрамы). Мемлекеттің негізін салушылар – Жәнібек пен Керей. М.Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі – Қазақ хандығы ерте тарихының құнды дерегі. Қазақ хандығының алғашқы жылдар қалыптасуындағы ішкі және сыртқы саясаты. Біртұтас қазақ мемлекеті қалыптасуының тарихи маңызы.

Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы. Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы. Хақназар хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының одан әрі нығаюы мен саяси өркендеуі. Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясаты. Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты. Жәңгір хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан. Тауке ханның билігі. «Жеті жарғы». Қазақтың ұлы билері. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы. Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясы.

XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет. Қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет. Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: егіншілік, мал шаруашылығы;

3) 7- сынып:

XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. Жоңғар мемлекеті. Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманы. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар – қазақ жасағының құрылуы. Аңырақай шайқасы. Отан қорғаушы батырлар. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары.

XVIII ғасырдың І-ші жартысындағы Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. XVIII ғасырдың басындағы Ресей империясының назарындағы Қазақстан (саяси және экономикалық мақсаттар, әскери-барлау экспедициялары, алғашқы әскери бекіністердің салынуы). Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы: себептері мен мақсаттары. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың асқынуы. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: ішкі және сыртқы саясаты.

XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. XVІII ғасыр ақын-жыраулардың шығармашылығы. XVІII ғасыр тарихы бойынша қазақ деректері. Қазақтардың қолданбалы өнері.

Отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, қозғалыстың қозғаушы күші, кезеңдері мен барысы, нәтижелері). 1822-1824 жылдардағы патша реформалары (Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы). 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі (себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары). XIX ғасырдың І- жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Касымов бастаған көтеріліс). Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, мақсаттары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері). Кенесары Қасымұлы: тұлға және саясаткер. Жанхожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (себептері, көтеріліс барысы). Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. ХVІІІ ғасырдың соңы – XIX ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы.


Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың -жартысындағы Қазақстандағы патшалық реформалар. 1867-1868 жылдардағы реформалар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық және қоныстандыру саясаты. 1860-1870 жылдардағы ұлт-азаттық күрес (себептері мен көтеріліс барысы). ХIХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. ХIХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар: мазмұны мен салдарлары. Сауда қатынастарының дамуы. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Дәстүрлі қазақ қоғамының трансформациясы. XIX ғасырдың ІІ жартысындағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуы.

XIХ ғасыр – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті. XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің ағартушылық қызметі. Қазақстанның ғылыми зерттелуі (Пётр Петрович Семенов-Тянь-Шанский, Григорий Николаевич Потанин, Василий Васильевич Радлов, Мұса Шорманов, Мұхамед-Салық Бабаджанов, Әубәкір Ахметжанұлы Диваев). Зайырлы және діни білім беру мекемелері. Жадиттік және білім берудегі жаңашылдық. Шоқан Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы. Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері.  Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ музыкалық мәдениетінің дамуы (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы). Әйгілі суретшілер шығармашылығындағы ұлттық контекст. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және Халидтің тарихи еңбектері;

4) 8- сынып:

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы). 1917 жылғы революциялар. «Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері.

Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы. Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. «Үш Жүз» қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының «Алаш-Орда» үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым-қатынасы. «Әскери коммунизм саясаты». 1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасының құрылуы. Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы территориясының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтіруде қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты.



Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). «Кіші Қазан» (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығында күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдарлары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың («Бесеудің хаты») қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан территориясындағы кеңестік «еңбек түзеу» концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир және тағы басқалар).

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым . Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшу, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А.Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». Жоғары оқу орындарының ашылуы.

КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Б.Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және тағы басқалар шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Соцреализм.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы соғыс жылдарында (10 сағат). Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары. Б.Момышұлы – аңызға айналған тұлға. Қазақстан – майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің жетістіктері (М.Әуезов, Ж.Жабаев, Д.Снегин, И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино);

5) 9- сынып:

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. «Бекмаханов ісі».


Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда «Хрущевтік кезеңдегі» өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарлары). Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен («Байқоңыр» ғарыш айлағы). «Жылымық кезеңі». 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір.

Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985- жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев, Ж.Тәшенов).

Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985-жылдар.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы (Ә.Нұрпеиісов, Б.Момышұлы, І.Есенберлин, О.Сүлейменов, М.Шаханов және тағы басқалар). Өнер (театр, кино).

Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). «Қайта құру» жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама-қайшылықтары. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдарлары). 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына қатысты жазалау шаралары. «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация» (1990 жылғы қазан). Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы (1991 жылғы «Тамыз бүлігі»). КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонның жабылуы. «Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының» қабылдануы.

Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1997 жылдар).

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңы қабылдануының тарихи маңызы. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы.

Қазақстан Республикасының өрлеуі (1997 жылдан бастап қазіргі заманға дейін). Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен стратегиялары. «Қазақстан – 2030» стратегиясының қабылдануы. Қазақстан Республикасының халықаралық сахнадағы беделінің өсуі. Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы. Қазақстанның ЕҚЫҰ және ИЫҰ-на төрағалық етуі. Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайы. Астана – Қазақстан Республикасының жаңа ордасы. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. «5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлттық жоспары –
қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап. Ұлт көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті құрудағы және дамытудағы рөлі.

Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін). Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы. Инновациялық ғылыми-білім беру мекемелерінің құрылуы. Этносаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтап қалу мәселелері. Қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденциялары. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясы.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

35. Оқу мақсаттарының жүйесіне оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан - оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 7.2.1.2 кодировкасында: «7» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше, «2» – оқу мақсатының реттік саны.

1) әлеуметтік қатынастардың дамуы:

Білім алушылар...

Бөлімше

5- сынып

шамамен

1 миллион жыл бұрын –Vғасыр

6- сынып

VI – XVII ғасырлар

7- сынып

XVIII – XIX ғасырлар

8- сынып

XX ғасырдың

І- жартысы

9- сынып

XX ғасырдың ІІ жартысынан бүгінгі күнге дейін

1.1 Этника

лық қатынас

тар

5.1.1.1 алғашқы адамдар

дың антрополо

гиялық белгілерін сипаттау

6.1.1.1

түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсету

7.1.1.1

жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру

8.1.1.1 демогра

фиялық өзгерістер

дің себептері мен салдарын анықтау

9.1.1.1 демография

лық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау

5.1.1.2 Ежелгі Қазақстан адамдарының антропологиялық тұрпатын анықтау

6.1.1.2

XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау

7.1.1.2

Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау




9.1.1.2

өткен тарихи кезеңдермен сабақтастық

ты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демография

лық процестерге баға беру

5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағытта

рын тарихи картадан көрсету

6.1.1.3

ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқының қалыптасуында

ғы негізгі кезеңдерді анықтау







9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясын дағы демография лық саясаттың бағыттарын талдау







6.1.1.4 «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру










1.2 Әлеумет

тік қатынас

тар

5.1.2.1 алғашқы адамдар

дың тұрмыс-тіршілігін шығарма

шылық түрде көрсету

6.1.2.1

Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау

7.1.2.1

дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау


8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

9.1.2.1

қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистика

лық мәліметтер негізінде талдау

5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшелік

терін түсіндіру




7.1.2.2

қазақ зиялыларының қалыптасуы

ның маңыздылығын түсіндіру

8.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау