Файл: Реферат Орындаан Шынбрі .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Реферат

Орындаған: Шынбөрі Ғ

Тобы ЖМ16-019-02

Қабылдаған: Акбота Келесовна

Тырысқақ ерекше өзіндік гастроэнтеритпен немесе энтеритпен, жалпы интоксикациямен, су-түз алмасуының бұзылыстарымен организмнің сусызданып, жүрек қан-тамырлар қызметінің қарқынды төмендеуімен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Басқа ЖІИ-дан ағымының ауырлығымен, өлімнің жоғарлығымен, қысқа мерзім ішінде кең аймақтағы тұрғындардың үлкен континентін залалдау қасиетімен ерекшеленеді.

Осы ерекшеліктеріне қарай тырысқақгы аса қауіпті инфекциялар қатарына жатқызады.

Әлемде тырысқақтың 7 пандемиясы белгілі. Бұрынғы ЕСЕР территориясында Эль-Тор тырысқағы 1968 жылы Қарақалпақстан мен Өзбекстанның Хорезм облысына, ал 1970 жылы Одесса, Астрахань, Керчке енген болатын.

1922-1993 жылдары Эль-Тор тырысқағымен аурушылдықтың жаңа көтерілісі РФ территориясында (Дағыстан, Калмыгия, Ростов облысы т.б) байқалды.

1993 жылы холера Оңтүстік Қазақстан аймақтарында тіркелді.

Тырысқақ бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдай қазіргі күнде де Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде сақталуда. Бізде Қазақстан Республикасындағы аурушыдцық көрсеткіштері: 1997 жылы — н/д, 1998 ж. — 3/0; 1999 жылы — 0; 2000 ж. — 1, 2001 ж. — 32, осының ішінде — 5 бала.

Этиологиясы. Ауру вибрионның екі түрімен шақырылады: Vіbгіо сһоlеrае және Vіbгіо еltоr. Біріншісін 1884 жылы Р.Кох ашқан, екіншісі Ғ.Gоtsсһlісһ Эль-Тор-да табылған. Марфологиялық қасиеттеріне қарай Эль-Тор биовары классикалық түрінен ерекшелігі жоқ. Екі қоздырғышта грамша теріс, орталарда жақсы өседі.

Тырысқақ вибриондары экзотоксин (холероген) түзеді, бастапқы синдромда диареяны пайда болдырады.

Қоздырғыш қыздырғанда және залалсыздандырушы ерітінділердің әсеріне сезімтал, төмен температураларда өмір сүру қабілеті 1-2 айға сақталады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзіне ауру адам және сау вибри-отасымалдаушы жатады. Залалдану механизмі фекальды-оральды, ол су, тамақ және тұрмыстық кдтынас жолдарымен тарайды.

Патогенезі. Залалдану ауыз арқылы заладданған су немесе тамақ қабылдаған кезде жүреді. Тырыскақ виброндары су және тамақпен асқазанға түскен соң, асқазандағы қышқылды ортада өледі, дегенмен, микробтардың бір қатары ішекке өтеді де, сонда көбейіп, экзотоксин бөледі. Экзотоксин әсерінен шырышты қабат клеткалары кеп мөлшерде изотопиялық сұйықтық беле бастайды. Ал ішектән бөлінген сұйықтық мөлшері тоқ ішек сора алатын мүмкіндігінен асып кетеді де, нәтижеде профузды изотопиялық диарея пайда болады.


Тырысқақтың токсиннің адам организміне әсер ету нәтижесінде құсу, іш өту, іштің кебуі, организмнің сусыздану мен түзсыздануы болады.

Ең көп мөлшерде натрий, калий, бикорбанаттар және хлор иондары жоғалады. Мол құсу және іш өту айналымындағы қан көлемін (ОЦК — АҚК) күрт төмендетеді. Қан айналымындағы тапшылықтың орнын толтыру үшін клетка аралық және клетка ішілік кеңістіктегі су және түздар қан тамырлар жүйесіне өте бастайды.

Қанның қоюлануы, бір жағынан, қанның тамырлар бойымен баяу қозғалуын зат алмасуының клеткалық деңгейдегі бұзылыстарына әкеледі.

Миокардтың жиырылу қызметі, ми және бүйрек қызметтері бұзылады. Зат алмасудың қышқылды өнімдерінің көбеюі және негіздердің жетіспеушілігі компенсацияланған ацидозға әкеледі. Ацидоз және гипоксия рефлекторлы гипервентиляцияны шақырады — оның тереңдеуі гипокапнияға әкеледі. Гомеостаз бұзылыстарының бұл тізбегін регидрациялық ем жүргізумен бұзуға болады.

Клиникасы. Тырысқақтың инкубациялық кезеңін 1-2-5 күн құрайды. Тырысқақ вибрионымен залалданғанда әр түрлі клиникалық керініс болады — сау вибриотасымалдаушыдан алгидке дейін. Тырысқақ кенеттән профузды іш өтуден басталады. Сирек кездерде әлсіреуден, тәбетінің төмендеуінен, бас айналудан, іштің құрылдауынан басталады. Тырысқаққа нәжістің жағымсыз иісі болмайды, ол бетінде үлпегі жүзіп жүрген сулы сұйықтық — «күріш қай-натпасына» ұқсайды. Сирек нәжістің түсі не сары, не қоңыр, не қызылда болады.

Алдымен дәрсті жиі емес нәжістік сипаты мен иісі сақталған, ал кейін ботқа тәріздес, соңында су сияқты болады. Осы уақыттан бастап нәжісі үздіксіз және еріксіз жүреді іш өтуінде ауру сезімі мен тенезмалар болмайды немесе болса да өте айқын емесе. Соңыра іш өтуге құсық қосылады, құсу жүрегі айнуынсыз болады. Алдымен құсықта тамақ қалдықтары болады, кейін ол өт қосындысы бар сулы сүйыкқа айналады.

Зәр бөлу күрт төмендейді. Олигоурия анурияға өтеді.

Дене салмағының 8-10% құрайтын сұйық жоғалғанда және натрий хлоридімен, калий жоғала беретін болса, Науқаста алгид дамиды. Ол артериалды қысымның төмендеп жоғалуымен, әлсіз жиіленген тамыр соғуымен, күшті ентігуімен терісінің цианозымен, аяқ-қолдың топикалық құрысуымен, шайHAV бұлшық еттерінің құрысуымен олиго-ануриямен сипатталады. Бет сызықгары үшкірленген, көзі мен ұрты түсіп кеткен, тілі құрғақ, ауыз шырышты қабаты құрғаған дауысы қырылдаған не болмаса афония. Дене температурасы төмен. Терісі салқын тургәр төмендеген, тері қатпарлары жазьшмайды. Қол бас және табан саусақгары әжімделген, кір жуушы қолы секілді.



Қышқылды — сілтілі орта — ҚСО (КЩС) бұзылған, метаболикалық ацидозбен гипокапниямен және тыныстық алкалозбен сипатталады.

Қанда — гипокапния, гипонатриемия, гипохлоремия.

Жіктелуі

Тырысқақта типтік және атиптік түрлерін ажыратады. Типтік түрлері токсикоз және эксикоз айқындьшығының дәрежесіне қарай жеңіл, орташа және ауыр ауырлықта деп бөлінеді.

Тырысқақтың жеңіл түрінде сусызданудың I дәрежесі дамиды (дене салмағының 3-5% жоғалады). Аурудың басталуы біртіндеп, нәжісі алдымен ботқа тәрізді тәулігіне 2-3 ретке дейін, құсық 1-2-3 рет болуы мүмкін. Тері ылғалдылығы қалыпты, ауыз қуысының шырышты қабаты құрғақтау, шөлдеуі орташа. Ауру ұзақтығы 1-3 күн.

Тырысқақтың орташа түріндегі эксикоздың II дәрежесінің белгілері болады (дене салмағының 6-8% жоғалады). Басталуы кенеттән, профузды іш өтуі 10-15 рет, құсық 2-3 рет. Дәретінің нәжістік сипаты болмайды. Құсық қосылғаннан бастап сусыздану тез өршиді. Әлсіздік, бас айналу, ауыздың құрғауы қатты шөлдеу дауысының қарлығуы, бұлшық еттердің құрысып дірілдеуі байқалады. Бет әлпеті үшкірленген. Ауру орташа айтқанда 5-7 күнге созылады.

Тырысқақтың ауыр түрі токсикозбен сусызданудың III дәрежесінің дамуымен, дене салмағының 8-10% дефицитімен сипатталады. Басталуы жедел, нәжісі көп мөлшерде, жиі, түрі күріш қайнатпасы секілді, көп мөлшерде құсық, шөлдеу, аяқ-қол және шайHAV бұлшық еттерінің құрысуы өте қатты күшсіздену, бет әлпеті үшкірленген, терісі құрғақ, еріндері, шырышты қабаттары құрғақ, дауысы қарлыққаи афонияға дейін, тахикардия, гипотопия, тері цианозы, дене температурасы қалыптан төмен. Сусыздану мен электролитсік жетісисуіпілік әрі қарай дамитын болса, ауру сусыз-данудың IV дәрежесіне-тырысқақ алгидке өтеді.

Алгидті жағдай дене салмағының 10-12% кезінде дамиды, эскикоздың III дәрежесіндегі белгілері болады бірақ өте айқындау: гипотермия, құрысулы синдром, тері жабындыларының жайылымды цианозы, шырышты қабаттарының құрғақгығы, афония, жұғу актінің қиындауы, токсикалық тыныс алуы, анурия, АҚ-ң төмендеуі, сопорлық немесе комалық жағдай.

Тырысқақтың атиптік түрлеріне гипертоксикалық не болмаса құрғақ тырысқақ деп аталады, сондай-ақ көмескі және субклиникалық түрлері жатады.

Тырысқақтың гипертоксикалық түрі күрт жедел басталуымен, өте қатты токсикозбен, өлімнің диареямен құсыққа дейін дамуымен сипатталады.


Тырысқақтың көмескі түрінде диареялық синдром айқын емес және ағымы абортивті, жүрек айнуы, құсуы тәулігіне 1-2 рет және ауру сезімі эпигастралды аумақта болады.

Субклиникалық түрінде клиникалық симптомдары болмайды, бірақ қанда антиденелердің титрлері өседі. Тырысқақтың ағымы әр қашан жедел болады.

Тырысқақтың ерте жастағы балалардың ағымының ерекшеліктері.

Тырысқақ ерте жастағы балаларда жедел дене қызуының көтерілуінен (38-39°С), профузды диареямен тоқтатылмас молдап құсудан, улану белгілерден және сусызданудың үдеюінен, орталық жүйке жүйесінің және жүрек, қан тамырлар жүйесінің зақымдануынан басталады; бұлшық еттер құрысулары клиникалық сипатқа ие, есі — адинамияға, сопорға немесе комаға дейін бұзылған. Ерте жастағы балаларда жеңіл және орташа ауырлықта да тырысқақ өтуі мүмкін. Тіпті нәрестелерде де тасымалдаушылықгы да кездеседі.

Аурудың ағымы ауыр, ол ерте жастағы балалардың су түз алмасу бұзылыстарына ерекше сезімталдығымен гомеостазды реттеудің компенсаторлы механизмдердің дұрыс жетілмеуіне байланысты. Тырысқақ диагнозы клиникалық көріністеріне, эпидемиологиялық мәліметтерге және лабораториялық зерттеулер негізінде қойылады.

Лабораториялық дигностиканың бактериологиялық әдісі шешуші маңызға ие. Серологиялық зерттсу Әдістері аглютинация реакциясы вибриоцидті анти денелерді табу реакциясы (ИФА) люминисценті — серологиялық әдіс және фагтың адсорбциялық реакциясы (ФАР) — диагностикалық қосымша әдістеріне жатады. Соңғы жылдары ПЦР әдісі қосылды.

Емі: Балаларда тырысқақты емдеу принципі тырысқақтың потогенезіне негізделген және Науқастың организмінің су — түз балансын қалыптастырупі бағытгалған. Ем екі кезеңге бөлінеді: Дене салмағының дефицитінің орнын толтыру және жоғалған су және түздың орнын толтыру. Бірінші кезеңде ем басталғанға дейінгі сұйықтар мен түз дефицитінің орны толтырылады. Салмақ дефицитін анықтауды мүмкіндік болмағанда, клиникалық көріністеріндегі де-гидратацияның дәрежесіне қарай ем жүргізіледі. Тырысқақты кезіндегі регидратациялық ем басқа ЖІИ кезіндегідей принциппен жүргізіледі.

Оралды регидратация жүргізгенде «регидрон және глюкосалан», ал парентералды регидратация кезінде — «квартасоль» және «дисоль» қолданылады. Бірақ ересек адамдарға қарағанда балаларда парентералды регидратацияда өз ерекшеліктері бар.

Айқын байқалатын сусыздану кезінде балаға салмағының 10% құрайтын сұйықтық енгізеді, екі жастан асқан балаларға модификацияланған стандартты № 1 ерітінді енгізіледі.Оның құрамында бір литр апирогенді су; 4,5 г NaС1; 4 г NaНСО
3; 1 г КСІ және 50 г глюкоза бар. Екі жасқа дейінгі балаларға, ісіктер және басқа да асқынулар болмас үшін стандартты ерітіндіні глюкозамен қосып енгізеді. Сусызданудың изотопикалық түрінде 1:2 қатынаспенен: сусыздану-дың түз жетіспеушілік түрінде 1:1 қатынаспен. Біріншілік регидратация 6-8 сағатқа созылады.

Алғашқы бірінші сағатта қажетті сұйықтықтың 20-30% енгізіп қалғанын 5-7 сағатқа бөліп енгізеді. 100-200 мл-ді ағызып енгізеді, содан соң тамшылатып минутына 20-30 тамшы енгізеді. Сусызданудың аур түрінде енгізу жылдамдығын жоғартады, минутына 50-60 тамшыға дейін. Натрийдің қажеттілігін осы ерітінділерді енгізгенде әдетте қанағаттанады. Бірақ осы құйылған сұйықтықтар К-дің орнын толықтыра алмайды. Сондықтан қосымша ерітінділер енгізу керек. Көк тамырға енгізгенен кейін, бала 5% глюкоза түріндегі таза суды ішуі керек. Жалпы берілетін сұйықтықтың мөлшері тәулігіне 400 мг/кг-нан аспау керек. Біріншілік регидратациядан кейін HAVқ-астардың жағдайы жақсарады: қан қысымы қалпына келеді, лабораториялық тексерулерде су — түз тепе-теңдігінің қалпына келетінін байқауға болады. Баланың салмағын қайта өлшеу керек, өлшегенде салмақ 10%-тән аспауы керек.

Емдеудің екінші бөлігінің мақсаты тепе-тәндікті сақтау. Ішілген сұйықтықтың көлемі асқазан ішек жолдары арқылы, тері, өкпе арқылы шыққан сұйықтықпен теңеледі. Құсу тоқгалғаннан кейін сұйық-тық ауыз арқылы көп мөлшерде енгізіледі, бірақ көк тамырға тамшылап енгізу іш өту тоқтағанша несеп шығару қалпына келгенше жүргізіле береді. Науқастың жалпы жағдайын байланысты ерітінділерді енгізу 2-3 күн, ксйде одан да көпке созылады.

Жалпы көк тамырға және ауызға енгізілетін сұйықтықгың орташа мөлшері тәулігіне 500-700мл/кг болуы тиіс. Инфузиялық ем кезінде әртүрлі реакциялар: қалтырау, ыстығы болады. Мұндай жағдайларда сұйықтықты енгізуді тоқтатпайды, баяулатады.Сонымен бірге пипольфенмен қосып промедол береді, жасына сәйкес димедрол, көріністер айқын болған кездерде-преднизолон беріледі. Үздіксіз регидратация кезінде болатын асқынулардың себебі сұйықтықты кеп және жылдам енгізудің салдарынан мидың ісінуіне бай-ланысты. Сирек жағдайларда гипергидратация кезінде болатын асқынулардың себебі сұйықтықты көп және жылдам енгізудің салда-рынан өкпенің ісінуі және басқа да жалпы ісінулер болуы мүмкін. Натрийді шамадан тыс көп енгізгенде гипернатриемия пайда болуы мүмкін. Тамырлар тонусы жоғарылап, тартынулардахикардия қалтырау пайда болады. Мұндай жағдайда натрийді беруді тоқтатып және плазмадағы натрий төмендегенше құрамында натрий жоқ ерітіндіні енгізу керек. Сонымен, регидртациялық ем қабылдап жатқан Науқасты үздіксіз бақылап отыру қажет, әр 4 сағат сайын салмағын өлшеп, қажет болған жағдайда плазманың меншікті салмағын анықтау керек.