Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44642

Скачиваний: 260

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

46

 

Оның  кернеуі  10—40  вольт  болғанда  терінің  эпидермисін 
жарып  өтеді.  Осыдан  220  вольт  электр  кернеуі  дененің 
кедергісін күрт төмендетеді. 

Электр  ағымының  денеден  өту  багыты.  Төменнен  жоғары 

қарай  өткен  тұрақты  электр  ағымы  жоғарыдан  төмен  қарай 
өткен  ағымнан  қауіптірек  болады.  Бұл  кезде  жүректің 
синустық  торабы  катодтың  қоздырғыш  әсерінде  болады  да, 
оның  ұшы  анодтық  қозуды  әлсірететін  әсерінде  болады. 
Осыдан  синустық  торабынан  шығатын  қозу  өткізгіштіктің 
үдемелі  бөгелуімен  түйіседі.  Бұл  электр  ағымы  өткенде 
жүйкелік 

қабылдағыштар 

(рецепторлар) 

мен 

өткізгіш 

талшықтар,  бұлшықеттер  мен  тегіс  салалы  ет  талшықтары 
және  бездік  тіндер  қатты  қоздырылады.  Осыдан  бұлшықеттер 
мен  тегіс  ет  талшықтары  тырысып  жиырылып  қалуынан  аяқ-
қолдың  буынынан  шығуы,  жіліншіктердің  сынуы,  дыбыс 
байламының  жиырылуы,  тыныс  алудың  тоқтауы,  еріксіз  дәрет 
бұзылуы 

және 

қан 

қысымының 

көтерілуі 

байқалады. 

Симпатикалық  жүйке  жүйесінің  қозуынан  катехоламиндердің 
(адреналин,  норадреналин)  қанға  көптеп  шығарылуы  болады. 
Бұдан  ішкі  ағзалар  мен  дене  мүшелерінің  қызметтері 
бұзылады. 

Электр  ағымының  бүліндіргіш  әсер  ету  жолдарында 

электрохимиялық  әсері  маңызды  орын  алады.  Электр  ағымы 
теріден 

өтіп 

әртүрлі 

тіндердің 

жасушаларында 

электролиздік  тепе-теңдікті  бұзады,  олардың  биологиялық 
әлеуетін өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризациясына 
әкеледі.  Тіндердің  анод  орналасқан  аумағында  оң  дәрмені 
бар  иондар  жиналады  (қышқыл  реакция  пайда  болады),  катод 
жағында  теріс  дәрмені  бар  иондар  жиналады  (сілтілік 
реакция  болады).  Осыдан  жасушалардың  қызмет  атқару 
жағдайы 

өзгереді. 

Анодтың 

астында 

қышқыл 

реакция 

болғандықтан  тіндік  нәруыздар  ұйып  қалады.  Содан  дамитын 
некрозды коагуляциялық некроз дейді. Ал, катод орналасқан 
тіннің  аумағында  сілтілік  реакция  болғандықтан  тіндік 
нәруыздар қатты ісініп кетеді. Мүны колликвациялық некроз 
дейді.  Бұндай  құбылысты  электр  ағымының  электролиздік 
әсері  деп  атайды.  Бұл  құбылыс  жүрек  етіне  әсер  еткенде 
оның жауап қайтармайтын (рефрактерлік) фазасын қысқартып, 
жүйкелік  серпіндердің  үдемелі  кері  айналып  жүруінен  ет 
талшықтарының  жыпылығы  (фибрилляциясы)  дамуына  әкеледі. 
Электр  ағымының  әсерінен  тыныс  алу  мен  қан  тамырларының 
қимылдық 

орталықтарының 

бүлінуі 

олардағы 

жүйке 

жасушаларының  бұзылыстарынан  дамиды.  Өйткені  нейрон 
мембраналарының 

қатты 

деполяризациясы, 

олардың 

цитоплазмасындағы нәруыздардың ұйып қалуы болады. 


background image

 

47

 

Электр  ағымының  әсерінен  дамитын  клиникалық  өлім 

кезінде  жүрек  етінің  жыпылығы  ұзақ  сақталуы  мүмкін. 
Сондықтан  бұндай  өлген  адамдарға  биологиялық  өлімнің 
айғақты  белгілері  пайда  болғанша  медициналық  (қолмен  дем 
алдыру,  жүрекке  ысқымақ  (массаж)  жасау)  жәрдем  көрсету 
қажет. 

Электр  ағымының  әсерінен  адамның  өлімі  тыныс  алудың 

және  жүректің  тоқтап  қалуынан  болады.  Тыныс  алудың 
тоқтауы: 

● тыныс орталығының зақымдануынан; 
●  тыныс  орталығын  қанмен  қамтамасыз  ететін  омыртқа 

артерияларының жиырылып қалуынан;  

●  тыныс  алуға  қатысатын  бұлшықеттердің  жиырылып 

қалуынан;  

● дыбыс байламдарының жиырылып қалуынан; 
● тыныс алу жолдарының бітелуінен,  дамиды. 

Жүректің тоқтауы:  
● жүрек қарыншаларының жыпылықтауынан; 
● коронарлық қан тамырларының жиырылып қалуынан;  
● қан тамырларының қимылдық орталығының зақымдануынан; 
●  кезбе  жүйкелерінің  межеқуаты  (тонусы)  көтеріліп 

кетуінен,  дамиды. 

ИОНДАҒЫШ СӘУЛЕЛЕРД

ің

 

бүліндіргіш 

ӘСЕРЛЕРІ. 

Иондағыш  сәулелер  организмге  сырттан  немесе  ішінен 

әсер етулері мүмкін. Адам организмі рентген құралдарымен, 
ядролық  реакторлармен  және  дәрменделген  (зарядталған) 
бөлшектердің тездеткіштерімен (бетатрондар, циклотрондар, 
синхрофазотрондар, 

сызықтық 

тездеткіштермен), 

радийбелсенді 

изотоптармен, 

радийбелсенді 

қазбаларды 

өңдеу  т.с.с..  жұмыстар  атқарғанда  иондағыш  сәулелердің 
әсеріне  душар  болады.  Ауруханаларда  науқастарды  емдеу 
үшін  иондағыш  сәулелер  қолданылады.  Сонымен  бірге  атом 
бомбаларын 

сынағанда 

немесе 

соғыста 

қолданылғанда, 

ядролық 

реакторлардың 

апаттары 

кездерінде 

адам 

организміне иондағыш сәулелер әсер етеді. 

Радийбелсенді  заттар  тағаммен,  сумен  немесе  тыныс 

жолдары  арқылы  организмге  түскенде  олар  адамның  ішінен 
әсер  етеді.  Олардың  әрі  сырттан,  әрі  ішінен  біріккен 
әсерлері болуы мүмкін. 

Иондағыш сәулелер атомдар мен молекулалардың иондалуын 

туындататын болғандықтан олардың биологиялық белсенділігі 
өте  жоғары  болады.  Шыққан  табиғаты  бойынша  иондағыш 
сәулелер электромагниттік (рентген, гамма-сәулелері) және 
денешіктік (корпускулалық) (дәрмені бар бөлшектер: гелий-
ядросы 

альфа-сәулелер, 

электрондар 

бета-сәулелер, 


background image

 

48

 

протондар; дәрмені жоқ нейтрондар) болып ажыратылады. 

Иондағыш  сәулелердің  бүліндіргіш  әсері  тіндердің 

иондалу  тығыздығының  шамасына  және  өтіп  кету  қабілетіне 
байланысты.  Неғүрлым  олардың  өтіп  кету  қабілеті  төмен 
болса,  соғұрлым  иондау  тығыздығы  жоғары  болады  да, 
бүліндіргіш  әсер  күшті  болады.  Альфа-сәулелерінің  тіндер 
арқылы  өтіп  кету  қабілеті  өте  төмен,  бар  жоғы  бірнеше 
ондаған  микрометр,  болғандықтан  олардың  иондау  қабілеті 
ең  жоғары  болады.  Гамма-сөулелері  тіндер  арқылы  тез  өтіп 
кетеді де, олардың иондау қабілёті аз болады. 

Организмнің  сәулеленуі  бір  мезгілдік,  бөлшектенген 

және  ұзақ  мерзімдік  болады.  Организмді  бөлшектеп,  ұзақ 
уақыт 

сәулелендіргенде 

оның 

бүліністеріне 

әкелетін 

сәулелердің  жалпы  өлшемі  бір  мезгіл  сәулелендіргендегі 
сәулелердің өлшемінен біршама көп болады. 

Иондағыш  сәулелердің  бүліндіргіш  әсері  сөулеленген 

дене 

қабатының 

аумағынан, 

организмнің 

даралық 

реактивтілігінен,  адамның  жасы  мен  жынысынан  және 
сәулеленуге  дейінгі  организмнің  жалпы  күйіне  байланысты 
болады. 

Мәселен,жас 

және 

буаз 

жануарлар 

иондағыш 

радиацияның әсеріне 
өте  сезімтал  болады.  Бір  организмнің  өзінде  әртүрлі 
жасушалар  мен  тіндердің  бұл  сәулелерге  сезімталдығы 
әртүрлі  болады.  Ұдайы  жаңарып,  өсіп-өніп  тұратын  (сүйек 
кемігінің  қан  өндіретін  тіндері,  жыныстық  бездері,  ас 
қорыту  жолдарының  эпителий  жасушалары)  тіндер  иондағыш 
сәулелердің  әсеріне  өте  сезімтал  болады.  Керісінше, 
бұлшықет,  жүйке  және  сүйек  тіндерінің  сезімталдығы  төмен 
болады. 

Организмге иондағыш радиацияның әсер ету жолдары. 

Иондағыш радиация организмнің жергілікті бүліністеріне 

және  жалпы  бұзылыстарына  әкеледі.  Иондағыш  сәулелердің 
бүліндіргіш әсері шартты түрде үш кезеңге бөлінеді: 

● иондағыш сәулелердің алғашқы әсері;  
● радиацияның жасушаларға әсері;  
● радиацияның тұтас организмге әсері. 

Иондағыш  сәулелердің  тіндерге  алғашқы  әсері  атомдар 

мен  молекулалардың  (судың)  иондалуына,  белсенді  бос 
радикалдардың  (О 

,  ОН 

  )  және  сутегінің  асқын  тотығы 

2

О

2

)  пайда  болуына  әкеледі.  Бұл  бос  радикалдар  жасуша 

қабықтарындағы  май  қышқылдарының  асқын  тотығуына  және 
олардың  гидроасқын  тотықтары  (RОН

  )  түзілуіне  әкеледі. 

Бұл  химиялық  реакция  өзара  тізбектеліп,  тоқтамай  жүре 
береді.  Осыдан  ішкі  ағзалар  мен  тіндердің  жасушаларының 
мембраналары 

бүлінеді. 

Бұл 

кезде 

митохондрийлардың 


background image

 

49

 

мембраналарының 

бүліністерінен 

тотығулық 

фосфорлану 

бұзылып,  энергия  түзілуі  азаяды.  Жасуша  ядроларының 
қабығы  бұзылудан  ДНК,  РНК,  нәруыздар  түзілуі  бұзылады. 
Олардың  түзілуі  ұдайы  өсіп-өніп  тұратын  тіндер  үшін  өте 
қажет. Сондықтан бұл тіндер иондағыш сәулелердің әсерінен 
ең алдымен бүлінеді. 

Радиацияның  жасушаларға  әсері.  Жасушалар  радиацияға 

сезімталдығы  бойынша  мына  тізбек  бойынша  орналасады: 
лимфоидтық  тіндердің  жасушалары  (лимфалық  түйіндер, 
көкбауыр,  айырша  без),  сүйек  кемігі,  атабез,  анабездер, 
ас  қорыту  жолдарының  шырышты  қабығы,  терінің  эпителий 
жасушалары т. с. с. 

Жасушалардың  радиацияға  сезімталдығы  олардың:  гендік 

құрылымдарының  мөлшерінен,  энергиямен  қамтамасыз  ететін 
жүйесінің  белсенділігінен,  зат  алмасуларының  қарқынынан, 
мембраналарының  тұрақтылығынан  және  олардың  қалпына  келу 
қабілетінен,  репарациялық  ферменттерінің  белсенділігінен 
байланысты. 

Жасушалардың 

иондағыш 

сәулелермен 

зақымдануының 

негізінде 

жасуша 

ішіндегі 

ультра 

құрылымдарының  бұзылыстары  және  соған  байланысты  зат 
алмасуларының өзгерістері жатады.  

Аз  мөлшердегі  иондағыш  сәулелер  жасушалардың  қайтымды 

өзгерістерін 

туындатады. 

Бұл 

өзгерістерге 

нуклеин 

қышқылдары  түзілуінің  тежелуі,  жасуша  мембраналарының 
өткізгіштігі 

жоғарылауы, 

хромосомалардың 

өзара 

жабысқақтығы,  ядрода  түйіршіктер  пайда  болуы,  митоздың 
шектелуі  т.т.  жатады.  Олар  сәулеленуден  кейін  бірнеше 
минуттың ішінде дамиды. Артынан бұл өзгерістер жоғалады. 

Жасушаларға  иондағыш  сәулелердің  көп  мөлшері  әсер 

еткенде 

олар 

тіршілігінен 

айырылады. 

Бұл 

кезде 

лизосомалардың  мембранасының  өткізгіштігі  көтерілуінен 
қышқыл  гидролиздік  ферменттер  (ДНКаза,  РНКаза,  катепсин, 
қышқыл фосфатаза т. б.) босап шығады. Осыдан жасушалардың 
бөлінуі  шектеліп,  ядродағы  ДНК  ыдыратылады.  Иондагыш 
сәулелердің  әсерінен  хромосомалардың  құрылымдық  өзгерісі 
болады. Бұл сәулелерге жасуша цитоплазмасынан гөрі ядросы 
сезімтал болып келеді. 

Иондағыш 

сәулелердің 

организмге 

әсері

Иондағыш 

радиация  организмге  жергілікті  (сәулелік  күйік,  некроз, 
көз бұршағьгның бұлыңғырлануы) және жалпы (сәулелік ауру) 
әсер етеді. 

Иондағыш 

радиацияның 

жергілікті 

әсері

Иондағыш 

сәулелер жергілікті тіннің күюіне, сәулелік күйік дамуына 
әкеледі.  Бұл  сәулелердің  өтіп  кету  қабілетіне  байланысты 
терінің  немесе  дененің  ішінде  жатқан  тіндердің  күйіктері 


background image

 

50

 

дамуы  мүмкін.  Радиацияның  мөлшеріне  қарай  терінің,  тері 
астындағы  шелмайдың,  бұлшықетгердің,  сүйектердің  некрозы 
дамиды.  Науқас  адамдарда  қызба,  үлкен  лейкоцитоз,  қатты 
ауыру сезімі болады. 

Сөулелік ауру. Организмнің сыртынан 1-10 Гр мөлшерінде 

жалпы сәулеленудің нәтижесінде жіті сәулелік ауру дамиды. 
Бұл 

кезде 

негізінен 

сүйек 

кемігінің 

бүліністері 

байқалады.  Бұны  сүйек-кемігілік  синдром  дейді.  10-20  Гр 
мөлшеріндегі  иондағыш  сәулелердің  әсерінен  жіті  сәулелік 
аурудың  ішектік  түрі,  20-80  Гр  мөлшерінде  қан  тамырлық, 
токсемиялық
  түрі,  80  Гр  -  астам  мөлшерінде  —  церебралдық 
(милық) түрі дамиды
.  

Жіті сәулелік ауру әсер еткен сәуленің мөлшеріне қарай 

төрт топқа бөлінеді: 

● жеңіл түрі (1-2 Гр.);  
● орташа түрі (2-4 Гр);  
● ауыр түрі (4—6 Гр);  
● тым ауыр түрі (6 Гр-ден асгам). Ол 4 - сатыда өтеді: 

♣ алғашқы серпілістер сатысы;  
♣ клиникалық жалған сәттілік сатысы (жасырын саты); 
♣ аурудың айқындалу сатысы;  
♣ сауығу сатысы

 

Алғашқы  серпілістер  сатысы  сәулеленуден  кейін  әсер 

еткен  сәулелердің  мөлшеріне  қарай  бірінші  минуттардың 
немесе  сағаттардың  ішінде  дамиды.  Бұл  кезде  организмнің 
жалпы  қозуы,  бас  ауыруы,  жалпы  әлсіздік  байқалады. 
Артынан  тәбетгің  жоғалуы,  жүрек  айну,  құсу  болады,  қанда 
лимфоциттердің 

азаюы 

нейтрофилдік 

лейкоцитозбен 

қабаттасады.