Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44643

Скачиваний: 260

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

661

 

өзекшелерінің  аммонийгенездік  қызметінің  бұзылысгарынан 
болуы  мүмкін.  Зәр  қышқылы  тұздарынан  тұратын  тастар  қан 
плазмасында  олардың  деңгейі  көтерілгенде,  қан  жасушалары 
тым 

артық 

ыдырағанда, 

бүйрек 

қызметінің 

жеткіліксіздігінде, 

подагра 

кездерінде 

байқалады. 

Тұздардың еруі азайып, тұнуынан тас байлануын түсіндіретін 
қағида кристаллизациялық қағида делінеді. 

Кальций 

тұздары 

нәруыздардан 

тұратын 

негіздерге 

жиналады. Бұл негіздер мукопротеидтерден, пролиннен тұрады 
және  тас  байлануында,  кальций  тұздарының  зәрде  көбеюі 
маңызды орын алады. 

Кальций  иондары  мен  лимон  қышқылының  арақатынасы  4:1 

болғанда  кальций  еріген  түрде  болады.  Бүйрекпен  лимон 
қышқылының шығарылуы бұзылғанда кальций тұнбаға ауысады. 

Бүйректе тас байлануында: 
● несеп жүру жолдарында жұқпалар болуының; 
● оларда несеп іркілуінің; 
●  несеп  ортасының  рН  төмендеуінің  (қышқылдық  жаққа 

ығысуының) маңызы бар. 

Сонымен бірге, ауыз судың сапасы, қоректену түрлерінің 

де  несеп-тас  ауруы  дамуына  ықпалы  зор.  Көкөністер  мен 
сүттен  тұратын  тағамдармен  қоректенгенде  зәрдің  реакциясы 
сілтілік  жаққа,  еттен  тұратын  тағамдармен  қоректенгенде 
қышқылдық жаққа қарай ығысатыны белгілі. 

Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы 

этиологиясы мен патогенезі 

Организмнің  тіршілігінде  өтетін  көптеген  құбылыстардың 

реттелуі  жүйке  және  ішке  сөлденістік  (эндокриндік) 
жүйелердің  біріккен  қызметтерімен  қамтамасыз  етіледі.  Бұл 
жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланыста болады. Ми ең 
ірі  ішке  сөлденістік  без  болып  есептеледі.  Сондықтан 
организмнің 

біртұтас 

өзін-өзі 

жүйкелік-эндокриндік 

реттейтін күрделі жүйеге бірігуі біріне-бірі қарсы келмей, 
өзара  бірін-бірі  толықтырады.  Бүгінгі  күні  организмде 
гормон өндірмейтін тін немесе ағза жоқтың қасы. 

Эндокриндік  бездер  қанға,  тін  аралық  сұйыққа,  гормон 

(грек.  hormao 

-  әсер  туындату)  өндіріп  шығарады. 

Гормондардың  жасуша  ішілік  дәнекерлері  болып  цАМФ,  цГМФ, 
Са

2+

-иондары 

және 

оларды 

байланыстыратын 

нәруыздар, 

фосфатидилинозит, 

оның 

туындылары, 

простагландиндер, 

пептидтер есептеледі. 

Эндокриндік 

жүйенің 

бұзылыстары 

үш 

патогенездік 

жолдармен дамуы ықтимал: 

● 

без 

қызметтерінің 

орталық 

реттелулерінің 

бұзылыстарынан; 


background image

 

662

 

● бездердің өздерінде дерттік өзгерістер болуынан; 
●  гормондардың  безден  тыс  және  шеткері  әсер  ету 

тетіктерінің бұзылыс-тарынан. 

Бездердің орталық реттелулерінің бұзылыстары 

Орталық 

жүйке 

жүйесі 

эндокриндік 

бездердің 

қызметтеріне 

реттеуші 

әсер 

етеді. 

Бұл 

бездердің 

қызметтерін  реттеуге  мидың  сыртқы  қыртысы,  алдыңғы 
таламус,  лимбикалық  жүйе,  гиппокамп,  гипоталамус  т.б.  ми 
құрылымдары қатысады. 

Әртүрлі 

жандүниелік 

күйзелістер 

т.б. 

ауыртпалық 

жағдайлар  кездерінде  орталық  жүйке  жүйесі  құрылымдарынан 
гипоталамусқа  жүйке  тармақтарымен  ақпарат  бағытталады. 
Сонымен 

бірге, 

гипоталамусқа 

орталық 

жүйке 

жүйесі 

құрылымдарынан  гормондық  заттар,  жүйкелік  медиаторлар, 
реттеуші  шағын  пептидтер  (эндорфиндер,  энкефалиндер, 
нейротензин,  Р-заты  т.б.)  жұлын  мен  ми  қуыстарындағы 
сұйықпен тасымалданады. Бұл әсерлер гипоталамуста жүйкелік 
медиаторлардың  түзілу  жылдамдығы  мен  бөліну  қарқынын 
өзгертеді.  Гипоталамустың  пептидтік  реттеуші  гормондары 
өндірілуі  үшін,  жоғарыда  келтірілген  жүйкелік  медиаторлар 
мен  реттеуші  шағын  пептидтерден  басқа,  К

+

,  Са

2+

-иондары, 

простагландиндер, 

цАМФ 

қатысады. 

Сол 

себептен 

ми 

қызметтерінің 

бұзылыстары 

эндокриндік 

жүйенің 

бүліністеріне  әкеледі.  Ауыр  жан  жарақаттары,  көңіл-күйдің 
қобалжулары 

кездерінде 

ерлердің 

жыныстық 

қабілеті 

төмендейді, әйелдердің етеккірлерінің оралымы өзгереді. 

Ұзаққа  созылган  жандүниелік  жарақаттардың  әсерлерінен 

тиреотоксикоз (Базед ауруы) немесе қантты диабеттің кейбір 
түрлері 

дамуы 

ықтимал. 

Бұндай 

эндокриндік 

жүйенің 

бұзылыстарын психогендік эндокринопатиялар деп атайды. 

Эндокриндік  бездерді  реттеудегі  гипоталамустың  маңызы 

өте  ерекше.  Оның  шеткері  эндокриндік  бездерді  реттеуінің 
бұзылыстары  көптеген  себептерден  болуы  мүмкін.  Оларға 
жұқпалар,  қабыну,  қан  құйылу,  қан  тамырларының  тромбозы, 
жарақаттану, өспе дамуы, жан күйзелістері т.б. жатады. 

Бездердің орталық реттелулерінің бұзылыстары: 
● 

гипофиз 

арқылы 

(трансгипофиздік 

немесе 

нейрогуморалдық) реттелудің бұзылыстарымен; 

● 

гипофизден 

тыс 

(парагипофиздік, 

жүйкелік 

өткізгіштік) реттелудің бұзылыстарымен; 

●  бездердің  кері  байланыс  негізінде  өзі-өзі  реттеудің 

бұзылыстарымен байланысты дамиды. 

Гипофиз  арқылы  реттелудің  бұзылыстары.  Гипоталамуста 

гипофизға  әсер  ететін  пептидтік  гормондар  өндіріліп 
шығарылады.  Олар  гипофизде  гормон  өндірілуін  арттыратын 
либериндер 

және 

оны 

тежейтін 

статиндер 

делінеді. 


background image

 

663

 

Либериндерге: 

кортиколиберин, 

соматолиберин, 

пролактолиберин, 

тиреолиберин, 

гонадолиберин, 

меланоцитолиберин т.б. жатады. 

Статиндерге: 

соматостатин, 

пролактостатин, 

меланоцитостатин т.б. жатады. 

Гипофизге  әсер  ететін  гормондар  гипоталамустың  әр 

жерлеріне  орналасқан  нейрондармен  өндіріліп  шығарылады. 
Бұл  нейрондардың  аксондары  гипофиздің  қақпалық  қан 
тамырлары 

жүйесі 

басталатын 

гипоталамустың 

орталық 

көтеріңкі  жерінде  аяқталады.  Сондықтан  да  олар  гипофизге 
қан тамырлары арқылы тікелей тез жеткізіледі (-сурет). 

Гипофизге 

әсер 

ететін 

гормондардың 

(дофаминнен 

басқаларының)  барлығы  пептидтерге  жатады.  Бұлардың  әсер 
ету  жолдары  аденилатциклаза-цАМФ  жүйесі  арқылы  қосылады. 
Көрсетілген  гормондар  өндіріліп  шығарылуының  бұзылыстары 
гипоталамуста  жоғарыда  келтірілген  дерттік  өзгерістер 
болғанда  байқалады.  Осыдан  шеткері  эндокриндік  бездердің 
қызметтерінің  гипофиз  арқылы  реттелуінің  бұзылыстары 
болады.  Осылай  қалқаншабездің,  бүйрек  үсті  бездері  сыртқы 
қабатының және жыныстық бездердің қызметтері өзгереді. 

Гипофизден  тыс  реттелудің  бұзылыстары.  Қалқаншасерік 

бездері, бүйрек үсті бездерінің милық қабаты, ұйқыбез т.б. 
бездер 

дербес 

жүйке 

жүйесімен 

(симпатикалық 

және 

парасимпатикалық 

жүйкелермен) 

реттелінеді. 

Осындай 

реттелуді 

парагипофиздік 

немесе 

жүйкелік-өткізгіштік 

реттелу  дейді.  Гипоталамус  дербес  жүйке  жүйесінің  негізгі 
орталығы 

болып 

саналады. 

Сондықтан 

ондағы 

дерттік 

өзгерістер  кездерінде  шеткері  бездердің  гипофизден  тыс 
реттелу  жолдары  да  бұзылады.  Осыдан  қантты  диабеттің 
кейбір түрлері дамуы ықтимал. 

Жүйкелік-эндокриндік 

жүйенің 

кері 

байланыстар 

негізінде 

өзін-өзі 

реттеу 

жолдарының 

бұзылыстары. 

Эндокриндік  жүйенің  қызметтері,  жоғарыда  келтірілген 
реттелулерден  басқа,  өзін-өзі  реттеу  жолдарымен  де 
қамтамасыз  етіледі.  Шеткері  эндокриндік  бездер  мен 
гипоталамус  және  гипофиз  араларында  бірінің  қызметін  бірі 
реттейтін  кері  байланыс  заңдылығы  болатыны  белгілі  (-
сурет).  Бұл  заңдылық  бойынша:  шеткері  эндокриндік  без 
(мәселен,  бүйрек  үсті  бездері)  гормонының  (кортизолдың) 
қандағы деңгейі көбейгенде гипоталамуста сәйкес либериннің 
(кортиколибериннің)  және  аденогипофизде  сәйкес  тропиннің 
(кортикотропиннің) 

өндірілуі 

азаяды. 

Ал, 

керісінше, 

шеткері эндокриндік без гормонының қанда деңгейі азайғанда 
гипоталамус  пен  гипофизде  сәйкес  либерин  мен  тропиннің 
өндірілуі  көбейеді.  Осындай  жағдай-ды  кері  байланыс 
заңдылығы
  деп  атайды.  Бұл  заңдылық  оң  және  теріс  болуы 


background image

 

664

 

мүмкін. 

Жоғарыдағы 

келтірілген 

жағдай 

теріс 

кері 

байланыстың  мысалы  бола  алады.  Ал,  оң  кері  байланысқа 
мысал 

ретінде 

алдыңғы 

гипофизде 

өндірілетін 

соматотропиннің 

шеткері 

қанда 

көбеюі 

гипоталамуста 

соматостатиннің  өндірілуі  көбеюіне  әкелетінін  көрсетуге 
болады. 

 

-  сурет.  Бездердің  кері  байланыс  бойынша  реттелуі  (J.  C.  E. 

Underwood бойынша). 

Эндокриндік  бездердің  арасындағы  кері  байланыс  ұзын, 

қысқа  және  ультрақысқа  болуы  мүмкін.  Ұзын  кері  байланыс 
деп  шеткері  эндокриндік  без  гормондарының  гипоталамустың 
орталықтарына кері әсерін айтады. 

Кері 

байланыстың 

қысқа 

тізбегі 

деп 

гипофизде 

өндірілетін  тропты  гормонның  (мысалы,  кортикотропин) 
көбеюі  гипоталамуста  сәйкес  либериннің  (кортиколиберин) 
өндірілуін  азайтуын,  немесе  керісінше,  жағдайын  айтады. 
«Ультрақысқа»  тізбек  бойынша  гипоталамустың  ішіндегі  бір 
гормонның  өндірілуі  (соматолиберин)  екінші  гормонның 
(соматостатин) өндірілуіне әсер етеді. 

Кері байланыс жолдарымен реттелуге қатысатын заттардың 

түрлеріне  қарай  эндокриндік  жүйенің  өзін-өзі  реттеуі  екі 
түрлі болады: 

●  реттеуші  зат  болып  шеткері  қандағы  гормондардың 

деңгейі  есептеледі.  Шеткері  без  гормонының  қанда  деңгейі 
көтерілуі 

гипоталамустағы 

либериндерді 

өндіретін 

нейрондардың  белсенділігін  төмендетеді.  Сол  себептен 
гипофизде  тропиндердің  және  шеткері  сәйкес  без  гормонының 
өндірілуі  азаяды.  Осылайша  бүйрек  үсті  бездерінің  сыртқы 
қабаты,  қалқаншабез  және  жыныс  бездері  гормондарының 
өндірілуі реттелінеді; 


background image

 

665

 

●  реттеуші  зат  болып,  зат  алмасу  өнімдері,  кейбір 

электролиттер 

есептеледі. 

Мәселен,, 

қанда 

глюкоза 

көбейгенде  инсулиннің  өндірілуі  артады,  Са

2+

  иондары 

азайғанда  қалқаншасерік  бездерінің  гормоны  өндірілуі 
көбейеді. Натрий мен калий әлдостерон өндірілуін реттейді. 

Бұл жағдайларда бездің белсенділігі реттеуші заттардың 

мөлшерімен анықталады. 

Эндокриндік  жүйенің  кері  байланыс  заңдылықтарын  білу, 

олардың  бұзылыстарын  ажырату  үшін  өте  қажет.  Мәселен, 
қантты  диабетпен  ауыратын  екі  науқас  адамды  тексергенде 
біреуінің  қанында  инсулин  мен  глюкозаның  мөлшері  көбеюі, 
екіншісінде  тек  глюкозаның  деңгейі  көбейіп,  инсулин 
қалыпты  мөлшерде  болуы  мүмкін.  Бұл  екі  жағдайда  да  қанда 
глюкозаның  көбеюі  инсулиннің  жетіспеушілігін  көрсетеді. 
Бірақ,  біріншісінде  инсулиннің  өндірілуі  бұзылмаған, 
сондықтан 

оның 

шеткері 

тіндердегі 

әсері 

тежелген 

(инсулинге  тәуелсіз  диабет)  деуге  болады.  Ал,  екіншісінде 
глюкоза 

мөлшерінің 

көбеюі 

ұйқыбез 

қызметінің 

жеткіліксіздігінен деген тұжырымға әкеледі. 

Кері 

байланыс 

заңдылығына 

гормондармен 

емдеу 

кездерінде  де  баса  назар  аудару  қажет.  Бұл  жағдайда 
сырттан  енгізілген  гормон  науқас  адамның  сәйкес  безінің 
қызметін  тежейді  және  ұзақ  енгізулердің  нәтижесінде  сол 
бездің 

семіп 

қалуы 

байқалады. 

Бұл 

туралы 

кортикостероидтық,  тиреоидтық,  жыныстық  т.б.  гормондармен 
емдегенде естен шығармау керек. Ол гормондар өте жиі және 
ұзақ  емдеу  үшін  қолданылады.  Осының  нәтижесінде  бүйрек 
үсті  бездерінің  сыртқы  қабатында  атрофия  дамиды.  Мұндай 
жағдайды ятрогендік эндокринопатия деп атайды. 

Әдетте  әртүрлі  ауыртпалықтар  (операция,  жарақаттану, 

аллергия,  уыттар  т.б.)  организмге  әсер  етулерінен  бүйрек 
үсті  бездері  сыртқы  қабатының  қызметі  көтеріледі  де, 
кортикостероидтық  гормондардың  өндірілуі  күшейеді.  Осыдан 
организм  сыртқы  ортаның  жаңа  өзгерген  жағдайларына  тез 
бейімделе  алады.  Ал,  кортикостероидтармен  ұзақ  емделген 
науқас адамдардың, бүйрек үсті бездері семіп қалғандықтан, 
қосымша 

ауыртпалықтарға 

(жарақат, 

операция 

т.б.) 

эндогендік  кортикостероидтарды  өндіріп  шығара  алмайды. 
Организмнің  өзгерген  жағдайға  бейімделуі  нашарлайды, 
бүйрек  үсті  бездерінің  тез  дамитын  жеткіліксіздігі  дамып, 
науқас тез қайтыс болуы мүмкін. 

Гипоталамус 

нейрондарының 

шеткері 

бездердің 

гормондарына  сезімталдығы  өзгеруі  де  да  кері  байланыс 
заңдылығы  бұзылуына  әкеледі.  Содан  ол  төмендегенде  бұл 
заңдылық  іске  қосылмайды  да,  қандағы  гормон  мөлшерінің 
артуы  гипоталамуста  либериндердің  өндірілуін  азайтпайды.