Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44638

Скачиваний: 260

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

676

 

өндіріледі.  Бұл  антиденелерді  анти-идиотиптік  антиденелер 
деп 

атайды. 

Антиидиотиптік 

антиденелердің 

құрылымы 

идиотиптік  антиденелер  құрылымының  айнадағы  шағылысқан 
көрінісі  болғандықтан,  олар  гормондардың  детерминанттық 
топтарының  бейнелік  көрінісіне  дәл  келеді.  Сол  себептен 
антиидиотиптік  антиденелер  әрі  идиотиптік  антиденелермен, 
әрі 

нысана-жасушалардың 

гормондарды 

қабылдайтын 

рецепторларымен байланыса алады. 

Көпшілік 

адамдарда 

жасуша 

рецепторларына 

қарсы 

антиденелер  анықталмайды.  Қалыпты  жағдайларда  адамның 
өзінің  гормондарына  иммундық  шыдамдылық  (толеранттық) 
болады да, оларға иммундық жүйе жауап қайтармайды. Адамның 
өзінің  жасушаларындағы  рецепторларға  иммундық  жүйе  жауап 
қайтару  үшін  осы  жүйенің  өзінде  белгілі  бір  ерекшеліктер 
болуы қажет. Бұл ерекшеліктер тұқым қуатын туа біткен және 
жүре  пайда  болған  болуы  мүмкін.  Туа  біткен  ерекшеліктер 
тін  үйлесімділігінің  антигендерімен  анықталады.  Мәселен, 
HLA-B8-DW3-DR3  антигені  бар  адамдарда  гормон  әсерлерін 
қабылдайтын  жасуша  рецепторларына  қарсы  аутоантиденелер 
жиірек анықталады. 

Организмде 

иммундық 

жауап 

қайтару 

ерекшеліктері 

әртүрлі  болатындықтан  аутоантиденелер  бір  ғана  антигенге 
өндіріліп  қоймай,  көптеген  антигендерге  өндірілуі  мүмкін. 
Сол  себептен  бір  эндокриндік  бездің  қызметі  бұзылып 
қоймай,  басқа  да  бездердің  қызметтері  бұзылады.  Мәселен, 
бүйрек  үсті  бездерінің  жеткіліксіздігі  тиреотоксикозбен, 
қантты диабетпен т.б. қабаттасады. 

Жүре  пайда  болған  иммундық  жүйенің  ерекшеліктері 

әртүрлі  ұзақ  ауыртпалықтардан,  жандүниелік  күйзелістердің 
нәтижесінде  немесе  кейбір  вирустардың  (гепатит,  паротит, 
қызамық 

т.б.) 

әсерлерінен 

дамуы 

ықтимал. 

Стрестік 

жағдайлардың  әсерлеріне  жауап  ретінде  эндокриндік  бездер 
гормон  өндіруін  арттырады.  Қанда  гормондардың  деңгейі 
көтерілуіне  шеткері  ағзалар  мен  тіндер  рецепторлардың 
санын 

азайтуымен 

жауап 

қайтарады. 

Жасушалардың 

қабықтарында  май  қышқылдарының  асқын  тотығуынан  рецеп-
торлардың  нөруыздарында  конформациялық  өзгерістер  пайда 
болуы  ықтимал.  Осыдан  рецепторлар  бөтен  зат  ретінд е 
танылып, оларға қарсы аутоантиденелер өндірілуі мүмкін. 

Жұқпалы 

аурулар 

туындататын 

вирустар 

жасуша 

қабықтарындағы  рецепторлармен  байланысып,  жасуша  ішіне 
енеді.  Егер  бұл  рецепторлар  гормондарды  қабылдайтын 
рецепторлар  болса,  онда  жеңіл  түрде  идиотип-антиидиотип 
арақатынастары бойынша рецепторларға қарсы аутоантиденелер 
өндіріледі. Осылай вирустар антирецепторлық антиденелердің 
өңдірілуін  арттырады.  Вирустық  жұқпалы  аурулардан  кейін 


background image

 

677

 

балаларда 

инсулинге 

тәуелді 

диабет 

дамуында 

осы 

тетіктердің маңызы бар. 

Осы  көрсетілгендердің  нәтижесінде  эндокриндік  бездерде 

өндірілген  гормондардың  әсерлерін  шеткері  ағзалар  мен 
тіндер  қабылдамайды,  гормондардың  безден  тыс  салыстырмалы 
жеткіліксіздіктері дамиды. Бұндай жағдайларда организмдегі 
гормондардың  деңгейі  қалыпты  немесе  жоғары  болуы  мүмкін. 
Емдік  мақсатпен  сырттан  енгізілген  гормон  әсер  етпейді. 
Тек гормонды тым көп мөлшерде енгізгенде ғана біраз емдік 
әсер етеді. 

Осындай  жағдайлар  қантсыз  диабеттің  вазопрессинге 

төзімді 

түрінде, 

гипофиздік 

ергежейліліктің 

кейбір 

түрлерінде  байқалуы  мүмкін.  Жалған  гипопаратиреоз  кезінде 
де сырттан енгізілген паратгормон емдік әсер етпейді. 

Кортизолды 

қабылдайтын 

рецепторлардың 

бөгелуі 

аллергиялық  дерттер  кездерінде  болуынан  безден  тыс 
глюкокортикоидтардың жеткіліксіздігі дамиды. 

Эндокриндік бездердің қызметтерінің бұзылыстары. 

Эндокриндік 

бездердің 

қызметі 

төмендеуін 

гипофункциясы, жоғарлауын гиперфункциясы дейді. 

Бірақ,  кейбір  эндокриндік  бездер  бірнеше  гормондар 

өндіреді.  Меселен,  гипофиз  бірнеше  троптық  гормондар 
(АКТГ,  СТГ,  ТТГ,  ГТГ  т.б.),  бүйрек  үсті  бездері 
глюкокортикоидтық,  минералокортикоидтық,  және  жыныстық 
гормондар  өндіреді.  Осыған  байланысты  кейбір  эндокриндік 
аурулар  бездің  барлық  гормондары  өндірілуі  бұзылыстарымен 
көрінеді.  Мәселен,  аденогипофиздің  некрозы,  қабыну  немесе 
қан  құйылу  нәтижесінде  байқалады  және  оның  барлық 
гормондарының  өндірілуі  тоқталады.  Содан  аденогипофиздің 
толық  жеткіліксіздігі  дамиды.  Осындай  ауруды  Симмондс 
ауруы
  дейді.  Бұл  кезде  бүйрек  үсті  бездерінің  сыртқы 
қабатының,  қалқаншабездің,  жыныстық  бездердің  қызметтері 
бұзылады,  гипокортицизм,  гипотиреоз,  гипогонадизм  дамиды. 
Өсу  гормоны  өндірілуі  болмауынан  зат  алмасуларының 
бұзылыстары байқалады. 

Басқа  эндокриндік  бұзылыстарда  жекелеген  гормонның 

өндіріліп  шығарылуы  бұзылады.  Мұндай  жағдайды  эндокриндік 
бездің  үлестік  гиперфункциясы  немесе  гипофункциясы  деп 
атайды.  Мәселен,  аденогипофизде  тек  өсу  гормонының 
өндірілуі  жетіспеуінен  балалардың  бойы  өсуі  баяулайды, 
ергежейлілік дамиды. 

Сонымен  қатар,  эндокринопатиялар  кездерінде  бездердің 

дисфункциясы 

байқалады. 

Мәселен, 

туа 

біткен 

адреногениталдық  синдром  кезінде  бүйрек  үсті  бездерінің 
сыртқы 

қабатында, 

стероидтар 

түзілуіне 

қажетті 

ферменттердің 

тежелуінен, 

кортизол 

өндірілуі 

қатты 


background image

 

678

 

бұзылып, жыныстық гормондардың өндірілуі артып кетеді. 

Бездердің гипофункциясы мына жағдайларда байқалады: 
● орталық реттелулерінің бұзылыстарынан; 
● гормон өндіріліп шығарылуы азаюдан; 
● гормондардың безден тыс жеткіліксіздігінен; 
●  нысана-тіндердің  гормонға  сезімталдығы  азаюынан 

(жоғарыдан қараңыз). 

Бездердің гиперфункциясы мына жағдайларда дамиды: 
●  гормонның  немесе  оның  белсенді  аралық  өнімдерінің 

тым артық өндірілуінен; ол өз алдына: 

♣ безде өспе өсуінен; 
♣  кері  байланыс  негізінде  бездердің  өзін-өзі  реттеу 

тетіктері  жеткіліксіздігінен;  (мәселен,  ұйқыбездің  β-
жасушаларының 

қандағы 

глюкозаның 

деңгейіне 

немесе 

гипоталамус 

нейрондарының 

глюкокортикодтарға, 

кортикотропинге сезімталдығы төмен болуы мүмкін); 

♣ 

гормон 

өндіретін 

жасушалардың 

тым 

артық 

түрткіленуінен;  (мәселен,  қалқаншабездің  рецепторлары 
тиреотропин  молекуласына  ұқсас  аутоантиденелермен  ұдайы 
түрткіленуінен  тиреотоксикоз  (Базед  ауруы)  дамиды,  жүрек 
қызметі 

жеткіліксіздігі 

және 

гиповолемия 

кездерінде 

көлемдік  рецепторлардың  ұдайы  қоздырылуынан  әлдостерон 
артық өндіріледі); 

♣ гормон түзілуі бұзылыстары кездерінде оның белсенді 

аралық 

өнімдері 

артық 

жиналып 

қалуынан 

(мәселен, 

адреногениталдық синдром)- байқалады. 

● гормондардың безден тыс белсенділігі артып кетуінен; 

ол өз алдына: 

♣  гормондардың  әдеттен  тыс  ағзаларда  өндірілуінде; 

мәселен, 

кеңірдекшелердің 

обыр 

өспесі 

гипофиздің 

гормондарын, емшек обыры қалқаншабез гормондарын өндіреді; 

♣ 

шеткері 

тіндерде 

прогормондардың 

белсенді 

гормондарға  артық  айналуынан;  мәселен,  денеде  май  тым 
артық 

жиналуы 

кезінде 

эстрогендер, 

бауыр 

аурулары 

кездерінде андростендионның эстрогендерге айналуы артады; 

♣  гормон  емдік  мақсатта  артық  енгізілуінен  немесе 

қызыл мия түбірінің препараттарымен емдеуден; 

♣ 

гипопротеинемия 

(ашығу, 

бауыр 

қызметі 

жеткіліксіздігі  немесе  нефроздық  синдром)  кездерінде 
гормондардың қан сұйығы нәруыздарымен байланысуы азаюдан – 
байқалады. 

●  нысана-тін  рецепторларына  аутоантиденелер  әсер 

еткенде. 

Ішке 

сөлденістік 

бездердің 

бұзылыстарын 

эндокринопатиялар 

дейді.Олар 

бір 

бездік 

(моногландулярлық)немесе  көп  бездік  (плюригландулярлық) 


background image

 

679

 

болып ажыратылады. 

Көп бездік эндокринопатиялар: 
● гипоталамустық-гипофиздік; 
● аутоиммундық; 
● рецепторлық; 
● тұқым қуатын болып ажыратылады. 
Гипоталамустық-гипофиздік  көп  бездік  эндокринопатиялар 

гипофиздің 

толық 

жеткіліксіздігінде 

гипотиреоз, 

гипокортицизм, гипогонадизм түрлерінде байқалады. 

Оның  аутоиммундық  түрінде  аутоантиденелер  антигендік 

қасиеті  бірдей  немесе  ұқсас  бірнеше  бездерді  бүліндіреді. 
Содан  инсулинге  тәуелді  қантты  диабет,  аутоиммундық 
тиреоидит,  гипопаратиреоз  және  бүйрек  үсті  бездерінің 
жыныстық  функциясының  жеткіліксіздігі  дамиды.  Осындай 
дертті аутоиммундық Шмидт синдромы дейді. 

Рецепторлық  плюригландулярлық  эндокринопатиялар  G-

нәруыздарынан  тұратын  гормон  рецепторларында  ақау  болудан 
дамиды. Содан нысана-жасушалардың рецепторларының көптеген 
гормондарға  сезімталдығы  азаяды.  Осындай  жағдайдан  жалған 
гипопаратиреоз, 

гипергонадотроптық 

гипогонадизм, 

біріншілік гипотиреоз дамиды. 

Тұқым 

қуатын 

плюригландулярлық 

эндокринопатиялар 

әртүрлі  гормон  өндіретін  жасушаларда,  онкогендердің  өршіп 
кетуінен,  өспелер  дамуымен  сипатталады.  Олар  MEN-1,  IIa, 
IIb  (ағылш.  multiple  endocrine  neoplasia-көптеген  ішке 
сөлденістік өспелер) –деп белгіленеді. 

MEN-1 

синдромы 

11-хромосомадағы 

супрессор-геннің 

(антионкогеннің)  ақауынан  дамиды.  Бұл  кезде  қалқаншасерік 
без өспесі, ұйқыбез жасушаларында (гастринома, инсулинома, 
глюкагонома  немесе  випома),  соматотропинома,  пролактинома 
және кортикотропинома дамиды. 

MEN-синдромның  басқа  түрлерінде  жорамал  бойынша,  10-

хромосомада  орналасқан  RET-протоонкогеннің  ақауы  болады. 
Содан түзілген онкоген өсу факторына рецептор болады. Бұл 
кездерде  қалқанша  бездерінің  С-жасушаларында  обыр  өспесі 
және бүйрек үсті бездерінің милық қабатында қатерлі немесе 
қатерсіз өспелер (феохромоцитома) дамиды. 

Эндокриндік бұзылыстардың эндокриндік емес аурулардың 

патогенезіндегі маңызы. 

Организмнің 

гормондық 

тепе-теңдігінің 

бұзылуы 

эндокриндік емес аурулардың пайда болуына, дамуына қолайлы 
жағдай  жасайды.  Мәселен,  салыстырмалы  немесе  шынайы 
кортикостероидтардың  жеткіліксіздігі  құздама  (ревматизм), 
бронхиялық 

демікпе 

дамуына 

әкелуі 

мүмкін. 

Глкжокортикоидтық 

гормондардың, 

әлдостеронның, 

катехоламиндердің 

артық 

өндірілуі 

артериялық 


background image

 

680

 

гипертензияның патогенезінде маңызды орын алады. 

 

Жүйке жүйесінің патофизиологиясы

 

Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы. 

Жүйке 

жүйесінің 

бұзылыстарына 

әкелетін 

себепкер 

ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа 
бөлінеді. 

Экзогендік себепкер ықпалдарға: 
● 
микробтар мен вирустар және олардың уыттары; 
●  химиялық  улы  заттар  (ауыр  металдар,  этил  немесе 

метил  спирттері  т.б.),  кейбір  дәрі-дәрмектер  (стрихнин, 
хлороформ,  кураре,  антидепрессанттар,  транквилизаторлар 
т.б.), ауада оттегінің тапшылығы; 

●  физикалық  ықпалдар  (барометрлік  қысым,  иондағыш 

сәулелер,  ыстық  немесе  суық  температуралар,  элекгр  ағымы, 
электромагниттік толқындар т.б.); 

● механикалық ықпалдар (бас жарақаты, ми шайқалысы); 
●  психогендік  ықпалдар  (жан-күйзелістері,  жағымсыз 

эмоциялар); 

● 

ауқаттық 

ықпалдар 

(тағамда 

нәруыздардың, 

витаминдердің тапшылықтары) - жатады. 

Жүйке  жүйесінің  бұзылыстары  адамның  ішетін  тағамында 

витаминдердің  аздығынан,  әсіресе  жас  балалардың  тамағында 
нәруыздардың  (протеиндердің)  жетіспеуінен  дамуы  мүмкін. 
Адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. 

Эндогендік  ықпалдар  туа  біткен  немесе  жүре  пайда 

болған болып ажыратылады. 

Туа  біткен  эндогендік  себепкер  ықпалдарға  тұқым 

қуалайтын 

жүйке 

жүйесінің 

аурулары 

(Даун 

ауруы, 

фенилкетонурия,  шизофрения,  қояншық  ауруы,  микроцефалия, 
Паркинсон  ауруы  т.с.с.)  жатады.  Тектік  ақаулардан  зат 
алмасуларына  қатысатын  кейбір  ферменттердің  тапшылығы 
жүйке  жүйесінің  бұзылыстарын  туындатады.  Лизомосомалық 
ферменттердің  тапшылығынан  кейбір  кесек  молекулалы  заттар 
ыдыратылмай нейрондардың және басқа жасушалардың іштерінде 
жиналып  қалады.  Содан  олар  жасуша  ішілік  құрылымдарды 
ығыстырып, цитоплазманы ісіндіреді, жасушалардың құрылымын 
өзгертеді,  тіршілігін  жояды.  Осындай  ауруларды  «жинақталу 
аурулары»
  –  деп  атайды.  Оларға  липидоздар,  гликогеноздар, 
мукополисахаридоздар жатады. 

Липидоздар  кездерінде  мидың  сұрғылт  және  ақ  заттары, 

бауыр, көкбауыр жасушаларында сфингомиелин жиналып қалады. 
Сфингомиелин  жасушалар  мембраналарының  құрамына  енетін 
фосфолипид. Бұндай ауруды Нимман-Пик ауруы дейді. Бұл ауру 
кезінде 

сфингомиелинді 

ыдырататын 

сфингомиелиназа