Файл: Білім беру йымыны атауы . Боранбаев атындаы жббм пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Білім беру ұйымының атауы

Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ

Пәні:

Физика

Бөлім:

8.4 А

Педагогтің аты-жөні:

Тажина М.Г.

Күні:

25.01. 23 ж.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

Көпшіліг:Формулаларды түрлендіріп, есептер шығаруда дұрыс қолданады;

Кейбір; Ом заңының өмірде қолданылуына мысалдар келтіреді;

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Конверттен бағдаршамның түстерімен түстес қағаздарды алу. Бағдаршам түстеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Ампер» тобы – Қызыл

2-топ «Вольт» тобы – Сары

3-топ «Ом» тобы – Жасыл

Психологиялық ахуал қалыптастыру тренинг.
«Kahoot» әдісін пайдаланып оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты тест жұмысы беріледі.Бұл топтық жұмыс. Тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтаймын.

Жаңа сабақ
Жаңа материалды біліп, түсінуге жол көрсету мақсатында оқушыларға ашық және жабық сұрақтар қоямын. Мысалы; токтың әрекетін реттеуге бола ма? Ток күші қандай шамаға және қалай тәуелді?
Тапсырма 1

1-топ

  1. Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

  2. Электр су қайнатқышы 4А ток күші мен 120В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзндығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2. Нихром сымының меншікті кедергісі 1,05·10-6 Ом·м.


2-топ

1. Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

2. Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы операторлық басқару орнында амперметр 4А-ді, вольтметр 30В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығын табыңдар.
3-топ

1. Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15 кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

2. Ұзындығы 20м болатын ұзартқыш диаметрі 1,2мм мыс сымнан жасалған. Ұзартқыштың кедергісі қандай? Егер онымен 10А ток өтсе, ондағы кернеудің түсуі қандай болады?
«Кластер» әдісі бойынша оқушылар сабақта өтілген материалдарды тиянақтайды. Бұл әдістің көмегімен оқушылардың ақпаратты жинау және сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытамын.





Ток күші

Кернеу

Кедергі

Белгіленуі










Өлшем бірлігі










Тізбекке жалгануы










Өлшейтін құрал










Шартты белгісі












Кері байланыс: ауызша «Жарайсыңдар», «Өте жақсы», «Жақсы» т.б. сөздермен.

КЕРІ БАЙЛАНЫС «Рефлексия»





Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады

Оқушылар әр түрлі жауаптарын ұсынады.

Жауаптарының дұрыс не бұрыстығын дәлелдеу және проблеманы шешу дағдысын дамыту мақсатында эксперимент жасайды. Әр топ электр тізбегін жинап, АВ өткізгіші арқылы ток өткізеді. Амперметрмен АВ өткізгішіндегі токты, ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өлшейді.

Кесте толтырады

Дескриптор:

Физикалық шамаларды анықтамаларын дұрыс ажыратады;

Шамаларды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді
Қалыптастырушы бағалау: «смайликтер» арқылы
Дескриптор:

Оқушылар тізбекті дұрыс жинайды;

Ток күші мен кернеуді өлшейді;

Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттейді;
Қалыптастырушы бағалау


Дескриптор:

  • Есептердің шартын дұрыс құрастырады;

  • Шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіреді;

  • Ом заңының формуласын қолданып, есептеулер жүргізеді;

  • Меншікті кедергінің формуласын ескеріп, формуланы түрлендіреді;



Формативті бағалай 10 балл


Конверттегі

Түрлі-түсті қағаздар

«Ампер», «Вольт», «Ом» сөздері жазылған ғалымдардың суреттері

ФИЗИКА 8 сынып оқулық

«Дидактикалық материалдар


Смайликтер

Стикерлер