Файл: Жалпы патология пні бойынша дістемелік рал (тест жне тапсырмалар жинаы) Маманды 09130100 Мейіргер ісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 83

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Баишев жоғары медициналық колледжі» ЖШС


«Бекітемін»

Колледж директоры

________ Нурмаганбетова М.С.

«___» ________ 20___ж.

«Жалпы патология» пәні бойынша әдістемелік құрал

(тест және тапсырмалар жинағы)

Мамандық: 09130100 – «Мейіргер ісі»

Ақтөбе қаласы
«Келісілді»

Әдістемелік кеңес отырысында

Хаттама № ______

Колледж директорының

оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары

Қаршығина Г.Е.

____ ___________ 20___ж.
«Жалпы патология»: 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тест жинағы - Ақтөбе, 2023 ж.,32 -бет.
Автор-құрастырушы: Айтжан Асыланбек Шаңдатұлы – жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы

(Т.А.Ә, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Пікір беруші: Жексенова А.Н.– медицина ғылымдарының кандидаты

(Т.А.Ә, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
«Жалпы кәсіптік пәндер» ПЦК

отырысында қаралды және мақұлданды

Хаттама № ______

«» 20___ж.

ПЦК төрайымы:

Махашева А.М.

_
Бұл әдістемелік құрал білім алушылардың алған білімін қорытындылау және пысықтау мақсатында білім деңгейін тексеруге арналған тест жинағынан тұрады.

КІРІСПЕ
Әдістемелік кешен 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығына «Жалпы патология» пәні бойынша «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 661 бұйрығына сәйкес әзірленген үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған.

Пәннің мақсаты - аурулардың құрылымдық негізі, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, ақыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы білім қалыптастырып, болашақ стоматолог-дәрігерге алған білімін науқастардың жас шамасына байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, күнделікті жұмысында қолдануды игерту.

Пәннің міндеттері:

-микро- мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде жүрек пен тамырлардың тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;

-микро-мен макропрепараттарда негізгі синдромдар кезінде бронх-өкпе жүйесінің тіндерінің жасушалық және жасушадан тыс құрылымдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістерді түсіндіру;

-ас қорыту жүйесінің зақымдануы кезінде дамитын негізгі симптомдар мен синдромдарында дамитын патологиялық-морфологиялық өзгерістер мен олардың патологиялық-физиологиялық механимздерін түсіндіре білуді;


ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
І нұсқа



№1 Паренхиматозды диспротеиноз бұл — … .

  1. жасуша цитоплазмасында нәруыз алмасуы бұзылысының көрінісі

  2. дәнекер тінде май алмасуы бұзылысының көрінісі

  3. дәнекер тінде нәруыз алмасуы бұзылысының көрінісі

  4. жасуша цитоплазмасында май алмасуы бұзылысының көрінісі

  5. ағзалардың паренхимасында және стромасында зат алмасуы бұзылысының көрінісі

№2 Гиалинді тамшылы дистрофияға … тән.

  1. жасуша қызметінің төмендеуі

  2. қабыну

  3. жасуша қызметінің күшеюі

  4. су- тұз алмасуының өзгерісі

  5. жасуша өлімі

№3 Майлы дистрофия кезінде жүректің салыстырмалы аты:

  1. 1жолбарыстың терісіне ұқсас жүрек

  2. 2бұқа жүрек

  3. 3майлы жүрек

  4. 4түкті жүрек

  5. 5сауытты жүрек

№4 Майды анықтауға қолданатын бояу:

  1. судан ІІІ

  2. пикрофуксин Ван Гизон бойынша

  3. фукселин

  4. конго — рот

  5. гематоксилин эозин

№5 Гиалинді тамшылы дистрофия кезінде …байқалады:

  1. жасуша цитоплазмасында гиалинтәрізді нәруыздар

  2. ультрақұрылымдарының сақталуы

  3. жасуша цитоплазмасында вакуолдер

  4. жасуша қызметінің күшеюі

  5. колликвациялық некроз

№6 Мүйізгектену дистрофиясы бұл … .

  1. мүйізгектенудің күшеюі

  2. жасуша ішінде әктердің жиналуы

  3. жасуша өлімі

  4. ісіктің дамуы

  5. жасуша көлемінің ұлғаюы

№7 Майлы дистрофия кезінде бауырдың макроскопиялық өзгерісі:

  1. бауыр үлкейген, болбыр, сары -қоңыр түсті

  2. бауыр кішірейнен, тығыз, тоқ — қоңыр түсті

  3. бауыр үлкейген, тоқ- қызыл түсті

  4. бауыр кішірейген, тығыз, сары -жасыл түсті

  5. бауыр кішірейген, болбыр, тоқ -қызыл түсті

№8 Майлы дистрофия кезіндегі бауырдың салыстырмалы аты:

  1. қаз бауыры

  2. көрінісі «тас жол тәрізді»

  3. бұқа бауыры

  4. үлкен ақ бауыр

  5. тас тәрізді бауыр

№9 Паренхиматозды дистрофия бұл:

  1. жасушада зат алмасуының бұзылуы

  2. организмнің жалпы реакциясы

  3. жасушаның шектеусіз көбеюі

  4. жасушаның некрозы

  5. стромада зат алмасуының бұзылуы.

№10 Миокардтың майлы дистрофиясының микроскопиялық көрінісі:

  1. жасушалардың ірі тамшылы май басуы

  2. миокардиоциттердің гипертрофиясы

  3. митохондрияның ыдырауы

  4. кардиосклероз

  5. кардиомиоциттердің некрозы

№11 Гидропиялық дистрофия нәтижесі:

  1. фокалды колликвациялық некроз

  2. гиалинді тамшылы дистрофия

  3. фокалды коагуляциялық некроз

  4. түлеу дистрофиясы

  5. кері даму

№12 Метаболизмдеуші ферменттердің тума түрде жетіспеушілігі байқалатын аурулар тобы:

  1. қор жинау аурулары

  2. ісіктер

  3. ревматизмдік аурулар

  4. цереброваскулярлы аурулар

  5. жарақаттық аурулар

№13 Паренхиматозды дистрофияның даму механизмі:

  1. декомпозиция

  2. паранекроз

  3. пиноцитоз

  4. аутолиз

  5. фагоцитоз

№14 Гидропиялық дистрофия нәтижесі:

  1. колликвациялық некроз

  2. мукоидты ісіну

  3. гиалиноз

  4. кері даму

  5. мүйізгекті дистрофия

№15 Паренхиматозды нәруызды дистрофия:

  1. мүйізгекті

  2. липоидоз

  3. кальциноз

  4. амилоидоз

  5. склероз

№16 Майлы дистрофия … жиі дамиды.

  1. бауырда

  2. мида

  3. өкпеде

  4. сүйекте

  5. көк бауырда

№17 Баллонды дистрофияның нәтижесі:

  1. фокалды колликвациялық некроз

  2. гиалинді тамшылы дистрофия

  3. фокалды коагуляциялық некроз

  4. жасушаның тоталды некрозы

  5. эпителийдің мүйізгекті дистрофиясы

№18 Нәруызды дистрофияның морфогенездік механизмі:

  1. инфильтрация

  2. некроз

  3. гипертрофия

  4. склероз

  5. атрофия

№19 Бауырдың гидропиялық дистрофиясына … тән:

  1. цитоплазмада вакуольдердің болуы

  2. гепатоциттер көлемінің кішіреюі

  3. цитоплазмада майдың болуы

  4. цитоплазмада гиалиннің болуы

  5. фокалды коагуляциялық некроз

№20 Гиалинді тамшылы дистрофия кезіндегі ағзалардың макроскопиялық өзгерістері:

  1. кескен кезде түрі бұлынғыр

  2. консистенциясы тығыз

  3. капсуласы жарылған

  4. деформацияланған

  5. көлемі кішірейген

№21 Паренхиматозды нәруызды дистрофия көбіне … дамиды.

  1. бауырда

  2. лимфа түйіндерінде

  3. өкпелерде

  4. көк бауырда

  5. мида

№22 Майлы дистрофия кезіндегі бауырдың кесіндідегі түсі:

  1. сарғыш

  2. көкшіл

  3. қызыл

  4. жасыл

  5. ақ сұр

№23 Майлы дистрофия … кезінде дамиды.

  1. алкоголизм

  2. пиелонефрит

  3. пневмония

  4. грипп

  5. малярия

№24 ЖИТС- на тән:

  1. интерстициалды пневмония

  2. спецификалық қабыну

  3. плевропневмония

  4. өкпенің абсцестенуі

  5. өкпе гангренасы

№25 Гиалиноз … жатады .

  1. қантамырлық стромалық дистрофияға

  2. аралас дистрофияға

  3. минералды дистрофияға

  4. паренхиматозды дистрофияға

  5. қабынуға

ІІ нұсқа

№1 Өкпенің қоңыр тығыздалуы негізінде … жатады.

  1. гемосидероз

  2. ісіну

  3. липоидоз

  4. липофусциноз

  5. меланоз

№2 Плазмалық сіңбелену нәтижесінде… дамиды.

  1. гиалиноз

  2. диспротеиноз

  3. атрофия

  4. амилоидоз

  5. гемосидероз

№3 Плевра қуыстарында ісіну сұйықтығының жиналуы бұл:

  1. гидроторакс

  2. плеврит

  3. пневмоторакс

  4. гидроперикард

  5. гемоторакс

№4 Жергілікті веналық толақандылық … кезінде байқалады.

  1. ірі венаның ісікпен қысылуы

  2. жүрекке қанның ағып келуінің бұзылуы

  3. жүректе қанның ағып кетуінің қиындауы

  4. қабыну гиперемиясы

  5. артериялық қанның ағзаға ағып келуінің көбеюі


№5 Плазмалық сіңбелену бұл:

  1. плазманың қан тамыр қабырғасына және айналасындағы тінге сіңуі

  2. қан ағымынан плазманың шығуы

  3. қан тамырының интима қабатының астына плазманың сіңуі

  4. қан тамыр қабырғасына және айналасындағы тіндерге сіңуі

  5. плазманың айналасында тіндерден қан тамыр қабырғасына өтуі

№6 Аппендициттің клинико -морфологиялық формасы:

  1. жіті және созылмалы

  2. жіті және жеделдеу

  3. жеделдеу және созылмалы

  4. жіті

  5. созылмалы

№7

Тері асты клетчаткасына ісіну сұйықтығының жиналуы бұл:

  1. анасарка

  2. асцит

  3. толақандылық

  4. гидроторакс

  5. гидроперикард

№8 Өкпе артериясы діңгегінің тромбоэмболиясы кезіндегі өлімнің негізгі механизмі:

  1. пульмокоронарлы рефлекс

  2. өкпе инфаркты

  3. өкпе ісінуі

  4. асфиксия

  5. ми ісінуі

№9 Балтырдың терең веналарының тромбозының асқынуы:

  1. діңгекті өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  2. ми инфаркты

  3. аяқ гангренасы

  4. миокард инфаркты

  5. ішек гангренасы

№10 Тромбтың құрылымына байланысты түрі:

  1. ақ

  2. шар тәрізді

  3. тығындаушы

  4. қабырғалық

  5. дилатациялық

№11 Ауа эмболиясының даму шарттары:

  1. мойын венасының жарақаты

  2. пневмоторакс

  3. тіндердің жаншылуы

  4. сүйек жарақаты

  5. перикардтың зақымдануы

№12 Өкпе артериясы тромбоэмболиясының көзі:

  1. аяқ веналарының тромбтары

  2. өкпе веналарындағы тромбтар

  3. екі жармалы қақпақшаның жармасындағы тромбтар

  4. қақпа венасындағы тромбтар

  5. қолқа қабырғасындағы тромбтар


№13 Май эмболиясының себептері:

  1. тері асты май қабатының жарақаттық жаншылуы

  2. мидың жарақаты

  3. семіру

  4. атеросклероз

  5. майлы некроз

№14 Өкпе тамырларында май эмболдары … орналасады.

  1. капиллярларда

  2. артерияларда

  3. веналарда

  4. өкпе артериясында

  5. артерия веналық анастоматоздарда

№15 Тромбоздың қолайлы нәтижесі:

  1. тромбтың асептикалық ыдырауы

  2. тромбоэмболия

  3. тромбтың септикалық ыдырауы

  4. тамырдың саңылауының толық жабылуы мен организациялануы

  5. тромбоэмболиялық синдром

№16 Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі пульмокоронарлы рефлекстің компоненттерінің бірі болып табылады:

  1. өкпе артериясы бұтақтарының спазмы

  2. қолқа бұтақтарының спазмы

  3. өкпе артериясы бұтақтарының салдануы

  4. тәжді артерияның салдануы

  5. ұсақ бронхтар мен бронхиолалардың салдануы

№17 Тромбта эндотелиймен қапталған канал пайда болатын тромбоз нәтижесі:

  1. тамырлану

  2. эндотелийлену

  3. шунттану

  4. эпителийлену

  5. өзектену

№18 Тромбоздың қолайсыз нәтижесі:

  1. тромбтың тамыр қабырғасынан ажырауы

  2. тромбтың асептикалық ыдырауы

  3. организациясы

  4. тамырлануы

  5. өзектенуі

№19 Қоректендіруші артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі ағзадағы өзгерістер:

  1. инфаркт

  2. склероз

  3. ісіну

  4. қабыну

  5. атрофия

№20 Үлкен қан айналым шеңберінің тромбоэмболиясының көзі болып табылатын — тромбтың орналасатын орны:

  1. жүрек аневризмасының қуысы

  2. өкпе артериясының қақпақшаларының жармалары

  3. кіші жамбас қуысының веналары

  4. қақпа венасының бұтақтары

  5. үш жармалы қақпақшаның жармалары

№21 Клиникада жиі кездесетін эмболияның түрі:

  1. тромбоэмболия

  2. ауалы

  3. газды

  4. майлы

  5. бактериялық

№22 Тығындаушы тромбтар жиі … кездеседі.

  1. ұсақ веналар мен артерияларда

  2. аневризмаларда

  3. өкпе артериясында

  4. жүрек қуыстарында

  5. аорта қабырғасында

№23 Тамырларда тромбтардың пайда болуының жергілікті себептері:

  1. интиманың бүтіндігінің бұзылуы

  2. адвентицияның бүтіндігінің бұзылуы

  3. периваскулярлы склероз

  4. қанның ұю қасиетінің төмендеуі

  5. қанның ұю қасиетінің жоғарылауы

№24 Тіндік эмболия … кезінде кездеседі.

  1. жаралы эндокардит

  2. тері асты май қабаты езілген

  3. атеросклероз

  4. мойын жарақаты

  5. қуысты сүйектер сынған


№25 Тромбтың макроскопиялық бөліктері:

  1. басы

  2. арқасы

  3. алдыңғы

  4. артқы

  5. орталық

ІІІ нұсқа

№1 Жүрек кызметінің декомпенсациясының морфологиялық субстраты:

  1. миокардтың майлы дистрофиясы

  2. миокардтың коңыр атрофиясы

  3. жүректің семіруі

  4. липофусциннің жиналуы

  5. метастаздық әктелуі

№2 Организация процесі — бұл:

  1. тыртықтың пайда болуы

  2. дистрофия

  3. кистаның түзілуі

  4. амилоидоз

  5. метаплазия

№3 Ағзаның шынайы гипертрофиясы кезінде … болады:

  1. паренхима массасының үлғаюы

  2. строманың өсіп кетуі

  3. май тінінің өсіп кетуі

  4. капсуланың склерозы

  5. ағзаның көлемінің ұлғаюы

№4 Регенерация бұл:

  1. жойылған тіндердің кұрылымдық элементтерінің қалыпына келуі

  2. ағзаның тінінің, жасушаларының көлемінің улғаюы

  3. некроз ошағының дәнекер тінмен алмасуы

  4. тіннің бір түрінің екінші түріне алмасуы

  5. жасуша көлемінің кішіреюі

№5 Бронхтарда эпителий метаплазиясы … кезінде байқалады:

  1. созылмалы бронхит

  2. қан кұйылу

  3. жарақаттану

  4. некроз

  5. киста

№6 Жалпы атрофияның синонимі:

  1. кахексия

  2. семіру

  3. жалпы атрофия

  4. некроз

  5. ергежейлік

№7

Патологиялық физиология - бұл, туралы ғылым

  1. ауру организмнің тіршілігі

  2. дені сау организмнің құрылымдық ерекшеліктері

  3. дені сау организмінде жүйелері мен ағзаларының қызметтері

  4. ауру көріністері

  5. дені сау организмдегі зат алмасу үрдістері

№8 Патологиялық физиология – бұл, зерттейтін ғылым

  1. аурулардың пайда болуы, өтуі және аяқталуының жалпы заңдылықтарын

  2. физиологиялық жағдайлардағы организмнің тіршілігін

  3. аурулардың жіктелуін және аталымдарын

  4. аурулардың клиникалық көріністерін

  5. адам организміне дәрі-дәрмектердің әсерін

№9 Патологиялық физиологияның міндеттеріне жатады

  1. жалпы этиология және патогенезді зерттеу

  2. белгілі науқаста ауру өтуінің ерекшеліктерін зерттеу

  3. аурудың нақтылайтын аңғарымдамасын зерттеу

  4. ауруды зертханалық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу

  5. ауруды аспаптық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу

№10 Жануарлардағы тәжірибеде зерттеу мүмкін болмайды

  1. аурудың алғашқы кезеңін

  2. организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін

  3. аурудың емделмеген түрін

  4. аурудың тұлғалық белгілерін

  5. ауру дамуына орта жағдайларының ықпалын

№11 Патофизиологиялық тәжірибеде міндеттісі

  1. жануарларда адам ауруларын үлгілеу

  2. қызметтік көрсеткіштерді зерттеу

  3. тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістерді зерттеу

  4. биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу

  5. аурудың клиникалық көріністерін зерттеу


№12 Жануарларда үлгілеу мүмкін емес

  1. психикалық ауруларды

  2. қантты диабетті

  3. гастритті

  4. невроздарды

  5. сәулесоқ ауруын

№13 Кинетоздардың себебі болып, организмге тигізетін әсері табылады

  1. ұзақ, өзгеретін үдеудің

  2. салмақсыздықтың

  3. иондаушы сәуленің

  4. төмен температураның

  5. жағымсыз эмоциялардың

№14 Жалпы нозология - бұл:

  1. аурулар пайда болуының себептері және жағдайлары туралы ілім

  2. аурулар дамуының тетіктері туралы ілім

  3. біртектес дерттік үрдістер туралы ілім

  4. организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы туралы ілім

  5. ауру туралы жалпы ілім

№15 Ауру алдына тән

  1. аурудын бейнақты көріністерінің болуы

  2. организмнің икемделулік тетіктерінің жүктемесіз шектелуі

  3. организмнің икемделулік тетіктерінің жүктеме кезінде шектелуі

  4. ауруға ауысуының шарасыздығы

  5. аурудын арнайы көріністерінің болуы

№16 Аурудың нышандары (3 жауап)

  1. науқастың шағымдары

  2. аурудың дамығанын көрсететін дәлелімді тексеріс мәліметтері

  3. жұмысқа қабілеттілігінің жоғары болуы

  4. организмнің қорғану-бейімделуінің төмендеуі

  5. әлеуметтік және жан-дүниелік сәттілік

№17 Денсаулықтың нышандары (3 жауап)

  1. организм тіршілігінің қалыпты көрсеткіштері

  2. жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

  3. әлеуметтік және жан-дүниелік сәттілік

  4. жүктемеге бейімделу мүмкіншіліктерініңшектелуі

  5. денеде дерт пен көзге көрінетін ақаулардың болмауы

№18 Патогенезіне қарай аурудың жіктелуі

  1. жұқпалы аурулар

  2. Соматикалық аурулар

  3. Балалар аурулары

  4. Гинекологиялық аурулар

  5. Аллергиялық аурулар

№19 Этиологиясына қарай аурулардың жіктелуі

  1. жұқпалы аурулар

  2. Соматикалық аурулар

  3. Балалар аурулары

  4. Гинекологиялық аурулар

  5. Жүрек -қантамыр аурулары


№20 Аурудың бейнақты белгілері тән

  1. жасырын кезеңіне

  2. хабаршы кезеңге

  3. инкубациялық кезеңге

  4. аурудың айқындалу кезеңіне

  5. аурудың аяқталуына

№21 Аурудың барлық белгілерінің болуы тән

  1. жасырын кезеңіне

  2. хабаршы кезеңіне

  3. инкубациялық кезеңіне

  4. аурудың айқындалу кезеңіне

  5. аурудың аяқталуына

№22 Арудың жітілеу өтуінің ұзақтығы

  1. 4 күнге дейін

  2. 5 - 14 күн

  3. 15 - 40 күн

  4. бірнеше ай

  5. жылдар бойы

№23 Жұқпалы аурулардыңжасырын кезеңі аталады:

  1. жасырын кезең

  2. инкубациялық кезең

  3. ауруалды жағдай

  4. хабаршы кезең

  5. аурудың айқындалуы



№24 Жұқпалы аурулардың әйгіленімсіз кезеңі аталады

  1. хабаршы кезең

  2. инкубациялық кезең

  3. аурудың айқындалуы

  4. қайталану

  5. ремиссия

№25 Аурудың арнайы белгілері байланысты

  1. аурудың себептеріне

  2. ауру дамуына септесетін жағдайларға

  3. ауру дамуына кедергі жасайтын жағдайларға

  4. организмнің реактивтілігіне

  5. науқастың жасына.

ІV нұсқа

№1 Балалық шақта жиі кездеседі

  1. созылмалы миелолейкоз

  2. созылмалы лимфолейкоз

  3. жедел лимфобластық лейкоз

  4. моноцитарлы лейкоз

  5. Вакез ауруы

№2 Балалық шақ дерттерінің ерекшеліктеріне жататыны

  1. биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігі

  2. аурудың созылмалы өтуі

  3. биосинтез үрдістердің тежелуі

  4. өспелердің жиі кездесуі

  5. аурулардың көптігі


№3 И.П.Павлов бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

  1. нормостеник

  2. мыйлық түрі

  3. күшті, ұстамды, жігерлі

  4. пикниктік түрі

  5. липоматоздық түрі

№4 Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

  1. нормостеник

  2. сангвиник

  3. атлеттік

  4. бұлшықеттік

  5. күшті, ұстамды, жігерлі.

№5 Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

  1. нормостеник, астеник, гиперстеник

  2. мыйлық түрі, бұлшықеттік,тыныстық, асқорытулық

  3. күшті, ұстамды, жігерлі, күшті жігерсіз

  4. астениялық, атлеттік, бұлшықеттік

  5. холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик

№6 Гиперстениктерге тән

  1. өкпенің тіршілік сыйымдылығының салыстырмалы жоғары болуы

  2. қанда глюкозаның жоғары деңгейі, АҚ аса жоғары болуы.

  3. ішектіңқимылы мен сіңірулік қабілетінің төмендігі

  4. бүйрек үсті бездерініңқызметі мен қанда глюкоза деңгейінің төмен болуы

  5. эпигастр бұрышының сүйір болуы


№7 Гиперстениктер бейім

  1. артериялық гипотензияға

  2. анемияларға

  3. қанда глюкоза деңгейінің төмендеуіне

  4. қанда липидтердіңмөлшерінің жоғарылауына

  5. гипохолестеринемияға

№8 Астениктер бейім

  1. гипертониялық ауруға

  2. жүректің ишемиялық ауруына

  3. өт-тас ауруына

  4. анемияларға

  5. қантты диабетке.

№9 М.В.Черноруцкий бойынша гиперстеникке тән белгіні таңдаңыз

  1. бойы ұзын

  2. кеуде сарайы тар

  3. көкеттің төмен орналасуы

  4. жүрегі көлденең орналасуы

  5. тері асты шелмайы нашар дамыған

№10 Астеникке тән

  1. эпигастр бұрышы доғал

  2. негізгі алмасудың деңгейі жоғары жөне қанда глюкоза мен холестерин деңгейі салыстырмалы түрде төмен

  3. негізгі алмасудың деңгейі төмен

  4. гиперхолестеринемия және жүректің көлденең орналасуы

  5. артериялық гипертензияға, өттас ауруы дамуына бейім


№11 Қарттық шаққа тән

  1. аурудың гиперергиялық өтуі

  2. аурудың гипоергиялық өтуі

  3. аурулар әйгіленімдерінің айқындығы

  4. организмнің төзімділігінің жоғары болуы

  5. аурудың жедел түрде өтуі

№12 Қарт адамдар жұқпаларға бейім. Бұл мысалы

  1. түрлік реактивтіліктің

  2. даралық реактивтіліктің

  3. топтық реактивтіліктің

  4. арнайы реактивтіліктің

  5. иммундық реактивтіліктің

№13 Тұқым қуалайтын аурулар жиі кездесетін отбасының шежіресін зерттеу тәсілі

  1. жасушатектілік

  2. биохимиялық

  3. егіздік

  4. клиникалық-генеалогиялық

  5. популяциялық-статистикалық

№14 Хромосомдық ауруға жататыны

  1. гемофилия

  2. фенилкетонурия

  3. дальтонизм

  4. Клайнфельтер синдромы

  5. Иценко – Кушинг синдромы


№15 Аутосомның 21 жұбының трисомиясы тән синдром

  1. Шерешевский – Тернер

  2. Х – трисомия

  3. Клайнфельтер

  4. Даун ауруы

  5. Патау

№16 Туа пайда болған тұқымқуатын ауру

  1. гемофилия

  2. Даун ауры

  3. фенилкетонурия

  4. жаңатуылғандардың мерезі

  5. Гирке ауруы

№17 Тұқым қуалайтын аурулар – бұл

  1. туа пайда болған аурулар

  2. негізінде ұрпақөрбітетін құралдардың дерттік өзгерістері жататын аурулар

  3. ұрықта, жатыр ішінде, ауру туындататын жайттармен туындатылған аурулар

  4. пайда болуы негізінде тектік құралдың зақымдануы жататын аурулар

  5. адам солармен туылатын және тектің зақымдануына байланысты емес аурулар

№18 Мутагендер болуы мүмкін

  1. иондаушы сәуле

  2. қоршаған ортаның төмен температурасы

  3. қоршаған ортаның жоғары ылғалдылығы

  4. 4Е витамині

  5. гиподинамия

№19 Жасуша зақымдануының бейнақты көріністеріне жатады

  1. жоғары температураныңәсерінен нәруыз молекулаларының табиғатын жоғалтуы

  2. ацидоз, лизосомалар мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы

  3. мембрананың жыртылуы

  4. жәндіктер уы әсерінен фосфолипазалардыңәсерленуі

  5. цианидтермен уланғанда цитохромоксидазаның тежелуі

№20 Калий иондарының жасушалардан шығуы, көрінісі

  1. жасушаның бейнақты зақымдануының

  2. жасушаның арнайы зақымдануының

  3. жасуша зақымдануында кездеспейді

  4. тек қана гипоксиялық зақымдануда кездеседі

  5. тек қана механикалық зақымдануда кездеседі

№21 Цитохромоксидаза белсенділігі төмендеуі жасуша зақымдануының арнайы көрінісі болады:

  1. радиация әсері

  2. цианидтермен улану

  3. жоғары температураныңәсері

  4. механикалық жарақат

  5. қанайналымдық гипоксия кезінде

№22 Жасушаішілік ацидоз – бұл

  1. жасуша зақымдануының бейнақты көрінісі

  2. жасуша зақымдануының арнайы көрінісі

  3. жасуша зақымдануында кездеспейді

  4. гипоксияда ғана дамиды

  5. химиялық жайттар әсерінен дамиды

№23 Жасуша мембраналары өткізгіштігінің жоғарылауы

  1. жасушаның кез-келген зақымдануымен қабаттасады

  2. жасуша зақымдануының нағыз арнайы көрінісі болады

  3. жасуша зақымдануында кездеспейді

  4. тек қана гипоксиялық зақымдануда кездеседі

  5. тек қана механикалық зақымдануда кездеседі

№24 Жасуша зақымдануының патогенезінде маңызы бар (3 жауап)

  1. майлардың асқын тотығуы (МАТ) әсерленуі

  2. мембраналық фосфолипазалардың тежелуі

  3. мембраналардың механикалық (осмостық) созылуы

  4. мембраналардыңиммундық зақымдануы

  5. супероксиддисмутазаныңәсерленуі

№25 Майлардың асқын тотығуы (МАТ) әсерленеді

  1. стрессте, Д гипервитаминозында

  2. Е витаминін қабылдағанда

  3. супероксиддисмутаза белсенділігі жоғарылағанда

  4. каталаза белсенділігі жоғарылағанда

  5. пероксидаза белсенділігі жоғарылағанда


Дұрыс жауап эталондары



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ

1. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. – Алматы. Эверо- 2014.-699 б

2. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас.,стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.

3. Струков А.И. Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқулық/ – Ақтөбе. Жалпы білімі– 1-ші бас.-2010.-350 б. М.Т. Айткуловтың аудармасы.

4. Струков А.И. Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: Жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.-338 б. М.Т.Айткұловтың аудармасы.5.

5. Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Ақтөбе-2010ж.

6. Роуз А.Г. Атлас патологии. Перевод с англ. под ред. Коган Е.А. – М.:

Гэотар-Медиа, 2010.- 576 с.

7. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.