Файл: Малімлогопед Мслиманова А. Д Ерекше білім беру ажеттілігі бар балалара арналан оалту орталыы кмм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалім-логопед:Мүслиманова А.Д
«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ
Өскемен қаласы Әлеуметтендіру және бейімделу бөлімі
3-4 жас | ||
1. | Сасенов Даниал | 08.04.2017 ж |
2. | Ардақ Мүслім | 19.02.2018 ж |
3. | Оралбек Санжар | 08.07.2018 ж |
4. | Сагиолда София | 18.10.2018 ж |
5. | Серік Әмір | 25.04.2015ж |
6. | Амангелььдинов Ахмет | 07.06,2019ж |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 13.09.21; 16.09.21
Тақырып: Менің отбасым
Міндеттері:
Түзету-тәрбиелік: логопед нұсқаулығын мұқият тыңдауға, белсенділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Түзету-білімділік: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру, олар туралы ақпарат беру және бекіту; зат есім, сын есім және етістікті тіркестендіру.
Түзету-дамытушылық: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу. Сөздік қорын көбейту. Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып,есте сақтау қабілетін арттыру,байқампаздыққа баулу. Заттарды топтастыра білуді дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол маторикасын дамыту.
Құрал-жабдықтар: тақырыпқа байланысты отбасы мүшелерінің суреттері, картотекалар, ойыншықтар.
Іс- әрекет кезеңдері | Педагогтың басқару іс-әркеті | Баланың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Логопед: - Сәлем, балақай! Қалың қалай? Бүгін қандай әдемі болып келгенсің! Көңіл – күйің жақсы ма? Ендеше қазір екеуіміз шаттық шеңберіне тұрайық. Қазір менің айтқандарымды қайталап айтып, қимылдармен жеткіземін. Жарай ма? Ендеше кеттік. Шаттық шеңберін құрып мына тақпақты айтамыз: Шаттық шеңбері: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер. -Жарайсың! Енді орнымызға отырайық. | -Сәлеметсізбе? Жақсы. -Иә. -Жақсы. Логопедпен бірге өлең жолдарын айтады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бала орнына отырады. |
Іздену – ұйымдастырушы | 1.Сұрақ – жауап Балақай сен бүгін біздің қандай тақырыппен танысатынымызды білесің бе?- Балақай, біз қандай заттың бейнесін жасадық? - Ал, киіз үйде кімдер тұрады? - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ. Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз. Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар? - Киіз үй - Отбасы - Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады. - Қане, балалар отбасы мүшелерімен танысайық ? 1. Дидактикалық ойын: "Мынау кім?" Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу. Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынғанотбасы мүшесін табу. -Тақтаға қарашы, суреттер жасырынып тұр екен. Қасына барып, суреттерді ашайықшы. -Мына суретте кім бар екен? -Мына суретте кім тығылған? -Мына суретте кім бар екен? -Мынау кім? -Мынау ше? -Дұрыс айтасың! Ал бұл адамдардың барлығын біз кім деп айтамыз? Өте дұрыс, жарайсың! 2. Дидактикалық ойын «Ойлан,тап» Мақсаты: Баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, отбасы туралы мәліметтер жинау, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Барысы: - балақай менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып тап. -Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім? -Дұрыс айтасың? Өзіңнің атаң туралы әңгімелеп берші. - Өзі мейірімді, әрқашанда қатық-майы, ірімшігі, қант-кәмпиті дайын. Әртүрлі қызықты ертегілер айтып береді. Ол кім? -Ал сенің әжең қандай? -Өзі мейірімді, әрдайым тамағымды әзірлеп, киімдерімді жуып береді. Мені ұйықтатып, «балапаным» деп еркелетіп, бетімнен сүйеді. Бұл кім? -Сенің анаң қандай? -Мені қатты жақсы көреді. Менімен қызықты ойындар ойнайды, қыдыртады. Көлікпен анам екемізді балабақшаға апарады. Бұл кім? -Сенің әкең қандай? -жарайсың, балақай! Сен барлығын дұрыс таптың. 3. Дидактикалық ойын: «Көңілді доп». Мақсаты: Баланың сөздік қорын көбейтіп, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Ірі моторикасын дамыту. Барысы: Балақай келесі ойынымыз доп арқылы жүзеге асады. Мен саған допты лақтырып сұрақтар қоямын, сен соған жауап бересің. Ендеше бастадық! - Отбасы мүшесін ата. - Отбасында кімді жақсы көресің? - Отбасында кімге сыйлық жасайсың? - Анаңа қалай көмектесесің? - Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба? - Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің? - Жарайсыңдар, балақай, өте жақсы. 4. Дидактикалық ойын: «Төртінші артық». Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, заттарды топтастыра білуді дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Барысы: балаларға отбасы мүшелерінің суреттері бар және отбасы мүшелеріне жатпайтын бір сурет беріледі, осы суреттердегі артық затты тауып, неге артық екенін түсіндіру керек. -Балақай, мында саған төрт сурет берілген. Осы суреттерге қарап не артық екенін айтшы. Қай суретті сызып тастаймыз? Не үшін итті сызып тастадың? Дұрыс айтасың! -ал, бұл суретте ше? Жарайсың! 5. Сергіту сәті Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу / Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/ Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/ Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/ 6. Дидактикалық ойыны «Кім жоқ?» Мақсаты: Қисынды ой-қабілетін дамытады; өздігінен жұмыс істеуге үйретеді; есте сақтау қабілеті дамиды; зейінін қалыптастырады; байқампаздығы артады; Барысы: Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұр. Қазір көзіңді жұмасың. Мен бір суретті алып тастаймын. Сен қай сурет жоқ екенін табасың. Жақсы ма? Ал, бастайық! Көзімізді жұмамыз. Енді қарап айтшы, қай суретті алып тастадым? -Тағы көрейік. Енді ше? -дұрыс. Ал енді қай сурет жоқ? -өте дұрыс. Сен бүгін жарадың. 7. Артикуляциялық жаттығулар. Мақсаты: дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру. Барысы: «Сағат», «ине», «күрек», «күлеміз» жаттығуларын кезекпен 2 рет қайталаймыз. -Балақай, бұл ненің суреті? Қазір біз сенімен айнаға қарап отырып, тілімізбен «сағат» жаттығуын жасаймыз. Күлімдеп тұрамыз, аузымызды ашамыз. «Бір-екі» деп санап тілімізді оңға-солға кезек-кезек тигіземіз.Астыңғы иек қимылдамау керек. Жарайсың! Келісі суретті көрсетіп, - Бұл не? Енді біз сенімен «ине» жаттығуын жасаймыз. Тілімізді алға үшкір қылып шығарып, мен 10ға дейін санағанша ұстап тұрамыз. Керемет! Келесі суретті көрсетіп, сұраймын. –Бұл не? Дұрыс айтасың. «Күрек» жаттығуын жасау үшін тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұрамыз. Келесі суретте не берілген? Бұл жаттығуды жасау үшінезуімізді тартып, күлеміз, тістерімізді көрсетеміз. Жарайсың, осы жаттығуларды тағы бір қайталап шығайық. 8. Дидактикалық ойын «Еңбекқор саусақтар». Мақсаты: Ұсақ қол маторикасын дамыту, түстерді қабылдаудыдамыту. Барысы: Үлкі болынша отбасы мүшесінің суретін боя. Қандай түстерді қолдандың? 9. Қорытынды -Балақай, бүгінгі сабағымызда қандай отбасы мүшелерімен таныстық? Жарайсың! Үйге тапсырма: келесі сабаққа отбасы мүшелерін қайталап келеміз және дәптердегі тапсырмаларды орындаймыз, жарайма? Бүгін жасаған артикуляциялық жаттығуларды үйде үнемі жасап отырамыз. -Ендеше сабақ аяқталды.Сау бол! | Бала суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді. -Киіз үйдің -Ата, апа, мама,папа -отбасы -ата -апа -әке -ана -аға -іні -отбасы -Ата. -Әже. -мама -әкем -Бала сұрақтарға жауап береді. -мысықты -ол отбасы мүшесі емес. Бала өлеңді бірге айтып, қимылдайды. Айнаға қарап жаттығу жасайды. -ине -күрек |
Дыбыс айту
1 | Сасенов Даниал | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
2 | Ардақ Мүслім | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
3 | Оралбек Санжар | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
4 | Сагиолда София | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
5 | Серік Әмір | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
6 | Амангелььдинов Ахмет | Артикуляциялық жаттығулармен танысу |
Рефлесивтік- коррекциялаушы | -Бүгін не істедік? -Саған ойындар ұнады ма? |
Күтілетін нәтиже:
Түсінуге тиіс: отбасы туралы түсінік және оның мүшелерін
Білу: отбасы мүшелерін
Істей білу керек: зат есімді, сын есімді, етістікті тіркестендіру.