Файл: Салдарлы иммунитет тапшылыы жадайлары, жіктелуі, этиологиясы, зертханалы диагностикасы. Житс иммунды патогенезі мен иммунды диагностикасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Салдарлық иммунитет тапшылығы жағдайлары, жіктелуі, этиологиясы, зертханалық диагностикасы. ЖИТС-ң иммундық патогенезі мен иммундық диагностикасы.
ЕКІНШІЛІК ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Екіншілік (жүре пайда болған) иммунды тапшылық жағдайлар дегеніміз — иммунды жүйеге түрлі зақымдардың әсер етуінен қалыптасатын клиникалық иммунологиялық синдромдар. Екіншілік иммунды тапшылықтар иммунды қорганыстың арнайы және/немесе арнайы емес факторларының мөлшерлік және функционалдық көрсеткіштерінің айқын және тұрақты төмендеуімен сипатталады.
Екіншілік иммунды тапшылықтар, сонымен қатар, созылмалы жұқпалы аурулардың, аутоиммундық патологияның, аллергиялық аурулардың және қатерлі ісіктердің пайда болуының себебі болып келеді.
Екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың ерекшеліктері: • Иммунды жүйенің бұзылыстары организмнің клиникалық тұрғыда да, иммунды-зертханалық тұрғыда да қалыпты күйінде болғанында пайда болады, яғни екіншілік.
-
Иммунды жүйенің бұзылыстары айқын және тұракты болуы тиіс, себебі иммунды жүйенің көрсеткштері өзгермелі және оның бөліктері бір бірін толықтырып, компенсациялап тұратыны белгілі. -
Иммунды жүйенің бұзылыстары тек қана мөлшерлік емес, функционалды да болуы тиіс.
•Иммунды жүйенің бұзылыстары арнайы (адаптивті) иммунитетке де, арнайы емес иммунитеттке де қатысты болуы мүмкін.
•Кейбір адамдарда екіншілік иммунды тапшылықтың иммунды- зертханалық белгілері табылып, клиникалық көріністері, созылмалы шаршау сияқты, балама ғана болуы мүмкін. Бұндай кезде бұл адам екіншілік иммунды тапшылықпен негізделетін патологияның (жұқпалы, аутоиммундық, аллергиялық, онкологиялық) дамуының "қауіп аймағында" екендігін ескеру керек. Сонымен қатар, "қауіп аймағында" болу - қайтармалы жағдай. иммунды реабилитация шараларымен бұл адамға әлі де көмектесу мүмкін.
Екіншілік ИТЖ қалыптасуына себепкер келесі факторлар (334 беттегі 36-шы сур.):
физиологиялық (жасқа байланысты) факторлар;
ауруға шалдығу;
ятрогендік факторлар;
экологиялық факторлар;
өмір салтының қауіпті факторлары.
Физиологиялық (жасқа байланысты) иммунды тапшылықтар
Физиологиялық (жасқа байланысты) иммунды тапшылықтар
дегеніміз - иммунды жүйенің күрделі физиологиялық өзгерістерінің кезендерінде (жас балалық шақ, жасөспірімдік кезең, қарттық кезең, жүктілік сияқты) пайда болатын иммунды жетіспеушіліктер.
Баланың туылғанынан үш жасқа дейінгі кезең — иммуно-адаптивті кезең деп аталады. Бұл кезең иммунды жүйенің орталық және шеткері мүшелерінің функционалды жетілмеуімен сипатталады. Иммунды жүйенің пісіп жетілуі, оның қызмет етуін реттеу механизмдерінің қалыптасуы көптеген, соның ішінде жүқпалы, антигендермен әсерлесу жағдайында өтеді (қүрсақішілік даму стерилді ортада өтеді), Артық антигендік жүктеме толық пісіп жетілмеген имунды жүйенің реттеу механизмдерін бұзып, клиникалық түрғыда әр түрлі аллергиялық серпілістер (экссудативтік диатездер) және жұқпалы аурулармен аурушандықтың жиіленуіне алып келуі мүмкін.
Жасөспірімдік кезең - бұл жыныстық жетілу кезеңі. Бұл кезеңде организмде иммунды жүйенің қызмет етуіне зор әсер көрсететін гормоналдық қайта құру өтеді. Бұл жағдай организмнің үш негізгі реттегіш жүйелерінің - жүйке, эндокринді және иммунды өзара әсерлесу үрдістерінің қайта құрылуының нәтижесі болып келеді.
Қарт жастағы адамдарда ИТЖ, көбінесе, тимус инволюция нәтижесінде калыптасады. Шеткері қаңда жетілмеген Т-лимфоциттер пайда болып, олардың жетілген түрлері азаяды. Сонымен қатар қанда айырша бездің гормондарының - тимозин. тимопоэтин және т. б. деңгейі төмендейді. Қартайған сайын клеткалық белгілер механизмдері өзгереді, соның ішінде аденилатциклазаның кальций-тәуелді белсенділігі мен цитокиндердің (соны
ң ішінде ИЛ-12) өндірілуі төмендейді.
Қарт адамдарда жасушалық иммунитеттің тапшылығы басым болатындығынан онкологиялық аурулар жиіленеді, жұқпалы, біріншіден вирустық және саңырауқүлақтық табиғаты бар аурулардың ағымы ауырлайды. Аутоиммунды аурулардың пайда болуы жиіленеді.
65 жастан асқан адамдарда айырша бездің гормоналдық жетіспеушілігінен лимфоцитгердің реттегіш субпопуляцияларының өзара тепе-тендігі өзгереді. Бұл жағдай жасушалық иммунитетімен қатар гуморалдық иммунитеттің сандық және сапалық бұзылыстарына алып келеді. Ig G мен IgА көлемі жоғарылап, Ig М- төмендейді. Аутоиммундық аурулардың дамуының мүмкіншілігін күрт жоғарылататын аутоантиденелердің антиядролық, антитиреоидтық және т.б. синтезі жоғарылайды, ревмотоидтық факторлардың концентрациясы жоғарылайды.
Бүл жастағы адамдарда иммунологиялық дезадаптацияға тек қана иммунды факторлардың дисбалансы ғана емес, жүйке жүйесінің жасқа байланысты өзгерістер, гормоналдық бұзылыстар, ферментопатиялар, метаболизмнің өзгеруі және т.б. факторлар себепші бола алады.
Қалыпты жүктілік кезінде міндетті түрде ана организмінде эмбрионның дамуын қамтамасыз ететін уақытша иммунды
жетіспеушілік қалыптасады. Сонда ана организмінде Ig G плацента арқылы тасымалданғаннан және жүктілік кезінде уақытша Ig G түзілуінің өзгергенінен кан сарысуында IgСі деңгейі төмендейді. Ал Ig А мен Ig М деңгейлері керісінше аздап көтерілуі мүмкін. Қан нейтрофилдерінің қызметі төмендеп (әсіресе хемотаксис пен грамтеріс жэне кокктык флораға қарсы бактерицидтік әсерлері), макрофагтардың оттегінің белсенді формаларын түзуі азаяды. Т- супрессорларының саны көбейеді, бірақ Т- ж
әне В-лимфоциттердің тепе-тендігі өзгермейді. Жүктілік кезінде қалыптасқан иммунды статус (Ig G жетіспеушілігі, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитозының әлсізденуі, Т-супрессорлардың белсенуі) вирустық (грипп, гепатит, полиомиелит, қызамық, жел шешегі) және бактериалдық (әсіресе стрептококктық) жұқпаларға бейімділікті тудырады. Бірақ, олай болса да, жүкті әйелдің иммунды жүйесінің қызметін түзегіш кіріспелер жүктіліктің ағымын бұзуы немесе түсікті шақыруы әбден мүмкін, сондықтан қауыпті.
Бірақ, жүктіліктегі Rh-конфликт кезінде, керісінше, шаралар қолдану қажет. Феноменнің негізі: Rh- аналардың құрсағындағы RҺ+ эмбриондардың эритроциттері гемолизденеді. Rh— аналардың сенсибилизациясы бала туу немесе аборттар кезінде дамиды да, олардың жиілігі Rh-конфликтті ауырлатады. Rh-жүйесінің антигендері эритроциттердің бетінде орналасқандықтан екінші жүктілік аналық организмнің эмбрионның эритроциттеріне иммуноагрессия жағдайы туындап, олардың гемолизі орын алады (Кумбс пен Джелл жіктелуі бойынша II түрлі серпіліс). Бұл үрдіс эритроциттерге қарсы антиденелермен бірігіп патогенді иммунды кешендерді қалыптастыратын және организмнен элиминацияланатын анти-RҺ(0)-иммуноглобулинмен жоққа шығарылады. Бұндай иммунизация барлық Rh—әйелдерге бірінші аборт немесе RҺ+ бала туудан кейін қажет. Егер анти-RҺ(0)-антиденелер алдын ала қолданылмаса. оларды жүктілік кезінде енгізу керек. ДДҰ (ВОЗ) мәліметтері бойынша, иммунды профилактиканы тәжірибеге кең енгізгенге дейін Rh-конфликтінен дамитын нәрестелердің гемолитикалық ауруларынан кездейсоқ ішінде 5-10% өлетін.
Ауруларға шалдығуы
Екіншілік ИТЖ әр түрлі табиғаты бар аурулардың нәтижесі ретінде қалыптасуы мүмкін.
Ең жиі екіншілік ИТЖ
себебі болып жүқпалы аурулар келеді
Әр жедел жұқпалы аурудан кейін 1 айға созылатын транзиторлық иммунды тапшылық пайда болады. Осы мерзімге, әдеттей, балаларға вакцина егуге тыйым салынады.
Егер иммунды жүйе қалыпты жағдайда болса, жұқпалы аурулар жедел түрде өтеді. Жұқпалы аурудың созылмалы болуы қалыптасқан иммунды тапшылықтың белгісі. Созылмалы жұқпалар кезіндегі иммунды тапшылық қоздырғышпен күресу жағдайындағы иммунды жүйенің резервті мүмкіншіліктерінің жұқарғанынан болады және бара-бара ауырлайды. Сонымен қатар, аталған жағдай патологиялық үрдістің ары қарай созылмалануына себеп болады.
Бактериалдық жұқпалар (туберкулез, мерез, лепра, пневмококктық, менингококктық, стрепто- және стафилококктық және басқа жұқпалар). Туберкулездің ауыр түрлерімен науқастанған ауруларда Т-лимфоциттердің саны күрт төмендеп қызметтері тежеледі. Мерез бен лепра кезінде де осындай бұзылыстар байқалады. Пневмо- және менингококктармен шақырылған жұқпалар да, әсіресе герпетикалық жұқпамен әсерлескен кезде, Т-жүйенің әлсіреуі орын алады. Сонымен қатар, жасушалық иммунитеттің ақаулықтары көк жөтел, сүзек, скарлатина, бруцеллез және басқа жұқпалы аурулар кезінде қалыптасады.
Жиілігі жоғары болғандықтан созылмалы стрепто- және стафилококктық жұқпалармен шақыралатын иммунитет бұзылыстары жеке орын алады. Аталған патология кезінде жасушалық иммунитеттің төмендеуінен басқа В-лимфоциттердің күрт белсенуі ж