Файл: за мерзімді жоспар блімі Блім атауы Отбасы ндылытары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім атауы: Отбасы құндылықтары | Мектеп: №10 | ||||||||||||||||||||||||
Күні: 04.04.2023 | Мұғалімнің аты-жөні: Мустажапова А.Б. | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: 22 | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.1.2.1- әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығарма мазмұнын біледі; Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | -Жауапты азаматтық позияция -Құрмет | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, өнер | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Қолданылатын тақырыпқа қатысты тірек сөздер | Ана, бала, мұң, сағыныш, мейірімділік, пендешілік, тіршілік, бала психологиясы, күту, уәде, үміт. | ||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер | Автор көзқарасын анықтай алады, шығарманың түйінді ойын анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Көркем шығарма бойынша әдеби сын | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Қызығушылықты ояту -Мына фотоларға қарап, бүгінгі сабағымызды болжап көріңіздерші? -Бұл фотоларға қарап қандай құндылықтарды еске түсіреміз? Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстыру. | | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 5 минут 7 минут 5 минут 5 минут | Ой шақыру Білу «Анасын сағынған бала» деген ойды естігенде көз алдарыңа не елестейді? (Тақтада А3 форматта плакат ілініп тұрады, балалар түсінгендерін, елестеткендерін жазады.)
-Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір мәтіннің 4 бөлігі бөліп беріледі. Оқып болған соң, әр оқушы 1,2,3,4 – топтарға барады, яғни жаңа топ құрылады. -Әр оқушы келген тобындағы мәтіннің бөлігі туралы айтып түсіндіреді. -Оқушылар тұтас мәтінді талқыға салған соң, басты кейіпкерлерін, оқиға өрбуін, қарама-қайшы тұстарын талдайды. -Балалар, шығарма сіздерге ұнады ма? -Шығарманың басты идеясы не екен?
Талдау ТЖ 1.Топта берілген үзіндіні талдап, жалпы проблеманы анықтаңыз.
Дескрипторлар: -проблеманы анықтайды; -мәселені шешуде ұсынысын білдіреді. 1-топқа -Мамамды тауып алсақ... әр жағында папамды да іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді деп... Құжынаған халық деп... 2-топ Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмағамбеттің көзіне Сержан түскені. Ол қолына ойыншық ұстаған күйі, шығарып салушылардан бөлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Өткір көздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірақ жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: «Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?» деп тұрғандай еді. Жинақтау Автор қандай әдіс -тәсілдер арқылы шығарманы оқуға ынталандырды? (2 топқа тапсырманы бөліп берсе де болады)
Бағалау «Егер автор болсам... не істер едім?» тақырыбында авторға баға беріңіз. «Егер Сержан болсам... не істер едім?» тақырыбында Сержанның атынан жазушыға баға беріңіз. «Егер Күміскүл болсам.. не істер едім?» тақырыбында Сержанның анасы Күміскүлдің атынан авторға баға беріңіз. (әр оқушы қалаған тақырыбы бойынша сөйлесе болады) | | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша бағаланады. Кері байланыс: «Бес жолды өлең» стратегиясы Зат есім- Сын есім- Етістік- Синоним- Үй тапсырмасы: 1.Шығарма мазмұны бойынша сурет салып келіңіз. 2.Ана туралы 1 өлең жаттап келіңіз. | |