ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: Қаныш Сәтбаев | МЕКТЕП: «Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназия» | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің есімі:Исаева Д.Т | |||||||||||
СЫНЫП: 10 сынып | Қатысқан оқушылар саны:12 | Қатыспағандар саны:0 | ||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) | Т5 Бейнефильмдегі негізгі идеяны түсінуі және күрделі сұрақтарға жауап беруі А5.Медиақұралдар арқылы тілді дамыту. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: негізгі идеяны түсінеді және сұрақтарға жауап береді | |||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: негізгі идеяны түсініп, өз пікірін білдіреді | ||||||||||||
Кейбір оқушылар: негізгі идеяны түсініп, дәлелдей алады | ||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: медиақұралдағы берілген ақпаратты түсінеді.Мәтіндегі деректерге байланысты өз пікірлерін анық айтады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптасады. | |||||||||||
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер Новая папка (6)\Геолог.docx геолог,академик,минералогия, металлогения Геолог.docx | ||||||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: -Ғалым болу үшін не керек? -Қаныш аға қандай адам болған? -Бүгінгі жастар қандай болуы керек? - Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті кім? -Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушысы кім? - Қазақтан шыққан тұңғыш академик кім? -Ғылым академиясы кімнің есімімен аталады? | ||||||||||||
Алдыңғы оқу | Қ.Сәтбаев туралы мәліметтер жинап келеді | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||||||||||
Басы 10 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Сыныпты ғаламшар суреттері бойынша топқа бөлу. Презентация1.pptx Новая папка (6)\Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына -115 жыл - YouTube.webm Бейнематериал бүгінгі тақырыппен қалай байланысқан? - Балалар,қалай ойлайсыңдар ... . -Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ? Тренинг: « Жылулық сезімі» (оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін жолдайды.) Ынтымақтастық атмосферасын орнату арқылы сабақтың мақсаты таныстырылады. Сабақтың эпиграфы: «Жері байдың – елі бай» Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың - елі бай» деп тегін алып отырған жоқпын. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол , ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі , оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Новая папка (6)\11б класс\Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың.pptx Роwer point таныстырылымынан Қаныш Сәтбаевтың портреті көрсетіледі. Осы ұлы тұлға туралы не білеміз? Новая папка (6)\murzaglieva-k-galim-omiri.ppt Миға шабуыл3 мин Кестеге жазады) «БББ» стратегиясы.
| | ||||||||||
Ортасы 25 мин. | Медиақұралдарды пайдаланып,бейнематериалды көрсетемін Сен білесің бе Қаныш Сәтбаев (KZ) - YouTube.webm Бейнеметериалдың мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтарға жауап береді. «Кластер» стратегиясы. Ж/ Ж Бейнематериалдың сюжеті бойынша диалог құру Мағынаны тану. 2-тапсырма.Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіру. (Топ ішінде орындалады) «ЖИГСО». «Бөлшекте,жинақта!» Шарты: Сыныптағы төрт топ 1-кезеңде мәтінді 4-ке бөліп оқиды. 1.Бала Қаныш. 2. Білім алу жолында. 3. Еңбек жолы. 4. Ғылыми еңбектері 2-кезеңде Әр топтағы балалар бір топқп бірігеді.Олар өздері оқыған бөліктің мазмұнын, тілдік құралдарды біргіп талдайды.Нәтижесінде өздері қалаған тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет, карта және т.б) мәтіннің сол бөлігінің мазмұнын жинақтайды. 3-кезеңде Өздерінің дайындаған материалдарын қорғайды. 4-кезеңде Сипаттау мәтін жазады (көлемі 20-30сөз) Ж/ Ж Мәтінді диалогке айналдыру. (Жұппен жұмыс) А Ә Б В Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, 1.Қаныш аға адамда қандай қасиеттер болуы керек? 2.Қаныш Сәтбаев барлық өмірін неге арнады? оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз. Бір минут қана Оқушылар кезекпен бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді. | Бейнежазбада айтылған мәліметтер бойынша «кластер» толтырады Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады, содан соң жұппен, топпен талқылап, ортақ шешімдерін ұсынады. Келесі топпен бөліседі. Оқулықпен жұмыс жасайды. | ||||||||||
Соңы | Рефлексия «БББ» стратегиясын жалғастырады. Шаршылар Сабақтың аяғында әр оқушы параққа шаршының суретін салады. Егер сабақ түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды. Үйге:Қаныш ағаға хат жазу. «Мен білетін Қаныш Сәтбаев» тақырыбына эссе жазады. | | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі). | ||||||||||
А Ә Б В Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз. | Тыңдалым тапсырмаларының жетістік критерийлері: 1.Бейнекөрсетілім тақырыбын түсінеді. 2.Ашық сұрақтарға жауап береді Жазылым тапсырмаларының жетістік критерийлері: 1.Оқушының сөздік қоры мен сюжет мазмұнының байланысы 2. Қаныш Сәтпаевтің бойындағы қасиеттерді сипаттай отыра,сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау. | АКТ,Қазақстан тарихы | ||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейдеөтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? | 10 | |||||||||||
| ||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. 2. |