ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып: Жоғарғы мектеп ұстазының педагогикалық шеберлігі
Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Закон Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года № 293-VI «О статусе педагога» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 03.05.2022 г.)
17-бап. Мұғалімнің кәсіби дайындығы
1. Педагогтің кәсіптік даярлығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Педагогтерді кәсіби даярлаудың білім беру бағдарламалары Педагогтің кәсіби стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
18-бап. Педагогтің біліктілігін арттыру
1. Педагог бұрын алынған кәсіби құзыреттерді қолдау және дамыту мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, оларды өту тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жекелеген бағыттар мен пәндерді (модульдерді) игеру арқылы, сондай-ақ "Болашақ"халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
3. Педагогтердің алған білімдерін практикада іске асыру үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді тегін жүзеге асырады.
4-бап. Педагог мәртебесі
1. Қазақстан Республикасында Педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ерекше мәртебесі танылады.
2. Адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру және тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болу кезеңінде педагог мәртебесіне ие болады.
3. Педагогтер лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5-бап. Педагогикалық этика
1. Педагогикалық этика заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
2. Педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес педагогтің тәртіптік жауаптылығына әкеп соғады.
3. Педагогикалық әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.