ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 64
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқаша лекцияТарау :Әр түрлі ортадағы электр тогы№ 8 кесте
Қысқаша лекцияТарау :Әр түрлі ортадағы электр тогы№9 кесте
| | Сабақтың тақырыбы: Электролиттегі электр тогы. | |
| № | сұрақ | жауаптары |
| | Электролиттік диссоциация | - Судың полярлық малекулалары электр өрісінің әсерінен электролиттерді еріткенде иондарға ыдырау процесі |
| | Диссоциация ережесі | t-температураға, α-ерітіндінің концентрациясына, ε-диэлектрлік өтімділігіне тәуелді. |
| | Электролиз | Тотығу-тотықсыздану реакциясымен байланысты электродтарға зат бөліну процесі |
| | Электролиттер | Электр тогы иондық өткізгіштік арқылы жүзеге асатын заттар |
| | Иондық өткізгіштік | сыртқы электр өрісінің әсерімен болатын иондардың реттелген қозғалысы (мысалы:Қышқылдар,сілтілер және тұздардың ерітінділері,сол сияқты тұздардың балқыламалары электролиттер болып табылады) |
| | Иондар | бір немесе бірнеше электрондарды жоғалтқан не қосып алған атомдар немесе молекулалар. Оң иондар-катиондар деп,теріс иондар аниондар деп аталады. Иондарға реттелген қозғалысқа түсіретін электр өрісін ток көзімен жалғанған электродтар туғызады.Оң зарядталған электрод-анод деп,теріс зарядталған электродты - катод деп аталады.оң иондар анодқа қарай қозғалады. |
| | Электролиз | Сұйық арқылы электр тогы өткенде электродта электролиттің құрамына енетін заттардың бөлінуін |
| | Электролиттердегі иондардың пайда болуы қалай түсіндіріледі? | Электролиттердегі иондардың пайда болуы электролиттік диссоциация құбылысымен – еріген зат молекулаларының еріткішпен әсерлесу нәтижесінде оң және теріс иондарға ыдырауымен түсіндіріледі. |
| | Электролиздің бірінші заңы | (Фарадейдің бірінші заңы): электродта бөлініп шыққан заттың массасы электролит арқылы өтетін зарядқа тура пропорционал : мұндағы k – заттың электрохимиялық эквиваленті деп аталады. |
| | Электролиздің екінші заңы | (Фарадейдің екінші заңы):заттардың электрохимиялық эквиваленттері олардың А атомдық ( мольдік) массаларының n валенттілігіне қатынасына тура пропорционал: мұндағы F – Фарадей саны ( тұрақты ) . |
| | Фарадей саны | F = 9.648· 10 7 [ |
Қысқаша лекцияТарау :Әр түрлі ортадағы электр тогы№9 кесте
| № | Сабақтың тақырыбы: Газдардағы электр тогы. | |
| № | сұрақ | жауаптары |
| | Газдардың металдар мен электролиттерден айырмашылығы неде ? | Газдар электр бейтарап атомдар мен молекулалардан тұрады да,қалыпты жағдайда токтың еркін тасымалдаушылары ( электрондар мен иондар ) болмайды.Газдар қалыпты жағдайда диэлектриктер болып табылады |
| | Газдардағы ток тасымалдаушылар . . . ? | Газдардың атомдары немесе молекулаларынан электрондар ұшып шыққан кезде пайда болатын - иондалған газдар. |
| | Газдық разряд дегеніміз не? | Бұл газдардағы электр тогы Газ разрядын алу үшін газ разрядты түтікше пайдаланылады |
| | Газды иондау қандай әсерлер арқылы жүзеге асады? | Газды иондау сыртқы әсерлер арқылы жүзеге асады: күшті қыздыру,ультракүлгін,рентген және радиоактивтік сәулелер,газ атомдарын ( молекулаларын) жылдам электрондармен немесе иондармен соққылау. |
| | Иондық соққылау разряды | деп электр өрісінде үдетілген электрондар немесе иондардың атомдармен,молекулалармен соғылысуы кезінде бір немесе бірнеше электронның газ атомынан бөлініп шығуын айтады. |
| | рекомбинация | Газдардың иондануына кері процесс-– қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің ( оң иондар мен электрондар ) бейтарап атомдар түзуі. |
| | Тәуелді газ разряды | сыртқы ионизаторларға байланысты газ арқылы ток жүру құбылысы. |
| | Тәуелсіз газ разряды – | сыртқы ионизатордың әсері тоқтағаннан кейін де жалғаса бертін разряд |
| | Газдың қысымына және электродтарға берілген кернеу шамасына байланысты тәуелсіз разрядты бірнеше түрге бөледі. | |
| | Солғын разряд - ? | төменгі қысымда (сынап бағанасы мм-дің ондық,жүздік үлестерінде ) байқалатын разрядтар |
| | Тәжді разряд - ? | біртекті емес күшті өрістерде ( сүйір ұштардың,жоғарғы кернеулі электр желісі маңында т с.с.) орналасқан қалыпты қысымдағы газда байқалатын разряд |
| | Ұшқынды разряд - ? | -қалыпты қысымда,электродтар арасында электр өрісінің кернеулігі жоғары болғанда байқалатын разряд.Мұнда газ ерекше жарқырайды және көп жылу бөлінеді.Мысалы:найзағайдың жарқылы. |
| | Доғалық разряд - ? | тәуелсіз разрядтағы ток тығыздығы өте үлкен болғанда байқалатын разряд.Доғалық разрядтың басты себебі-қызған катодтың термоэлектрондық эмиссиясы.Электрондар электр өрісімен үдетіледіде , газ молекулаларының соққылық иондануын туғызады,газдың өткізгіштігі күшті артады.Электродтар аралығында күшті жарық шығаратын газ бағаны пайда болады ( электр доғасы ). |