Файл: Ми жне психика. Жоспар Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 120

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ми және психика.



Жоспар:

Кіріспе:

1.1 Психиканың дамуы және оның негізгі кезеңдері.

Негізгі бөлім:
2.1 Ми және психика.

2.2 Сана – объективті дүниенің бейнесі.

Қорытынды
Сана және оның дамуы.

Адам саналы жан иесі. Сана адамзат өмірінің ажырамас атрибутын құрайды. Адамның саналы өмірінің ерекшелігі оның өзін, айналасындағылардан өз “Менін” ажырату, өзінің ішкі дүниесін жасау қабілетінде. Нақ осы қабілет жануарлар (шынайы-табиғи) мен адамзат (қоғамдық-тарихи) өмірі арасындағы айырмашылық шегін анықтайды. Бұл қабілетті Тейяр де Шарден адамзат санасының өзегі ретінде түсіне отырып, рефлексия деп атады.

Психикалық дамудың жоғары деңгейі ретіндегі сана. Қазіргі психологияда сана қоғамдық – тарихи жан иесі ретіндегі адамға ғана тән психикалық бейнелеудің және өзіндік бақылаудың жоғары деңгейі ретінде қарастырылады. Сананың басты қызметі әрекеттерді ойша құру және олардың салдарын алдын ала көру, жеке басының мінез-құлқын бақылау және басқару, қоршаған ортада, өзінің ішкі дүниесінде болып жатқан жағдайлар туралы өзіне - өзі есеп беру қабілеті болып табылады.

Сана бізді қоршаған дүние туралы білімдер жиынтығынан тұрады. Сана құрылымына танымдық процестер кіреді, осы процестің көмегімен адамдар өз білімдерін үнемі байытып отырады. Аталған процес қатарына түйсік және қабылдау, ес, қиял және ойлау кіруі мүмкін.

Сана қызметтері іс-әрекет мақсаттарын және әрекеттерді алдын ала ойша құрастыруымен нәтижеленеді, яғни бұл адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы басқаруды қамтамасыз етеді.

Сананың келесі қасиеттерін бөледі: қатынастарды құру, таным және әсерлену. Осыдан сана процестеріне ойлау және эмоциялар кіреді. Ойлаудың басты қызметі сыртқы дүниедегі құбылыстар арасындағы объективті қатынастарды анықтау болса, эмоцияның негізгі қызметі – адамның заттарға, құбылыстарға, адамдарға субъективті қатынасының қалыптасуы. Сана құрылымында қатынастың бұл түрлері бірігіп, мінез-құлықтың ұйымдасуын, сондай-ақ өзіндік бағалау мен өзіндік сананың терең процестерін анықтайды.

Сана адамда тек әлеуметтік байланыс орнатуда ғана дамиды. Филогенезде адам санасы дамыды, табиғатқа белсенді өзара әсер ету және еңбек әрекетін жасау жағдайында қалыптасты.

Сананың эпицентрі өз “Менін” ұғыну болып табылады.

Сана: 

1) болмыста туындайды,

2) болмысты бейнелейді,

3) болмысты жасайды.
Сана функциялары:

1) бейнелеуші,

2) тудырушы (шығармашылық-креативті),

3) басқарушы-бағалаушы,

4) рефлексивті – негізгі қызмет, сананы сипаттайды.

Рефлексия объектісі мыналар болып табылады:

1) дүниені бейнелеу;

2) олар туралы ойлау,

3) адамның өз мінез-құлқын басқару тәсілдері;

4) рефлексия процестері;

5) өзінің жеке санасы;

Өзіндік сана. Өзіндік сана психика құрылымы мен сана құрылымында айрықша орын алады. Өзіндік сана – адамның өз білімдерін, сезімдерін, мінез-құлық және іс-әрекет мотивтерін бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты және кеңестік психолог В.С.Мерлиннің пікірінше, төрт негізгі компоненттерден тұрады
өзін басқа дүниелерден айыру;

“Менін” ұғыну;
өзінің психикалық қасиеттерін, эмоциялық өзіндік бағалауын ұғыну;

қарым-қатынас және іс-әрекет арқылы жинақталып, тәжірибе негізінде қалыптасқан әлеуметтік-адамгершілік өзіндік бағалау, өзіндік құрмет;


Қазіргі ғылымда өзіндік сананың пайда болуына түрлі көзқарастар бар. Соның ішінде өзіндік сананы адамның өзіндік түйсігіне, өзіндік қабылдауына негізделетін адамзат санасының генетикалы бастапқы түрі ретінде түсіну дәстүрлі болып табылады. Өзіндік сана ерте сәбилік шақта балада өзінің физикалық тәні, өзін айналасындағы дүниелерден айыру туралы тұтастай түсінік қалыптасқаннан-ақ пайда болады.

С.Л. Рубинштейн көзқарасы бойынша өзіндік сана – сананың дамуы нәтижесінде пайда болған сананың жоғары түрі. Сана өзіндік санадан, «Меннен» туындамайды, өзіндік сана тұлға санасының дамуы барысында пайда болады.


Өзіндік сана өлшемдері: 

1) өзін ортадан бөліп қарау, өзін субъект ретінде ұғыну (физикалық ортадан, әлеуметтік ортадан);

2) өз белсендігін – “Менін” ұғыну, өзін басқару;

3) өзін “өзгелер” арқылы ұғыну (“Менің өзгелерден көргенім, менің де қасиетім болуы мүмкін”);

4) өзін моральды бағалау, рефлексияның болуы - өзінің ішкі тәжірибесін ұғыну;

Бейсаналық” ұғымы. Сана адам психикасында маңызды роль алғанымен, барлық психикалық өмірді қамти алмайды. Сана адамның ішкі дүниесінде өтетін процестердің басым бөлігін ұғына бермейді. Ұғынылмайтын психикалық процестер, операциялар және күйлер психикалық дүниенің айрықша сферасын құрайды және ол бейсаналық (санадан тыс) деп аталады. Психиканың бейсаналық деңгейінде субъект жасайтын әрекетті ерікті бақылау, олардың нәтижесін бағалау мүмкін емес.


2.1 МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА
Психикалық  процестер  мидың  жұмыс істеу принциптерімен тығыз байланысты жəне олардың  өрбуінде  мидың  оң  неме-  се сол сыңарлары əртүрлі алгоритммен, тəртіппен  ат  салысады.  Ғылымда  екі  ми   сыңарларының қызметін түсіндіретін мидың функциялық асиметриясы (МФА деген ұғым қалыптасқан. Мидың функциялық  асимметриясы – психикалық функциялардың мидың оң жəне сол жартышарының арасында бөлінуінің айырмашылықтарын көрсететін, мидың күрделі қасиеті.Функциялардыңжартышарларарасында бөлінуінің қалыптасуы мен дамуы биологиялық, мəдени факторлар кешенінің əсерінен əлеуметтену өрісінде сəби кезден жүреді деп саналады. Ми жартышарларының асимметриясы адамда психиканың белгілі бір құрылымының қалыптасуының себебі болуы арқылы оқыту үрдісінің негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Сондықтан білім беру жүйесіне, оқыту процесіне қатысты мəселе ретінде МФАның психологиялық, педагогикалық аспектілері жан-жақты      зерттеліп, əртүрлі  ізденістер  арқылы жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріндегі, тұлғалық қасиеттеріндегі маңызын ашу өзекті мəселе болып саналады.

Осыған орай, соңғы жылдары бірқатар себептерге байланысты жеке адам психологиясының мазмұны, диагностикалау жəне психологиялық проблемаларына арналған еңбектердің саны едəуір өсуде. Жеке адам психологиясының дамуын, қалыптасу заңдылықтарын анықтаудың жалпы психологияда əртүрлі  стратегиялары жəне нəтижелері бар. А.В. Либин адамдардың психологиялық айырмашылықтарын  зерттеудің ең өнімді тəсілдемелерінің бірі биологиялық («табиғи») негіздер теориясына сүйенген тəсілдемелер деп санайды. И.П.  Павловтың, Б.М. Теплов пен В.Д. Небылицынның, В.М. Русаловтың, Г. Айзенктің, Я. Стреляуды жəне басқа да ғалымдардың зерттеулері осы арнада орындалған. Бұл еңбектерде нейро жəне психофизиологиялық зерттеулер психологиялық білімдер жүйесіне тікелей кіріп, адамның жеке даралығының себептерін түсінуге қажетті буын болып табылатындығы атап өтіледі.

Ми жəне психика жұптамасының негізі болып саналатын психологиялық  компонент ретінде мидың функциялық асимметриясы нақты-бейнелік жəне абстрактілік-қисындық ойлау, конвергенттік жəне дивергенттік ойлау, қабылдаудың бірінші жəне екінші сигналдық жүйелері, өріске тəуелділік жəне өріске тəуелсіздік, икемділік  жəне  ригидтілік,  экстравер-  сия жəне интроверсия сияқты жəне т.б. бірқатар психологиялық қарама-қарсылықтардың алғышарты болып саналады. Осы психологиялық қасиеттердің əртүрлі дəрежеде болуы адамдардың оларға тəн қабілеттерімен, эмоциялық-тұлғалық сипаттамаларымен, бейімделудің психологиялық типтік   ерекшеліктерімен   бірге    мінез-құлқы,  іс   əрекеті   жəне   қарым   қатынас   көзі   ретінде


«сол жартышарлық» жəне «оң жартышарлық» ойлауға сүйенуін қалыптастырады. В.Л.  Биан-  ки, В.С. Ротенберг, С.М. Бондаренко, Л.И. Вассерман, Е.Д. Хомская жəне басқалардың еңбектерінде мидың фунциялық асимметриясы психологиялық проблема ретінде қарастырылып,  əлі  де болса түбегейлі зерттеулерді талап ететін, психологиялық процестердің негізін құрайтын компонент ретінде маңыздылығы ашылмағанын алға тартады.

Осыған орай үстем жартышардың, жетекші қолдың, сөйлеудің, эмоциялардың, ойлаудың қалыптасуы  жəне  олардың  өзара  байланы-   сы туралы деректердің қарама-қайшылығы, бытыраңқылығы жəне үзінділігі салдарынан мидың функциялық асимметриясы психолог мамандардың назарынан тыс қалуда.

Мидың функциялық асимметриясының (МФА) проблемалар жинағы – ежелден пайда болған мəселе. Адамның тіршілік ету кезінде, түрлі қызметтерді атқаруда қолдарының пайдалану бейімділігі ерте заманнан-ақ белгілі болатын. Соған сəйкес адамдарды оңқайларға («оң қолдыларға») жəне солақайларға («сол қолдыларға») бөлетін болған.

Ми жартышарларының функциялық тұрғыдан бірдей емес екендігі туралы мəселені ең алғаш 1861 жылы ағылшын неврологы Хьюлинг Джексон көтерді деп саналады. Сосын Поль Брока жəне Карл Вернике «сөйлеу орталықтарын» ашқан соң жартышарлық асимметрия бойынша кейінірек ашылған жаңалықтардың нəтижесінде адам миының сол жартышары сөйлеуге, қозғалыс белсенділігіне, денені кеңістікте бағдарлауға, ұтымды ойлануға қатысты үстем деп санала бастады. Мидың оң жартышары болса қосымша, маңыздылығы төмен автомат ретінде қарастырылды.

Дегенмен кейін келе мұндай ұстаным расталмады. Əртүрлі тəжірибелік деректердің жəне науқастарды бақылау нəтижелерінің біртіндеп жинақталуы ғалымдарды адам миының оң жартышары мидың белсенділігі төмен, қосымша құрылымы ғана емес, едəуір маңызды, өзіндік ерекшелікті функциялар атқаратыны туралы қорытынды жасауға мəжбүрледі.

Ғалымдар көптеген тəжірибелердің негізінде мидың жартышарлары арасындағы айырмашылық ақпараттың табиғатына емес, оны талдау тəсілдеріне байланысты екендігі туралы қорытындыға келді. Г.М. Вартапетова, Е.Э. Петрова мидың сол жартышарында вербалдық материалды талдау фонологиялық қағида бойынша: дыбыстық талдау жəне синтез арқылы орындалады,  ал мидың  оң  жартышары  сөзді тұтастай «гештальт» арқылы қабылдайды дейді [2].

Мидың оң жартышарының сөздік қоры бірден қалыптаспайтындығы жəне өзіндік ерекшеліктері бар екендігі байқалған. Бұл ауызша да, жазбаша да сөйлеуге қатысты. Адам техникалық жəне поэтикалық мəтіндерді қабылдаған  кезде оның миының оң жəне сол жартышарлары белсенділігінің  арақатынасы  əртүрлі  болатындығының дəлелденгеніне ерекше назар аудару керек. Екі жағдайда да ол сөздік конструкцияларды қабылдайтын болса да, техникалық мəтіндерді оқу кезінде мидың сол жартышары белсенді жұмыс істейді, ал көркем əдебиет оқыған кезде мидың оң жартышары белсенді жұмыс істейді. Осының дəлелі ретінде мидың оң жартышары зақымданған кезде ақындық өнер (сөздерді түрлі мағынада пайдаланумен байланысты қабілет) қатты зардап шегетін болып шықты [3].


Сонымен, мидың екі жартышары да сөйлеуді қабылдауды жəне сөйлеу белсенділігін реттеу функцияларына қатысады, бірақ оң жəне сол жартышарлардың ол функциялары мамандандырылған деуге болады. Ми жартышарларының мұндай мамандануы басқа да жоғары психикалық көріністерге қатысты көрінеді. Бұл мидың оң жартышары сол жартышарына қатысты жəрдемші функциялар атқаратын қарапайым құрылғы болып табылады деген көзқарасты теріске шығарды. Мысалы, мидың оң жартышары зақымданған соң мидың көріністі қабылдау, кеңістікте  бағдарлану  жəне кеңістіктік ойлау сияқты маңызды функциялары бұзылатыны анықталды. Мидың функциялық   асимметриясы   (МФА) туралы тəжірибелік деректердің жинақталуы нəтижесінде адам миы жартышарларының үстемдігі туралы тұжырымдама дами бастады. Ол тұжырымдамаға сəйкес мидың сол жартышары вербалдық-символдық функцияларға маманданған, ал оң жартышары кеңістіктіксинтетикалық функцияларға маманданған  [1].

Бұл тұжырымдаманы дайындауға жəне мидың оң жартышарының рөлін анықтауға өзінің бірқатар ғылыми жұмыстары үшін 1981 жылы Нобель сыйлығын алған нейрохирург Роберт Сперри ерекше үлес қосты. Р. Сперри жəне оның əріптестері мидың əрбір жартышары бір-бірінен тəуелсіз ақпарат алатын бірқатар ерекше арнайы тесттер жəне техникалық тəсілдер ойлап шығарды [4].

Миының жартышарлары арасындағы байланыс үзілмеген, дені сау адамдармен жүргізілген зерттеулер ми жартышарларының мамандануының бар екендігін негізінен дəлелдеді. Мысалы, көптеген ғалымдар дені сау адамдардың миының жартышараралық асимметриясына электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеулер  жүргізді.  Ол  зерттеулерде   ЭЭГ-да альфа-ырғақтың өзгеруі барынша анық көрінетін өзгерістері тапсырма олардың қайсысына жолданғанына байланысты сол немесе оң жартышарда байқалады. Қарапайым арифметикалық есептер шығаруға жəне жекелеген сөздерді немесе сөз тізбектерін ойлап табуға аналитикалық тəсілдемені пайдалануды талап ететін тапсырмалар кезінде, сыналушы адамдар миының электрлік белсенділігінің өзгеруінен оның сол жартышары белсенді жұмыс істейтіні белгілі болды.

Мидың оң жартышары нақты заттардың бейнелерімен жұмыс істеуге маманданған, кеңістікте бағдарлануға жауапты жəне кеңістіктік ақпаратты оңай қабылдайды, оны тұтасты бөліктері бойынша тануға қабілетті, яғни мидың синтетикалық қызметіне жауапты. Оң жартышар жағдаяттарды жəне олардағы адам өз қызметінің нəтижесінде алғысы келетін өзгерістерді тұтас көре білумен байланысты көрнекті-бейнелік ойлауды қамтамасыз етеді. Оң жартышар логика заңдары бойынша емес, сызықтық типті ассоциациялар заңдары бойынша қызмет ететіндігі жəне оң жартышарлық тетіктер шешуші рөл атқаратын қорытындылар бірлі-жарым казуальдық байланыстарға емес, көптеген конвергенциялық детерминанттарға негізделгендігі туралы  болжам айтылған. Сол жартышар алгоритмдерді қалыптастыру заңдары бойынша қызмет істейді, ал оң жартышар эвристикалық түрде жұмыс істейді, ұйымдастырылған ақпаратты қабылдауды қамтамасыз етеді. Сурет салу жəне формалар мен түстердің үйлесімділігін қабылдау қабілетін, музыкалық есту қабілетін, əртістікті, спорттағы табыстарды мидың оң жартышарының функциясымен байланыстырады.