Файл: Білім беру йымы (балабаша шаын орталы, мектепалды сыныбы).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)



''Бөбек бөбекжайы" ЖБҚ МКҚК

Топ/сынып

Ересек топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы

Айгөлек 4-топ

Балалардың жасы

4 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні

Қаржауова Эльмира

Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

08.05-12.05.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма



















Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Медбикеден кеңес: «Тазалық – денсаулық кепілі».

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)







"Ойыншықтардағы тәртіп".

Мақсат-міндеттер: жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; сумен жұмыс кезінде ұқыптылықты дамыту. Өз еңбегі мен басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

(еңбек дағдылары)

"Бөлме өсімдіктерін суғару".

Мақсат-міндеттер: өсімдіктердің жарық пен ылғалды қажет ететіні туралы білімдерін кеңейту, ылғалды сүйетін және құрғақшылыққа төзімді, фотофильді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жапырақтарынан қалай тануға болатындығын үйрету. Су және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту. Қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауды, оған қамқорлық жасауды тәрбиелеу.

(еңбек дағдылары)

"Төсектерді төсеуде күтушіге көмек көрсету"

Мақсат-міндеттер: балаларды өз төсек-орындарын ажыратуға үйрету; ересектерге қолжетімді көмек көрсетуге деген ынтаны тәрбиелеу; жұмысқа деген ұмтылысты, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

(еңбек дағдылары)







Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу

"Жұмбақ жасырмақ жаттығулары".

Мақсат-міндеттер: балаларды көркем сөздің жұмбақ формасымен таныстыруды жалғастыру, жұмбақтың тақпақтан негізгі айырмашылығы жөніндегі түсініктерін пысықтау; заттардың ортақ қасиеттер бойынша топталу принципін қайталау.

Жапсырудан ойын-жаттығу

"Мақта табақшаларынан гүлді жапсырамыз".

Мақсат-міндеттер: мақта табақшаларымен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Саусақ жаттығуы.

Гүлдер .

Көктемде жайнар алқаптар -

(Ортаңғы және сұқ саусақтармен "жүру").

Айналаға гүл қаптар.

(Алақанды ашып, қолмен айналаны көрсету.)

Шашағы аппақ түймедақ,

(Алақанды, саусақтарды ашып, қозғау. )

Көктікен мен қызғалдақ

Жердің көркін ашады.

(Көктікен - саусақтардың бастарын қосып, жан-жаққа шашырату, "қызғалдақ"- саусақтарды кесеше жинау).

(О.И. Крупенчук; Е.Елубаев)

(сөйлеуді дамыту)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (шығыршықтармен)

1. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, шығыршықты ортасынан екі қолымен алдына ұстау.

1-2-шығыршықты қолымен аяғына дейін бұрап, айналдыру; 3-4- бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, шығыршықты ортасынан екі қолымен төменде ұстау.

1-отыру, шығыршықты жоғары көтеру; 2-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 7-8 рет қайталанады.

3. Бастапқы қалып: аяқты иық деңгейінде ұстап, шығыршықты оң қолымен төменде ұстау.

1-қолдарын жанына жіберу; 2-қолдарын жоғары көтеріп, шығыршықты екінші қолына салу; 3-қолдарын жанына жіберу; 4-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды келесі қолымен орындау. Жаттығу 6-8 рет қайталанады.

4. Бастапқы қалып: аяқты табан деңгейінде ұстап, шығыршықты оң қолымен төменде ұстау.

1-сол аяғын бүгіп, көтеру, аяқтың астынан шығыршықты келесі қолға салу; 2-қолын жіберіп, бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.

5. Бастапқы қалып: аяқты иық деңгейінде ұстап, шығыршықты ортасынан екі қолымен төменде ұстау.

1-түзу қолдарын алға ұстау; 2-еңкейіп, шығыршықты жерге тигізу; 3-тіктеліп, шығыршықты алдына әкел; 4-бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

6. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, шығыршықты басына, екі қолды беліне қою.

1-оң аяғын жанына қою; 2-сол аяғын орнына қою; 3-сол аяғын жанына қою; 4-оң аяғын орнына қою. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.

7. Бастапқы қалып: шығыршық жерде, аяқ бірге, қолды белге қою.

Шығыршықты айналып, 1-4-ке дейін оңға және 5-8-ге дейін солға секіру. Жаттығу 3-4 рет қайталанады.

(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар

Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.

Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.

Көркем сөз

Нан мен қасықты ал да,

Тамақ ішуді баста!

(Тусипжанова-Шагирова А.)

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық







«Күлімдеген күн».

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Дөңгелене кілемде отыр. Бәрі бірге айтады.

Әскери көліктер, әскерлер туралы суретке қарап әңгімелесу.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен танысу)

Таңғы сәлемдесу.

Мақсат-міндеттер: балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту, сәлемдесу рәсіміне баулу; қоршаған объектілерге, жақын тұрған балаларға көңіл аудартып, жылы шыраймен қабылдауға тәрбиелеу.

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн!

Армысың, абзал Адам!

Армысың, менің досым!

(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбері

Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

(сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі

бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет







Дене шынықтыру

"Допты ұстай алған кім?"

Мақсат-міндеттер: балаларды сызықпен тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету.

Музыка

"Біз өмірдің гүліміз".

Мақсат-міндеттер: балаларды ырғақты қимылдарды музыкамен бірге бастап, соңғы дыбыста бірге аяқтай білуге үйрету; жәй және қатты шығатын дыбыстарды педагогпен бірге айта білу дағдыларын жетілдіру.

Дене шынықтыру

"Ұзындыққа екпінмен секіру"

Мақсат-міндеттер: балалардың саптан қатарға бірінің артынан бірі арақашықтықты сақтап, дене қалпын тік ұстап тұру қабілетін жетілдіру; қатарда жүріп келе жатып, жүру, жүгіру жаттығуларын дұрыс бағыт пен кері бағытта жасауға үйрету.

2- таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуенге дайындық

Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Серуен







Тұманды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Жұмбақ.

Қаратаудың басында

Киік кетіп барады.

Қол аяғы бауырына

Тиіп кетіп барады. (Тұман)

Бақылау. Табиғаттағы тұманды бақылау ол туралы түсініктерін кеңейту. Жыл мезгіліндегі құбылыстар туралы нақты білімдерін қалыптастыру.

Қимылды ойын: «Жасырған затты тауып ал». (дене шынықтыру)

Әр бағытта жүріп, жасырған затты тауып алу, жылдамдыққа тәрбиелеу, ойын шарттарын бұзбай ойнау.

Еңбек.

Бақшада жұмыс істеу. Көгөністерді суару. Өсімдіктерді өз бетімен суаруға үйренуін қалыптастыру (суару ережелерін сақтау). Өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Үлкендерге көмек көрсетуге ынталандыру. (еңбек дағдылары)

Өз бетімен ойындар. Құмда ойыншықтармен ойнау.

Құммен ойнау әдістерімен түрлендіру. Қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықтарын дамыту. Әр балаға өз әрекеттерін ұйымдастыруды үйрету.

Құстарды бақылау (торғай, көгершін). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Көркем сөз.

Торғай, торғай, тоқылдақ,

Жерден тары шоқып-ап,

Бөтегесі томпиып,

Шиқ-шиқ етіп отырар.

Торғай-торғай тоқтаған,

Торғайды торғай мақтаған.

Бір торғай ұшса боранда,

Бәрі жабылып жоқтаған.

Бақылау. Немен көректенеді, қайда мекендейді, пайдасы қандай болатыны туралы білімдерін толықтыру.

Қимылды ойын. «Құстар және түлкі». (дене шынықтыру)

«Түлкіні» санамақ арқылы тандай алу. Алаңда секіру, жүгіруді бекіту.

Еңбек. Құстарды тамақтандыру. (еңбек дағдылары)

Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.

Өз бетімен ойындар. Ойыншық-тербеткіш.

Басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.


Құстардың шомылғанын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Жұмбақ.

Мойны ұзын, ақ қауырсынды үлкен ақ құс. (Аққу)

Бақылау. Сырттан құстардың шомылғанын бақылау: қауырсындарын тазартады, суды ішеді. Құстарға деген сүйіспеншілігін дамыту, қызығушылығын арттыру.

Қимылды ойын. «Аңшылар және аңдар». (дене шынықтыру)

Дөңгеленіп тұруға және допты лақтырып, қағып алуға үйретуді бекіту. Ойынның шартын орындауға, әділеттілік сезімдерін дамыту.

Еңбек. Ауладағы жұмыс. (еңбек дағдылары)

Арамшөпті жұлу. Үлкендерге көмектесуге талпындыру. Бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Өз бетімен ойындар. Әртүрлі ойындарға қызығушылығын арттыру және ойнай білу дағдыларын дамыту.


Серуеннен оралу

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар

Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.

Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.

Көркем сөз

Нан мен қасықты ал да,

Тамақ ішуді баста!

(Тусипжанова-Шагирова А.)

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жайлы жағдай туғызу.

Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары




Бесін ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)







Математика негіздерінен ойын-жаттығу

"Даладағы гүлдерді санайық. Жиын сандар".

Мақсат-міндеттер: балалардың "сан" мен "санау" ұғымдары туралы білімдерін жетілдіру, жиын санын құрайтын ең кіші екі сан туралы түсіндіру.
Сурет салудан ойын-жаттығу

"Әдемі шәйнек".

Мақсат-міндеттер: балалардың қылқалам ұшы мен бояу арқылы шәйнектің сұлбасын татар ою түрімен, гүлмен, безендіру техникасымен таныстыру; жасыл көктем мезгіліндегі гүлдердің түрлері туралы ұғымдар жиынтығын пысықтау.

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу

"Көктем келді гүл алып".

Мақсат-міндеттер: балаларды Ө.Тұрманжановтың "Көктем келді гүл алып" өлеңімен таныстыра отырып, көктем мезгіліне тән құбылыстарды сипаттайтын көркем сөздерді қайталап айтуға үйрету және жаттату.
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Нәркес".

Мақсат-міндеттер: балалардың табиғат гүлденуі туралы негізгі ұғымдарын қалыптастыру; нәркес гүлдері жайлы білімдерін кеңейту.

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу

"Таңғажайып табиғат".

Мақсат-міндеттер: балаларды көктемгі табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыра отырып, табиғат туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушы жаттығу. "Көзді жұмып, тепе-теңдікті сақтау".

Балаларды көзді жұмып, тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.

вестибулярлық аппаратты, түйсік қабілетін дамыту.

Шарты.

Тік тұрып, екі қолды екі жаққа созып жаю; екі аяқтың бірінде кезегімен, тепе-теңдікті сақтау.

Алғашқы жаттығудың үлгісін педагог өзі көрсетеді. Тепе-теңдікте тұру ұзақтығын реттеу керек.

(дене шынықтыру)

Балалармен жеке жұмыс







Дидактикалық ойын "Ғажайып нүктелер".

«Ғажайып нүктелер» арқылы гүлдің суретін салады.

Нүктелерді қосып, гүлдің суретін шығарады.

(сурет салу)

Саусақ жаттығуы.

Гүлдер .

Көктемде жайнар алқаптар -

(Ортаңғы және сұқ саусақтармен "жүру").

Айналаға гүл қаптар.

(Алақанды ашып, қолмен айналаны көрсету.)

Шашағы аппақ түймедақ,

(Алақанды, саусақтарды ашып, қозғау. )

Көктікен мен қызғалдақ

Жердің көркін ашады.

(Көктікен - саусақтардың бастарын қосып, жан-жаққа шашырату, "қызғалдақ"- саусақтарды кесеше жинау).

(О.И. Крупенчук; Е.Елубаев)

(сөйлеуді дамыту)

"Санамақтар".

Бірім - бір,

Екім - екі,

Үшім - үш,

Төртім - төрт,

Бесім - бес,

Алтым - алты,

Ауыр балтам,

Қалды қалтам!

Қырқылдауық,

Қырма тауық!

Олпық - солпық,

Сен кір, сен шық!

(сөйлеуді дамыту)

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттері:

- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;

- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;

- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;

- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;

- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.

(дербес әрекет)

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу.

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар

Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.

Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.

Көркем сөз

Нан мен қасықты ал да,

Тамақ ішуді баста!

(Тусипжанова-Шагирова А.)

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, «қонақ кәде», «сыбаға», ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу. Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру. Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өз бетінше ретімен қайталап айтуға, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.

Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық. (музыка)

Мақсат-міндеттер. Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.

Өнер бұрышында жаңа жыл тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу. Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру. Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер- тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.

Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеушілік іс-әрекет)

Мақсат-міндеттер. Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.

Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Мақсат-міндеттер. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру. Балаларда мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін

қалыптастыруды жалғастыру; амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу, ересектердің әңгімесіне араласпау, өз өтінішін сыпайы түрде білдіру, көрсеткен қызметі үшін алғыс айту.

Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.

Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электр құралдарынан сақ болу, өз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау ); қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, өздігінен от жақпау).

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)







Медбикеден кеңес: «Тазалық – денсаулық кепілі».

«Р» дыбысын айтуда қиналатын балаларға арналған «Тіл туралы ертігі».

«Достарымыздың арасында өзімізді қалай ұстау керекпіз?» тақырыбына әңгіме жүргізу.