ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп: | |
Мұғалімнің аты-жөні: | |
Класы: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Инерция. Күш |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес) | 7.2.2.1. Табиғаттағы инерция құбылысына мысалдар келтіру. 7.2.2.2.Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру. |
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
Бағалау критерийі: |
|
Тілдік мақсаттар: | Бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады. Физикалық терминдердің айтылым, жазылым,оқылымын үш тілділікте көрсету, оқушының есте сақтау қабілетін қалыптастыру. |
Құндылықтарға баулу: | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы Өмір сапасын тұрақты жақсарту, оқушылардың шығармашылық және әлеуметтерін толықтай ашу кешені. |
Пәнаралық байланыс | Математика, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі, жолда жүру ережесі Есеп шығаруда барлық математикалық білім қолданылады. Физикалық құбылыстарды мақал-мәтел арқылытүсіндіргенде тілдік білім қажет. |
Алдыңғы білім: | Заттың тығыздығы, өлшем бірлігі Тығыздықтың формуласын біледі, есептер шығаруға қолдана алады. |
АКТ-ны қолдану : | Bilimlаnd, SMK.EDU.kz |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері: | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: 0-3мин | І. Ұйымдастыру: а)Класс бөлмесінің тазалығын, ә) оқушылардың сабаққа қатысым, әзірліктерін тексеру. ІІ.Психологиялық дайындық:«Ақ тілек» Топқа бөлу: Оқушыларға қағазға жазылған өлшем бірліктер мен белгілеулер жиынтығы ұсынылады. Оқушылар таңдап алған шамалары бойынша топтарының атын тұжырымдайды.(m,килограмм, литр, таразы, тонна, м3, м/с, км/сағ, спидометр, V, миллиграмм,км/мин, ϑ, грамм, мензурка, дм³, км/сек, см³,кг/м³, кг/см³, г/см³, ρ, лактометр) | Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жылы лебіздерін, ақ тілектерін білдіреді. І топмасса(m,килограмм, таразы, тонна, миллиграмм,грамм) ІІ топ көлем. ( литр, м3, V, мензурка, дм³, см³ ІІІ топ тығыздық(кг/м³, кг/см³, г/см³, ρ, лактометр) IV топ жылдамдық. (м/с, км/сағ, спидометр, км/мин, ϑ, км/сек) | Интерактивті тақта, Үлестірмелі материалдар | ||||||||||||||||||||||||
3-8мин | ІІІ. Үй жұмысын тексеру: «Сөйлемді аяқта» Масса дененің-........ Массаны.........әрпімен белгілейді. Массаның өлшем бірлігі.......... Заттың тығыздығын.......әрпімен белгілейді Тығыздықтың өлшем бірлігі....... Тығыздықтың формуласы..... 1 тонна= кг 1мг = кг | Оқушылар жұппен алмастырып тексереді | Тапсырма экран арқылы беріледі | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік білім деңгейі 8-10мин | | Тығыздық-Плотность-density Тонна- тонна Газ- газ-gass Көлем- обьем-volume Масса- масса-Маss Килограмм- килограмм-kilogramm Грамм- грамм-gramm | | ||||||||||||||||||||||||
Ой қозғау 10-12мин Білу | Оқушылардан қимылмен жауап беруін сұрап, мынандай сұрақ қоямын: -Барлығымыз автобус ішінде отырмыз.Автобус аялдамадан қозғалған мезетте орнынан жұлқына қозғалды, тепе-теңдік бұзылды. Сонда қалай қозғаламыз? Қай жаққа қисайдық?(артқа) -Ұзын жолмен автобус зулап келеді. Ол бірқалыпты қозғалады. Кенет тежелді. Қалай, қай жаққа қарай қимылдаймыз?(алға) -Бір қалыпты қозғалып келе жатқан автобус кенеттен оңға(солға) қарай бұрылды, қалай қимылдаймыз?(солға, оңға) | Байқаған құбылыстарын тұжырымдап, пікірлерін білдіреді. | оқулық Жолда жүру ережесі | ||||||||||||||||||||||||
Түсіну 12-27мин | І топ - «Инерция» мәтінін түсіндіреді; ІІ топ - «Инерция. Күш.» тақырыптарын суреттермен қорғайды; «Галарея» әдісімен ІІІ топ - «Күш» мәтінді түсіндіреді; IV топ - «Инерцияның пайдасы мен зияны» мысалдар арқылы түсіндіру | Топтық таныстырылым | Галилей мен Ньютонның портреттері; Ойыншық машиналар, мата, құм. Қосымша материалдар үлестіріледі. | ||||||||||||||||||||||||
Қолдану: 27-37мин | Топ оқушыларына сұрақтар жазылып таратылады. І топтың тапсырмасы: 1.Күш дегеніміз не? 2.Күш қандай шама? 3. Неліктен жүргізуші тежелген кезде автомобильдің артқы қызыл жарығын жағады. Түсіндіріңіз. 4. Күшті килоНьютонмен өрнекте: 12500Н,500Н,10Н,0,5Н ІІ топтың тапсырмасы: 1.Күштің өлшем бірлігі? 2.Күш бірлігі кімнің құрметіне аталған? 3. Егер велосипедті тежеп және оны тез тоқтатса, велосипедшіге не болады? 4.Ньютонмен өрнекте:2,5МН,12кН,340мН. ІІІ топтың тапсырмасы: 1.Күштің белгілінуі? 2.Инерция дегеніміз не? 3. Жүк көлігі,қайық,ұшақ қозғалыс кезінде қандай денелермен әрекеттеседі.Олардың әрекеттесу күшінің бағыты. 4.0,5Н күшті мН,кН,МН-мен өрнектеп, стандарт түрде жазыңдар. ІV топтың тапсырмасы: 1.Күшті өлшейтін құрал? 2. Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз. 3. Денеге әрекет ететін 5Н және 10Н екі күштің бағытын неше тәсілмен көрсетуге болады? 4. 1см-ді 20Н-ға тең деп алып,солға қарай 100Н күшті масштабқа сал. | Топ оқушылары ақылдаса отырып, жауап береді Әр топтың жауабын қалған топтың оқушылары «Бас бармақ» әдісімен бағалап отырады | Үлестірмелі материалдар | ||||||||||||||||||||||||
Жинақтау : 37-42мин |
| Формуламен жұмыс | Үлестірмелі материалдар | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау 42-44мин | «Ашық микрофон» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта алған мағлұматтары мен түсінбеген сұрақтарын ортаға салады | Бүгінгі сабақты «От шашумен» бағалаймыз | | ||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма 44-45мин | Бүгінгі сабақта кездескен терминдердің үш тілдік аудармасы Г.Галилей мен И.Ньютонның өмірбаяндары туралы хабарлама дайындау | | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Нәтиже мен жауап бойынша саралауды алғаным, жаңа тақырып бойынша саралау барысында оқушыларға деңгейлері бірдей тапсырма ұсындым, бірақ ситуациялық сұрақтарда әр түрлі жауап күтемін. Қабілеті жоғары оқушыларға эксперименттік тапсырмалар беремін. | Жұптық жұмыс кезінде бірін-бірі бағалады; «Бас бармақ» әдісін ситуациялық сұрақтарға қолдандым. Сабақты «От шашумен» бағаладық. | Денелердің қозғалыс заңдарын білу, бұл адам өміріне қауіпті және сәтсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Мысалы, жолдағы қозғалыстан болатын апаттардың алдын алу үшін қозғалыс заңдарын білу, қаладағы көлік қозғалысынан болатын апаттың алдын алу үшін ЖЖЕ сақтауымыз қажет. Интербелсендітақтамен жұмыстатехникалық қауіпсіздікті сақтау |
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін, мағлұматтарын ортаға салады. Үндемей отырған оқушыға өзім микрофон ұсынып , пікірін білемін. | Сабақ кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылды. Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Саралау жұмысы тиімді жүргізілді. Себебі өмірден алынған ситуациялық сұрақтардың жауабын бүгінгі тақырып бойынша физикалық заңдылықтармен түсіндіру оқушылар үшін қызықты болды. Оқу мақсатына тиісті деңгейде жетпеген оқушылармен қосымша жұмыс жүргізіледі. |
Жалпыбаға Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын одан әрі арттыру мақсатында әр түрлі әдіс - тәсілдер, деңгейлік тапсырмалар қолдану сабақтың одан да жоғары деңгейде өтуіне оң ықпал етер еді деп ойлаймын. 2: Өмірден алынған тапсырмалар оқушыларды ізденуге бағыттайды, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылардың кейбірі тақырыпқа байланысты қойылған бекіту сұрақтарына жауап беруде шатасты. Шапшаңдық, тез ойлану, тұжырымды жауап беру жетіспейді деп ойлаймын. |
Үй жұмысын тексеру:
«Сөйлемді аяқта»
Масса дененің-........
Массаны.........әрпімен белгілейді.
Массаның өлшем бірлігі..........
Заттың тығыздығын.......әрпімен белгілейді
Тығыздықтың өлшем бірлігі.......
Тығыздықтың формуласы.....
1 тонна= кг
1мг = кг
Тапсырмалар:
І топтың тапсырмасы:
1.Күш дегеніміз не?
2.Күш қандай шама?
3. Күшті килоНьютонмен өрнекте:
12500Н,500Н,10Н,0,5Н
ІІ топтың тапсырмасы:
1.Күштің өлшем бірлігі?
2.Күш бірлігі кімнің құрметіне аталған?
3.Ньютонмен өрнекте:2,5МН,12кН,340мН.
ІІІ топтың тапсырмасы:
1.Күштің белгілінуі?
2.Инерция дегеніміз не?
3. Жүк көлігі,қайық,ұшақ қозғалыс кезінде қандай денелермен әрекеттеседі.Олардың әрекеттесу күшінің бағыты.
4.0,5Н күшті мН,кН,МН-мен өрнектеп, стандарт түрде жазыңдар.
Физикалық шама | Бел-гі- сі | Өл-шем Бір-лігі | Формула-сы |
Масса | | | |
Тығыз-дық | | | |
Жол | | | |
Жылдам-дық | | | |
Күш | | | |