ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Адамгершілік болмай әділдік болмас»
Серікқалиқызы Айпара
tokenovva134@mail.ru
Философия және этика мамандығының 2 курс студенті
Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ , Астана, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі : Кемербай Рауан
“ Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады.”
Абай Құнанбайұлы
Адалдық адамгершілік бастауы. “ Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол”- деген Ұлы Абай. Адалдық- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі деп саналған.
Адамға қойылатын басты талап- асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойыңа сіңірген , ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам- өзінің адамгершілігімен , қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Халқымыз қайырымды – мейірімді жанды адамгершілігі мол адам деп дәріптеген. Қайырымды- мейірімді жан өзгелерді , басқа адамдарды ойлап , соларға қол ұшын беруші жан . Ал , адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап , өзінің пендешіліктерін , басқаша айтқанда өзінің тозағын жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы- қасіреті оның осы пендешіліктен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақіреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты .
“ Адамгершілікке тәрбиелеу құралы- еңбек пен ата-ана үлгісі”- деп Ыбырай атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу. Дұрыс еліңе адал адамды қалыптастыру баланың туылға кезінен басталуы керек. Халықта “ Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деп бекер айтылмаған . Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік , мейірімділік , қайырымдылық , яғни адамгершілік құнды қасиеттерді бойына сіңіру біздің қолымызда.
Менің ойымша , осынау қамшының сабындай қып- қысқа өмірде таза ниетті , сенімді , алдамайтын , сөзімізге берік , әрбір істе қара қылды қақ жаратын әділ болуымыз керек. Бес күндік жалғанда арымызға , дақ түсірмей өтірік пен жалғандықты бойымыздан аулақ неге ұстамасқа ? Мысалы , адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінің соңына дейін әділдікті , адалдықты насихаттап басқаларға іс жүзінде үлгі болды. Сондықтан ары таза адал мінді өмір сүреді. “ Кімде- кімнің әділдігі жоқ болса , оның ұятыда жоқ”.
“ Алла Тағала адамды жаратты , адам ақшаны ойлап тапты , ал ақша адамдарды ақыл- ойынан айырды”- осы сөздердің мағынасына үңілсек , менің жазып отырған мақаламды түсінесіздер.
“ Танылған жерде бай сыйлы , танылмаған жерде тон сыйлы ,” дегендей , бұл әлем ақша ырығында билейтін заман болды. Бұл ақшалар әлеме көптеген қиындықтар қатарын тізді. Бәрін қиратып , бұзады. Егер ақшан болса , барлық қиындықтар мен кедергілерді жеңуге болады , ал ақша болмаса көптеген қиындықтарға тап боласыз. Адам үшін ақша өте маңызды болып кетті , тіпті адамдар адамгершілік қасиеттерді ұмытқаның көріп жатырмыз.
Қарапайым адамдар қазіргі заманда өздерінің қалаулары бойынша өмір сүре алмайды. Қазіргі заманда адамдар күн көрістің қамын ғана ойлайды. Осының бәрі сыбайлас жемқорлыққа алып келді. Бай , ауқатты адамдар өздерінің жеке бастарының мәселелерін осындай жолдармен шешсе , қарапайым адамдар бұндай жағдайда не істерлерін білмей қалып қояды.
“ Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді”- дегендей, қазіргі заманда адалдық барма? Өкінішке орай заман талабы ма әлде адамдардың жеңілдікке үйренгені ме, әділдік емес, күніміз сыбайлас- жемқорлыққа алып келген күн болды. Адам үшін ақша өте маңызды болып кетті, тіпті адамдар адамгершілік қасиеттерді ұмытқан. Бұл, нәтижесінде жоғарғы жақтағылардың салғырттылығы мен жауапкершілігінің жоқтығының салдарынан. Алайда жоғарғы жақтағылар сыбайлас жемқорлықтың бар екенін біле тұра қалай ғана көз жұма қарап отыр екен деген менде үлкен сұрақ туындап отыр.Сырттай қарайтын болсақ кейбір салаларда әділдік жоқ. Бірақ барлық салада емес. Бұның барлығы қоғамымызға өте үлкен кедергісін тигізеді. Адамдардың барлығының ойлауы мүмкін барлық жерде сыбайлас жемқорлық бар деп. Сондықтан адамдардың ойында сыбайлас жемқорлықтың арқасында барлық проблемаларды шешуге болады деп ойлайды. Егер де сізге белгілі бір құжаттарды жинау керек болса , ол құжаттар жоғарғы жақтардан өтетін болса , онда әрбір кезеңдерінде жоғарғы жақтағыларға ақша беріп барлық мәселерді шешуге болды деп ойлайды. Әрбір «беделді азаматтардың» қолы ақшамен бағаланады. Егер сіз төлеуге қарсы болсаңыз, олардың қара тізімінің бақылауына ілігемін деп ойлайсыз. Сізге ешкім көмектеспейді, көңіл де аудармайды деп ойлайсыз. Сіздің жұмысыңыздың алдыға басуы әрқашан да ақшамен шешіледі деген ойлар мазалайды. Сіз жемқорлықты тоқтата алмасаңыз да , жемқорлыққа жол бермеңіз. Сыбайлас жемқорларды тойдыруды тоқтатуымыз керек.Егер біз ақшаның тілін ғана түсінетін заман болса, біздің армандаған заманымыз осы ма еді? Әрқашанда болашақ ұрпақ жайлы ойланыңыздар. Егер жемқорлықты тоқтатқыңыз келсе , бірінші болып қадам басыңыз. Осы тақырыпта жемқорлық туралы өлең жолдарын жаза кетсем...
Жемқорлықтыңсаны артып келеді
Қайғы –мұң ғой ,қасіретті береді.
Залалы көп бұл заманда қатыгез.
Жаулап алу әсте жылдам жүреді.
Пара беру,пара алу, жайлаған,
Осы бір іс, буы шықпай қайнаған.
Қалай бұны тоқтатамыз, әттең-ай,
Сенгеніміз ел тағдырымен ойнаған.
Сондықтан өз жұмысымызға әділдікпен қарап , басқа біреу көріп тұрмасада , Алла көріп тұр , ақіретке барғанда күніміз не болатынын ойлап , біреудің ақысын жемей , шынайы ықыласпен істеген дұрыс.
Жалпы адамгершілікке жатпайтын жемқорлық қана емес . Ал адамгершілігі төмен адамдартағы кімдер? Адамгершіліктің төмен не жоғары болуы мүмкін деп ойламаймын. Ол не бар, не жоқ! оның деңгейі мен өлшемі жоқ. Ол тек адам бойындағы адами, өзіне тән, сондай-ақ кез келгеннің қолынан келетін ізгі қасиеттер. Адамгершілігі жоқ адамдар жаны өсекке құмар, өзі өтірікке құмар, көзін шел басқан, ішін май басқан екіжүзділер деп білемін. Иә, қазақ тіліндегі ең жаман сөздер осы кісілерге тән. Олардан жөнді тәрбие шығуы да екі тиын екенін білеміз.
Адамгершіліктін ішіне ар ұяттыда жатқызғым келіп отыр. Ар-ұят дегеніміз не? Ол адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы және адамға ғана қатысты құндылық. Академик Ғарифолла Есім: «арлы адам, алдымен, құдайына қараған, құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар — әр адамның өз ісінің төрешісі» деген екен. Сондықтан, «ар-ұят» ұғымы кез келген ұлттың өмір сүру болмысында маңызды саналатын категориялардың бірі. «Ар-ұят» рухани құндылық ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастарды бағалауда жиі қолданылады және адам болмысының ең маңызды көрсеткіші, басты сипаттамасы.
Аристотельдің пікірінше, адамның орны тіршілік әлемінде ерекше. Ол ақыл-ойдың иесі. Адамның бойында ізгі қасиеттер, ар, адамгершіліктер болмағанда, тіпті жануарлар деңгейіне дейін түсіп кетуі мүмкін . Адам болу мен адам болып қалудың басты кепілі ол — ар-ұят, ізгілік, адамгершілік, қайырымдылық, парасаттылық, кісілік, имандылық, әділеттілік қасиеттермен байланыстырған. Арға қарсы ұғым ретінде арсыздықты қарастырады. Арсыздық қасиеттердің адам бойында надандықтық пен пысықтықтан шығады. Ойшыл адам өз өмірінде жан дүниесі таза, ары биік болуы керек деп таныған. Адамзатқа ең құнды игілік ‒ адамгершілік, ар-ұятпен өмір сүру, яғни адам болу. Адамды өзге тіршілік иелерінен биік, бекзат ететін басты құндылық ‒ ар-ұят ретінде саралады.
Адамгершілік, ар-ұят ұғымын түркі әлемінде «жәуәнмәрттілік» мағынасында қарастырған ойшылдардың бірі Жүсіп Баласағұн. Ойшыл «Өр секілді ‒ ізгі іс, қиын шығуға, сұм нәрсе ‒ ылди, оңай құлап құруға». Ізгілік жүрегі кең, адамшылдығы мол, парасатты, иманды адамдардың әрекеті деп таниды. Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе ізгі іс, мінезі түзулік. Екіншісі ‒ ұят. Үшіншісі ‒ әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» деген екен.
Жалпы өмірде адам баласы адамшылық әрекеттермен қатар хайуандық әрекеттерге де баруы мүмкін. Ал, адамның хайуаннан айырмашылығы оның ақыл-ойы, санасы емес пе? Ендеше, адам осынау өткінші өмірде өз бойына адамға ғана тән, адам үшін маңызды құндылықтарды ғана жинай білуі шарт. Ал, бойында ізгілік, ар-ұят, адамшылық қасиеттер болмаса, от оттап, су сулаған хайуаннан несі артық?! Сенің барлық адамдығыңның өлшемі осы ізгілік, ар-ұят, адамшылық арқылы танылмай ма? Қарапайым адамдардың бәрі өздерінің адам екенін сезініп, адамшылық абыройын шын мәнісінде құрметтей білген кезде ғана оның болашақ өмірі бүгінге айналады. Бұл құндылықтарды өз бойыңнан жоғалтып алсаң, адам ретінде «өлгенмен бірдейсің». Қазақ дүниетанымында тірі жүріп арамдықпен бал жалағанша, адамшылықтың уын ішіп өлгенің артық демей ме?! Осыдан-ақ қазақ халқы үшін «адамшылық», «ар-ұят» адам өмірінде ең негізгі және ең маңызды орын алғандығын аңғаруымызға болады. Ар-ұят ‒ адамның адамшылық өлшемі. Адамшылығы бар адамға ең бірінші керегі ар-ұяты. Ұят деген ‒ адамның өз бойындағы адамшылығы, ізгілігі. Ал, ұялып-қызара білу адам бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиетті білдіреді. Ұялу жақсы сезім, ең жақсысы ‒ адамның өзінен-өзінің ұялуы. Егер де, адам өзінен-өзі ұялса, жаман қарекетке бармайды, өсек, өтірік, мақтаншақтыққа салынып, адамшылдығын аяқ асты етпейді. Өмір өткінші, бәрі ұмыт болмақ, шындығына тоқталсақ, адамның ізгілігі, адамшылығы ‒ артына қалдырған асыл мұрасы. Өмірінің мәнділігі, оның жасаған және тындырған ісімен байланысты. Дүниеде жасаған ісіңді өзіңмен бірге ала кетесің демейді, істеген жақсы ісің ‒ артыңа қалдырған ізің. Ар-ұят адамның адамшылығы, ізгілігі. Ар-ұят сенің басқаның, алдындағы адамдық өлшемің. Егер адам ар-ұятын жоғалтатын болса, бұл оның өз болмысын жоғалтқандығы. Осы тұста бір нәрсені ескерте кету керек. «Табиғилық» деп тек жақсы қасиеттерді ғана тануды айтады. Пайдасынан зияны көп мақұлықтың табиғилығынан не пайда? Адамзат өз бойындағы жаман қасиеттерден арылып, адами болмысын сақтап қалу қажет. Табиғилығын сақтап қала алмаған кей адамдарға мысал да келтіруге болады. Олар ‒ белгілі бір себептермен ашкөз, озбыр, дүниқоңыз болып танылып, бүкіл жақын жандарынан айырылған жандар. Ондайлар ізгілік, ар-ұятын, адамшылық қасиеттерін де жоғалтқан.
Сонымен мақаламды қорытатын болсам, ар -адамның адамдық болмысына сай өмір сүруі, өзінің адамдық қасиетін жоғалтпауы. Арлы адам өзінің ішкі болмысын, құлқын түзейді. Ардың кілті жүректе. Сондықтан жүрегімізді тазартып , иманымызды берік ұстау ар-ұятқа барудың басты жолы. Адам арлы іске ең бірінші көңілін, жүрегін тазартып барып аяқ басады. Ар- ұятыңды таза ұстағың келсе, тәкаппарлықтан, өзімшілдіктен алыс жүру қажет. Арлы адам үшін ең басты құндылық көңілінің, жүрегінің, жанның тазалығы. Арлы адам жалған дүниенің қызығына салынбай, жүрекпен көңілдің тазалығын сақтауды өмірінің мұратына айналдырмақ. Адам үшін оның өміріне мән беріп, мағыналы ететін ар-ұят, адамгершілік, ізгілік қатынастары, бұл қасиеттер арқылы адамзат адамға лайықты өмір сүре біледі. Адамгершілігімізді ұмытпайық!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. https://articlekz.com/kk/article/35471