ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 311
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну | ||
Оқу мақсаты | | 3.1.1.1 Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Күн мен ай Өте ерте заманда Жер-Ананы Күн мен Ай айналып жүріпті. Таң атқанда Күн төңірекке нұрын шашыпты. Ол қызарып ұясына батқан шақта, толықсыған Ай сүттей жарығын көпке сыйлапты. Күн соңынан күндер, жыл соңынан жылдар өтіпті. Бірде Күн мен Ай «Күн жақсы ма, Ай жақсы ма?» деген сұрақтың шешімін таба алмай, өзара өкпелесіп қалады. Күн айтады:
Ай да уәжді сөзден қалыспайды:
Күн мен Айдың өзді-өзін мақтай сөйлеген лебіздерін Жер - Ана байыппен тыңдап, былай депті:
Содан бері Жер - Ананы мекен еткен төл перзенттері өздерінің ұлын еркелетсе «Күнім» деп, қызына мейірлене «Айым» дейтін болыпты. Дүниеде одан жақсы теңеу болмайтынына еш күмән келтірмепті.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау | |||
Оқу мақсаты | | 3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау | |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
| |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары | ||
Тапсырма Жұптық жұмыс Мәтінді мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Күн мен мұздың арасындағы диалогті жалғастыр. | |||
Мейірім Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді. Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеп: — Неткен сұлу едің? - деді Күн. — .... — | |||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту | ||
Оқу мақсаты | | 3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Бірде Эйнштейн көз ілмек болып қызметшісіне: «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» — депті. Ғалымға жаны ашыған қызметшісі біраз тынығып алсын деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал қымбат уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамаған екен. Ал қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген мақал бар екен. Ендеше, қайта айналып келмейтін алтын уақытты өте тиімді пайдалану керек.
| ||
Дескриптор | Білімалушы - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; -уақытты бағалау туралы ойын айтады; -сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады. |
Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру | ||
Оқу мақсаты | | 3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолдан. Ертеде Данияр деген бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы —ол өзінің аурушаңдығына онша қынжыла қоймапты. «Бала болғаннан кейін, осылай науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі ем алуға, дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті. Даниярдың көзін аша салып көргені — қабат-қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина. Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне ұқсатты.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|
Бөлім: Оқылым
| | Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану |
Оқу мақсаты | | 3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу |
Бағалау критерийі | | Білімалушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |
Тапсырма Мәтінді дауыстап оқы. Балалық шақ Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.
| ||
Дескриптор | Білімалушы
|