ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 310

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Ән құдіреті

Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте-бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей болып, елти, елжірей тыңдады. Мына дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге еніп кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шым-шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей. Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді.


  • Ән тыңдаушыға қалай әсер етті?

  • Автор әннің әсерін қалай сипаттаған? Мәтіннен әннің әсерін, құдіретін сипаттайтын көркем сөздерді теріп жаз.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтін бойынша сұраққа жауап береді;

  • мәтіннен әнді сипаттайтын көркем сөздерді анықтайды.




Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаты




3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Ай неге жалаңаш қалды?
Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да, көйлекті тігуге кіріседі. Уәделескен күні Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

  • Иә, мен қателескен екенмін, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да Айға көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

  • Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екенмін ғой, - деп ойлапты Айдың толыса

беретінін түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Бірде Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түндігінен аспанда келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Ол не істерін білмей, басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай тігіншіні ары іздеп, бері іздеп, таба алмай қалады. Содан бері Ай көйлексіз, жалаңаш қалыпты.



  • Берілген сілтеме арқылы (youtube.com/watch?v=ZjX4A57DIrc) «Ай мен тігінші» мультфильмін мұқият тамашала. Мультфильм мен мәтінді салыстыр. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтіннің мультфильммен ұқсастығын анықтайды;

  • мәтіннің мультфильм түріндегі нұсқасынан айырмашылығын сипаттайды.





Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты




3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің мазмұнына сәйкес мәліметтер тауып, кестеге түсіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Қазақ жерінде тамырын тереңге тартқан қалалар өте көп. Соның бірі өзінің 2000 жылдығын атап өткен - Тараз қаласы. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.

Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы ескерткіштер бұл өңірде адамдардың кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.
Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. Қала ІХ ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды. Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді.



  • Мәтінді және басқа да дереккөздерді пайдаланып, көне қалалардың бірі туралы мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.

  • Кестеге сүйеніп, сипаттап айт.


Тараз Түркістан Отырар





Дескриптор


Білімалушы

  • тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;

  • ақпаратқа сүйеніп, көне қаланы сипаттайды.





Бөлім: Жазылым





Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаты




3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

  • Мәтін бөліктеріне тақырып қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің бастапқы, ортаңғы және соңғы бөлімдерін тауып, қоршап сыз.
Шахтада
Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған қолшамымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі- қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты ағай екеуміз ғана қалдық.



  • Әр бөлікке ат қой.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

  • мәтіннің әр бөлігіне сәйкес тақырып қояды.


Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Оқу мақсаты




3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту.)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Шығарманың кейіпкеріне хат жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

Сәуленің кірпіші
Қаланың күнгей жақ шеті бос жатушы еді. Ол тұста жазда мал жайылатын. Балалар доп ойнайтын. Қыста аппақ қар басып жататын. Сол жерде балалар шаңғы тебетін.

Өткен жазда бұл жерге құрылысшылар келді. Жүк көтеретін крандар пайда болды. Көп ұзамай биік үйлер салына бастады.

Сәуленің үйі осы жерге жақын болатын. Ол бұл өзгерісті күнде терезеден көріп жүрді. Әкесінен ол үйлердің кімдікі екенін сұрады. Үйлер осындағы ескі, кішкене үйде тұратындарға арнап салынып жатыр екен. Мұны естіген Сәуле үйлердің салынып бітуін асыға күтті.

Бір күні Сәуле есік алдында ойнап жүр еді. Үстіне кірпіш тиеген жүк мәшинесі өтіп бара жатқан. Арықтан өте бергенде бір кірпіші жерге түсіп қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап, айқай салды. Жүргізуші естімеді.

Сәуле түсіп қалған кірпішті көтеріп алды да, мәшиненің соңынан жүгіріп, құрылыс басына келді. Арада бір сағаттай уақыт өткенде Сәуленің кірпіші жылдам биіктеп бара жатқан үйдің қабырғасынан өз орнын тапты.



  • Сәуле кірпішті қайдан алды?

  • Ол кірпішті неліктен құрылысқа алып келді деп ойлайсың?

  • Соңғы сөйлемдегі «Сәуленің кірпіші өз орнын тапты»дегенді қалай түсіндің?

  • Сен Сәуленің іс-әрекетіне қалай қарайсың? Сәулеге арнап хат жаз.

Дескриптор

Білімалушы

  • сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

  • кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;

  • хаттың құрылымын сақтайды;

  • сөздерді/сөйлемдерді қатесіз жазады.