ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 308

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты




3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Бағалауға және қолдануға негізделген сұрақтар қояды

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Сыныптасыңның әңгіме мазмұнын түсінгенін қалай тексерер едің? Сұрақтар құрастыр. Сыныптастарыңның сұрақтарына жауап бер.

Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. Оның ішінде киіктің, арқардың, сиырдың, серкенің мүйіздері де болатын. Ол соның бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға көшерде Қасым қыстау қасынан ағатын бұлақтың табанындағы қара қорыс, көкала сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін.

Жаз өтіп, ел қыстауға оралғаннан бір, бір жарым айдан кейін Қасым ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп ожау, қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтін мазмұны бойынша қолдануға/бағалауға бағытталған сұрақтар қояды;

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.





Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.3.1 Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтінге тақырып қояды

  • Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған бөлікті тауып, көшіріп жаз.

Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:

- Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын,- деп, бір бума кітапты қолына ұстатады.

Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте ол әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды. Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақыры кітаптағы ойды толық ұғып алғанша, қайта-қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді.

Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен деседі. «Табандылық кез келген кедергіне жеңеді» деген осы.



Дескриптор



Білімалушы

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды;

  • мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті анықтайды.





Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийі




Білімалушы


  • Әдеби шығармалардың жанрын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Мәтіндердің жанрын анықтап, сәйкестендір.
Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.

нақыл сөз
Гүлге толсын өңірің, Көңілді өтсін өмірің.

Асқа толсын табағың, өлең

Ашық болсын қабағың.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: мақал Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,

жылы жүрек.

Көтерілді көк байрақ, бата

Танып елді жер жаһан. Шықты рингке серт байлап Бекзат пенен Ермахан.


  • Өлең жанрына тән ерекшеліктерді сипаттап айт.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіндердің жанрын анықтайды;

  • өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.




Бөлімше 2.5 Шығарманың композициясын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Тоған басында ойнап жүр едiк.

  • Бауыржан келiптi! Бауыржанды көрейiк, дегендi естiп қалдық. Аты аңызға айналған, кiтаптан оқыған батырды көргенше асықтық. Асығып келсек те үйге кiре алмадық. Үлкендер жол бермейдi, Қарақұл ата сыртқа шықты. Жүзi жайдары.

    • Батыр ағаңа сәлем бер, – дедi Қарақұл ата баласына. Өзi батырдың оң жағында отыр. Ол кiсi Бауыржанның батырлығын жыр қылып айтатын. Батырдың қарамағында әскерi болдым дегенде, аузымызды ашып қалатынбыз. Батырды жақсы көретiнi сонша, кенже ұлының атын Бауыржан деп қойған. Ендi, мiне, ол батырдың қасында тұр.

    • Қарақтарым-ау, бiздiң Бауыржанды көрдiңдер ме? Тез ертiп келе қойыңдаршы.

Қарақұл атаның Бауыржаны төменгi ескi сарайда шымшық ұяларынан балапан алып жүр екен. Ойынды қимай, әзер келдi. Оған iлесiп iшке зып бердiм. Төрде қырандай қомданып, тон жамылған бiр кiсi отыр. Айбатты, түсi суық.


  • Мәтін кім туралы?

  • Мәтіннің басын, ортасын, соңғы бөліктерін тауып, қоршап сыз.

  • Әр бөлікке ат қой.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

  • мәтін бөліктеріне ат қояды.





Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

Оқу мақсаты




3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Мәтін кейіпкеріне мінездеме береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырманы орында.
Хан баласына көп қазына беріп, өзіне дос жинауын өтінеді. Баласы сапарға шығып келген соң әкесіне:

  • 100 дос тауып келдім,- депті.

  • Қырық жыл хан болған менің өзімнің бір жарым ғана досым бар. Сен қалай бір жолғы сапардан 100 дос таптың, - дейді хан.

Ханның баласы бұл сөздің мағынасын түсінбей әкесіне қарап қалыпты. Сонда хан бір жарым досының тарихын айтады.

Ханның бірі бай , бірі кедей тұратын екі досы болған екен. Бірде хан сол екі досын сынамақ болыпты. Ол өтірік ауырып, достарына: мен үшін жаныңды қисаң, мен тірі қаламын,-депті. Сонда бай тұратын досы.

  • Менің жанымды емес, малымды ал, балаларым көп еді, - депті. Хан кедей досын шақыртып, оған да соны айтыпты.

    • Мен жанымды қидым,-депті сонда кедей досы.

    • Неге?-деп сұрапты таңданған хан.

–Егер менің жаным халықтың ханын сақтап қалуға жараса, маған одан артықтың керегі не, - депті кедей досы.

Содан бері хан кедейді бүтін, ал байды жарты досым деп есептейді екен.



  • Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?

  • Мәтіннің әр кейіпкеріне мінездеме бер.

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіннің кейіпкерлерін анықтайды;

  • мәтін кейіпкерлеріне мінездеме береді.





Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Оқу мақсаты




3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Шығармадан көркем сөздерді (кейіптеу) табады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Өлеңді түсініп оқы.
Аппақ қыс

Ақ қолғаппен құшақтап Аппақ әлем сықырлап, Сақылдайды қыс аппақ, Жырлағалы тұр бассаң. Өзен, теңіз, тау төбе, Жанарынан жас бітіп, Киген аппақ сәукеле. Тұр қыз күні сүйкімді.

Жатыр іздер жосылған, Оянбасаң мәжбүр қып, Рояльдің басылған Ашатұғын ұйқыңды.

Ақ тіліне ұқсап қап... Құлақ күйін оң бұрып, Ақ қыс-сұлу ақ өлең Төнеді аспан төбемнен.

Табанымның астында Аппақ қардан омбылап, Таңғажайып ақ әлем. Көктем іздеп келем мен.

Сырласады сырлассаң,

Қырға асады, қырға ассаң Т.Айбергенов



  • Ақын қыс мезгілін кімге/неге ұқсатады? Қысты қалай сипаттайды? Өлең мазмұнын өз сөзіңмен әңгімеле.


Дескриптор


Білімалушы

  • мәтіндегі көркем сөздерді (кейіптеу)анықтайды;

  • өлең мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.




Бөлімше 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаты




3.2.8.1 Эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

Бағалау критерийі




Білімалушы

  • Оқиға барысында болған өзгерістерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.
Жұмаш пен Құрмаш жазда жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесiп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейiн асық ойнап, тайға мiнiп мәз болды. Оған күн тез батып кететiн сияқты болып көрінді. «Жайлаудағы күннiң қысқасы-ай!» – деп налыды ол. Құрмаш болса кешке дейiн мал соңында жүрiп, күндi батыра алмайды. Бiрде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:

  • Жайлау жақсы екен, тек күнi қысқа, ойын енді қызып келе жатқанда батып кетедi, – дедi. Құрмаш:

  • Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, – десе де болмады. Екеуi жат та кеп таласты. Ақыры Құрмаш:

  • Онда ертең менiң орныма бiр күн қозы бақ, – дедi.

Жұмаш келiстi. Ертеңiне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыларды өрiске шығарды. Қозылар төскейде мамырлай жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап едi, балалар ойнап жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты. Бiрақ күн асықпады. Бір орнында тұрды да қойды. Көзiн жұмып бiраз отырып, күн жылжымады ма екен деп қайта ашса да болмады. Тiптi бiр орнынан қозғалмай тұрғандай көрiндi. «Бұл қалай, күнде мұндай емес едi ғой, – деп таңданды Жұмаш.

  • Қой, мынау бүгiн бататын күн емес», – деп, шыдамсызданып, түс болмай қозыны қораға айдап келдi. Келген бетте Құрмашқа:

  • Жайлаудың күнi әртүрлі болады екен. Кейбiр күндерi қысқа, кей күнi ұзақ. Әсiресе бүгiн ең ұзақ күн болды, – деп, қозыны тастап, жүгіре жөнелдi.



  • Сұрақтарға жауап бер.

    • Мәтіндегі оқиғада қандай өзгеріс болды?

    • Оқиғаның басында Жұмаш үшін күннің қысқа болу себебі неде деп ойлайсың?

    • Оқиғаның соңында Жұмашқа күн неліктен ұзақ болып көрінді?

    • Жұмаштың сөзімен келісесің бе?

Дескриптор

Білімалушы

  • мәтіндегі оқиғада болған өзгерістерді атайды;

  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін түсіндіреді;

  • кейіпкердің ойына қатысты пікір білдіреді.