Файл: шаын ашан бріне, Туан жер саан мы алыс! 1наурыз АЛыс айту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 91
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Құшағын ашқан бәріне, Туған жер саған мың алғыс!»
1-наурыз «АЛҒЫС АЙТУ» күніне орай патриоттық өлеңдер мәнерлеп оқу сайысы
Ән: «Рахмет саған туған ел»
(Ортаға қыздар шығады).
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт — санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.
1 — жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2 — жүргізуші: «Құшағын ашқан бәріне, Туған жер саған мың алғыс» атты ризашылық күніне арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Құтты болсын қазағым,
Алғыс айту күні бұл.
Көктемнің күні бірінші,
Бірінші наурыз үні бұл.
1-жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.
1-жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
2 -жүргізуші:
Жер — Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
1-жүргізуші: _____ менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы да кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
2-жүргізуші: Тізімді бірге құрайық!
1-жүргізуші: Бастысы – алғыс айта білу…
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
Ән: «Алғыс» (Қарақат Әбілдинананың)
(5-сынып оқушыларының алғыс шумақтары)
1-оқушы.
Алғыс айту күнімен,
Құттықтаймын сіздерді.
Жаратқанға мың алғыс,
Аман еткен біздерді.
2-оқушы.
Құтты болсын бүгінгі,
Алғыс айту күні бұл.
Туған елім мың алғыс,
Қабыл ал шаттық үнім бұл.
3-оқушы.
Отаным, жерім мың алғыс,
Сенде туып, сенде өстім.
Рахмет саған туған жер,
Алмасын бізден сені ешкім.
4-оқушы.
Қазақ елім, Отаным,
Қазақ тілім мың алғыс.
Рәміздерім, байрағым,
Берер бізге толғаныс.
Жаратқаным жар болып,
Бола берсін оңнан іс.
5-оқушы.
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
6-оқушы.
Еркелетіп, жетелеп,
Өсірдің әке, рахмет.
Әрқашанда жасаймын,
Өзіңізге мен құрмет.
Көрініс: «Ұстаздарға мың алғыс»
1-жүргізуші. Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.
2-жүргізуші: Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.
1-жүргізуші. Олай болса, бүгінгі кешімізді әрі қарай 5-7 сынып оқушылары арасындағы патриоттық өлеңдердерді мәнерлеп оқу сайысымен жалғастырамыз. Өз елінің патриот оқушыларын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуш. Сайысқа қатысушылар сынып реттілігімен шығып, өзін таныстырып өтеді.
1-жүргізуші: сайысқа қатысушы оқушыларымызға әділ бағасын беретін ұстаздарымызды таныстырып өтсек.
_________________________________________________
__________________________________________________
(ортаға 5-7 сынып оқущылары шығып, мәнереп өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші: сайысқа қатысушы оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Оқушыларамыздың мәнерін тыңдап, бағалап отырған ұстаздарымызды ортаға шақырамыз. марапаттау)
2-жүргізуші:
Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық қой әр елде
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.