Файл: Малімні атыжні Аманбаева Перизат Джанабековна ПнСынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Аманбаева Перизат Джанабековна

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

IVтоқсан, 7- апта, №13 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

IV тарау.Отбасы құндылықтары

Сабақтың тақырыбы:

«Мексика ұлы» әңгімесі.

Оқу мақсаттары:

5Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаты:

  • Шығармадан кейіпкерлер бейнесін анықтай алады;

  • Кейіпкелердің образын анықтай отырып, мінез-құлқын, көңіл күйін, дүниеге көзқарасын талқылайды, өзіндік тұжырым жасайды.

Бағалау критериі:

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер образын аша алады;

  • шығармадағы басты кейіпкелердің бейнесін салыстырады;

  • өзіндік баға береді;

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (4 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме оқушылар?

5-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы:«Мексика ұлы» әңгімесі

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

  • Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ,шығармадағы автор бейнесін анықтап үйренесіз.

  • Кейіпкерлерді шығармадан, тауып өзіндік көзқарасыңызды білдресіз..

  • Кейіпкедің бойындағы жағамды және жағымсыз іс-әрекетін талдайсыз.




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

15мин

2мин


2 мин


Жаңа сабақ

Тапсырмалар

Бекіту



«Жуан – жіңішке» әдісіарқылы алдыңғы сабақты талқылауға арналған сұрақтар.

  1. Джек Лондон неше жасынан бастап шығарма жазуға деген қызықты?

  2. Джек Лондонның қандай шығармалары бар?

  3. Джек Лондон қай елдің белгілі жазушысы?

  4. «Мексика ұлы» шығармасында қандай спорт түрі әңгімеленген?

  5. «Мексика ұлы» әңгімесінің идеясы қандай?


Жазушының «Мексика ұлы» әңгімесі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті он сегіз жасар мексикалық Ривера мен жиырма төрт жасар ақ нәсілді ақша үшін рингке шығатын боксер Дэнни Уорд арасындағы жекпе-жек арқылы көрсеткен.

Әңгімеде бойындағы намысшылдық, жігерлілік, сабырлылық, төзімділік, өз ұлтына деген сүйіспеншілік күш-қуат берген Ривера өзінен әлдеқайда айлакер, тәжірибелі Дэнниден басым түседі. Шығарма идеясы әділеттілік әр уақытта әділетсіздікті жеңеді деген ойға салады.



Анықтама бұрышы!



  • Образ
    Сөзбен жеткізген сурет, адамның бой-тұлғасындағы, кескін-кейпіндегі, жүріс-тұрысындағы, қимыл-әрекетіндегі, ойлау-сөйлеу әдетіндегі өзгеше сипат белгілерді нақтылы суреттеу арқылы автордың жасаған бейнесі.


Көркем шығармадағы образ


  • Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті, сөзі, іс-әрекеті, психологиялық күйі, ерекше қасиеттері, өзгелермен қарым-қатынасы – барлығы жинақталып келіп, бүтін бір образды құрайды.




  • «Мексика ұлы» әңгімесі
    «Мексика ұлы» әңгімесіндегі Ривера бейнесін көркемдік әдіс тұрғысынан реалистік, әдеби тек тұрғысынан эпикалық, жасалу тәсілі жағынан алғанда қаһармандық образ деп есептейміз. Себебі Ривера – рингте шыныққан төзімді, қайсар , зал толы он мың жанкүйер мен төреші, секундантқа дейін өзіне қарсы болса да қаймықпаған күрескер. Мексикасы үшін жанын аямай, қара басын бәйгеге тіккен нағыз отансүйгіш ұлан, он сегіз жасар қаһарман.

1 тапсырма. «Кейіпкерді табу» әдісі арқылы әңгімедегі кейіпкерлердің бейнесін табу.


Басты кейіпкер

Шығармадан үзінді

Ривера




Денни




Дескриптор:

  • әңгімедегі басты кейіпкерлердің бейнесін біледі;

  • шығармадан автордың бейнесін тауып жазады


2 тапсырма. «Ақиқат», «жалған» әдісіарқылы әңгімедегі ақпаратты белгілейміз.


Шығармадан үзінді

Ақиқат

Жалған

Ривера атақ пен ақша, марапат пен мәртебе үшін айқасады.







Ривера осы рингтегі күресінің өзін революция, өз жеңісін Мексикасының жеңісі деп санайды.







Қорғаныста Ривера шабулды сол қолымен қағу әдісін қолдануда







Мексикалықтың соққысы әлсіз екен







Төреші Ривераның қолын жоғары көтермеді







Оныншы раундта Ривера бәсекелесін иек астынан екі рет оңдырмай ұрды







Дэнни жианқтаған тәжірбиесіне жүгінді








3 тапсырма. Дэннидің бейнесін сипаттауға қатыспайтын сөйлемді сәйкестендір.


Қаһарлы да даңқты: айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңмен келе жатты.



Бойына біткен айрықша қайрат пен мінезіндегі қажыр ғана төртінші раундқа оны өзіне-өзін келтіргендей болды. Айла-шарғыны да ұмытты.


Дэнни



Ақша үшін, сол ақшаға негізделген жеңіл өмір үшін айқасып келеді.



Жұдырық жаңбырша жауды, мейлі, тек кеуде түйістіріп жақын жібермесе болғаны


4 тапсырма. Шығармадан алған әсеріңіз туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз.

Бұл әңгімеде Ривера өзінің сенімділігінің арқасында Дэнниді жеңді. Ол қарапайым отбасынан шығып, көтерілісте көз алдында ата-анасынан айрылды. Мексикалықтарға озбырлық көрсеткендері көре тұра, өз Отаны үшін күресті.Ол небәрі 18 жаста еді. Өзі кішкентай болғанымен мықты, төзімді, намысшыл жігіт болды.Көрермен, төреші және өзінің жаттықтырушысы да оның жеңгенін қаламады. Менің ойымша қоғамда болып жатқан теңсіздіктерді көрген мексикалық Реннидің ашу - ызасын осы күрестен байқауға болады.Осы шығарма арқылы «әділеттілік әрқашан әділетсіздікті жеңеді» деген ой туғызды.

Дескриптор:

  • шығармадан алған әсері туралы өз ойын жазады;

  • әңгімеден дәлел келтіреді;

Бүгінгі сабақта:

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтадыңыз;

  • Кейіпкерлердің сипаттама бердіңіз;

  • Шығарма үзінділерінен кейіпкер бейнесін таптыңыз;

  • Әңгімеден дәлел келтіре алдыңыз;

  • Өзіндік көзқарасыңызды жаздыңыз;


Қосымша тапсырма:

Ривераның бойындағы анықталған қасиеттеріне шығармадан дәлелдер келтіре отырып, кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін сипаттап эссе жазыңыз. (80-90сөз)
Дескриптор:
- кіріспе бөлімде кейіпкер туралы өзіндік пікір білдіреді;
- негізі бөлімде кейіпкердің бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды;
- әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді;
- қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды;

- эссе құрылымын сақтайды.
Сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!