ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жамбыл» ЖОББМ
Еліміздің жаһандану кезеңін бастан кешіруі әр түрлі құқықтық реформалардың қабылдануына және дамуына әкеліп соқтыруда. Соның бірі 9 қаңтар 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін атауға болады. Мемлекетімізде адамзаттың табиғатты мақсатқа сай пайдалануының құқықтық мәселелері осы кодекспен және өзге де заңдармен реттеледі.
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің 10-бабы табиғатты пайдалану ұғымын ашқан. Онда табиғатты пайдалануға мынадай түсінік берілген: «Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады» делінген.
Аталмыш заңға сәйкес табиғат пайдалану екі түрге бөлінеді. Олар: жалпы табиғат пайдалану және арнайы табиғат пайдалану.
Табиғат пайдалану түрлерін бөлу - ол өзіне тән өзіндік құқықтық сипаттарға ие болып табылатын, соның нәтижесінде табиғатты пайдалану құқығын біртектес етіп топтастыру белгісі бойынша бөлуге болатын табиғат пайдалану құқығының бөліктері ретінде қарастырылады.
Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берілмейді.
Арнайы табиғат пайдалану - экологиялық және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі болып табылады.
Біздің зерттеуіміз арнайы табиғат пайдалану құқығының кейбір мәселелеріне арналып отыр.
Арнайы табиғат пайдалану құқығын екі түрлі мағынада қарастыруға болады. Бірі объективтік мағынада, екіншісі субъективтік мағынада қарастырылады.
Арнайы табиғат пайдалану құқығының объективтік мағынада қарастыратын болсақ, ол – азаматтар мен заңды тұлғалардың өзінің экономикалық, мәдени – сауықтыру, рекреациялық және олардың өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды арнайы мақсатқа сай пайдалануға беру тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы деп түсініледі.
Арнайы табиғат пайдалану құқығының субъективтік мағынасын ашатын болсақ, ол – азаматқа экономикалық, мәдени-сауықтыру, рекреациялық және өзге де қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арнайы рұқсатқа сәйкес ақылы негізде табиғатты пайдалануға беру, табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығының болуымен ерекшеленеді.
Баяндама
Тақырыбы:
Мемлекеттік және жергілікті табиғатты пайдаланудың заңнамалық аспектілері
Орындаған: Молтобарова Даяна
2022-2023