Файл: Презентацияны безендіру Сабаты таырыбы Презентацияны рып безендіру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: АКТ Күні: 12.04.2023 Сынып: 3 | Мектеп: Б.Гафуров Пән мұғалімі: Турсунбаев С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Бөлім: | Презентацияны безендіру |
Сабақтың тақырыбы: | Презентацияны құрып безендіру |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 3.2.4.2 – Арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану; 3.1.2.2 – Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану; 3.1.2.4 – Компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану; 3.2.3.1 – Мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау |
Сабақтың мақсаттары: | Барлығы: бос презентация құра біледі. Көбі: презентацияға суреттер кірістіре біледі. Кейбірі: слайд жасауды біледі. |
Тілдік мақсаттар: | Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Слайд, презентация, фотосурет Пәндік лексика және терминология: Слайд, сурет, тақырып, көрсету, қарау, өшіру, жүктеу, көшіру Сыныптағы диалог үшін сай келетін тіл стилі: - Қайда/қандай құрылғыны қолдана отырып сіз осы суретті түсірдіңіз? - Айтыңызшы неге/сіз дәл осыны қалай түсірдіңіз? - Мен осы дизайнды таңдаған себебім… - Слайдқа суретті қою үшін … керек |
Бағалау критерийлері | Презентация бетін құруды біледі. Презентацияға суреттерді кірістіруді және дизайнын таңдауды біледі. |
Құндылықтарды дарыту | Адам еңбегімен жасалатын нәрсенің бәрін бағалай білуді бойларына дарыту. Белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. |
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, бейнелеу өнері |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Ынтымақтас- тық атмосферасын қалыптастыру (2 минут) | Оқушылармен амандасу, түгендеу (Ұ) Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. | Тренингтер жинағы |
Топқа бөлу «Ой шақыру» (7 минут) | – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! (Т) «Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушыларға суреттің қиылған бөліктерін тарату. 1-топ Өзен 2-топ Көл 3-топ Теңіз (Т) Постер қорғау: Су туралы не білеміз? Суды күнделікті өмірде қалай үнемдеуге болады? (К) Судың пайдасы туралы бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=Wux8HTHTOp0&t=19s | Суреттер Плакат, маркер Интерактивті тақта |
Практикалық жұмыс (17 минут) | ( Ө) Ендеше оқушылар осы тақырыпқа байланысты өткен сабағымызды еске түсірсек. Яғни бүгінгі сабақта біз «Су – тіршіліктің көзі» тақырыбына презентация жасаймыз. Ол үшін компьютерімізде сақталып тұрған судың суретін пайдаланып немесе ғаламтор желісінен жүктеп аламыз. Және судың пайдасы жөнінде және суды үнемдеу жолдарын мәтінмен жазу. Ғаламторда ақпаратты іздеуді де біз жақсы білеміз. Солай ма?
Ескерту: Презентацияны безендіруде қарапайым ережелер бар, яғни алдымен слайдың атауы болуы, фотосуреттердің дұрыс орналасуы, қолайлы дизайн табу, түстер үйлесімділігі, қаріптердің өлшемдері мен түстері сай болу керек. | ДК |
Сергіту сәті (2 минут) | «Қызықты сандар» тренингі. Оқушылар орнынан тұрып 1, 2, 3, 4, 5 сандарын ауада сызу арқылы түрлі тәсілдермен жазады. 1-көзбен жазады. 2-баспен жазады. 3-оң қолымен жазады. 4-сол қолымен жазады. 5-екі қолымен жазады. 6-оң аяқпен жазады. 7-сол аяқпен жазады. | Көңілді әуен |
Жаңа сабақты бекіту (5 минут) | Оқушылар орын ауыстырады. Өз жұмысына қайтып келгенше басқа оқушылардың жұмыстарын қарап, бағалайды. Ұнаған жұмысқа жұлдызша беру арқылы ең жақсы жасалған жұмыс таңдалады. | Жұлдызша |
Қорытынды (5 минут) | (Ж) «Ыстық жұп» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Бір оқушы орнынан тұрып өзіне ыстық жұп таңдайды, сабақ барысы бойынша оған сұрақ қояды. Жауабын тыңдайды. Қажет болса толықтырады. Алғыс білдіреді. Осылайша бірнеше «ыстық» жұптардың сұрақ-жауаптары тыңдалады. | |
Үйге тапсырма | Презентацияға мәлімет дайындау «Қазақстандағы ең үлкен көл» | |
Кері байланыс (2 минут) | «Сөйлемді аяқта»
Білім алушылар компьютердегі жартақтаға ойларын жазып қалдыра алады: https://padlet.com/inkarkapizolla/vmbvbkebxtw6 | ДК |
Дескриптор |
| |
Рефлексия Сабақ өз мақсатына жетті ме? Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз. | | |