Файл: Алматы аласы, Трксіб ауданы 170 жалпы білім беретін мектеп Орындаан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 67
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы № 170 жалпы білім беретін мектеп
Орындаған: 2 “Б” сынып оқушысы:Смирнов Артем
Ғылыми жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жанатова Айнаш Слямбекқызы
Пікір
2 “б” сынып оқушысы Смирнов Артемның ғылыми ізденіс жоба жұмысының тақырыбын асыққа байланысты алынған. Қазақ халқының ұлттық ойындар қатарында асықтың алатын орны ерекше. Тақырып бүгінгі күні өзекті мәселе. “Өз байлығымызды өзіміз неге пайдаланбасқа?” оқу жүйесіндегі спорттық ойын ретінде қызықтап кіргізбеске? деген оқушы ойын үлкен ізденісті, елін, жерін ойлаған ізгілікті іс істеуге, өз байлығын қорғауға даяр тұрғаны мені қатты толғандырды. Елінің ертеңін ойлаған шәкіртіме дән риза болдым. Тақырып кеңінен ашылған. Барлық қажетті деректермен толықтырылған. Артемның білімділігінің, ізденімпаздылығының жемісі деп айта аламын. Болашағынан үлкен үміт күтемін. Болашақта осы көтерген проблемалық тақырыпты жүзеге асырып ел байлығын қорғайтын, ел жанашыры болады деген сенімдемін.
Ғылыми кеңесші:
Аннотация
Бұл ғылыми жобада қазақ халқының ойындарының бірі – асықтың мән-маңызы жан-жақты қарастырылады. Жалпы асықтың түрлері анықталады. Асық ойынының түрлері мен ойнау тәртібі айтылады. Сондай-ақ асық туралы өлең де беріледі.
Аннотация
В этой научной работе исследуется значимость одного из казахских национальных игр – асык. Говорится о разнх видах асыка. Виды игр в асык и их правила. И к тому же предоставляется стих о асыке.
Annotation
In this scientific project researches the importance of f nftional Kazakh game – Asyk. Gives different kinds of Asyk.Types of Asyk games and their rules.Available verse about Asyk.
Мазмұны
I. Кіріспе--------------------------------------------------------------------- 1
II. Негізгі бөлім
1) Асықойыныныңтарихыменоныңтәрбиелікмәні
2) Асықойнаудыңтигізерпайдасы
3) Асықтүрлерініңаталуыменоныиіру
4) Асықтуралыөлең
III. Қорытынды-------------------------------------------------------16
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ---------------------------17
Асықтан жасалған Тәуелсіздік тұлпары
Алматыда асықтан ат жасаған шеберлер дүйім жұртты қайран қалдырды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8500 асық жинап, алты ай бойы көз майын тауысып, Еуразия атты ақбозат мүсінін өмірге әкелген Нұрлан Әбішев, Нұрлан Әділхан, Қуаныш Мәтенов есімді азаматтардың еңбегі ерен. Осы бір ерекше туындыларын авторлар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту ретінде жасаған.
« Ақылы асса-аға ғой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса-сақа қой,
Қой асығы демеңіз»
Мақсаты:
Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу. Қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын дәріптеу. Асық ойынының маңызы мен оның түрлерін анықтау.
Міндеті:
1 Ұмытылып бара жатқан ойынды жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
2. Асықтың балаларға тигізер пайдасы.
3. Қазақтың ұлттық ойыны асықты ойнау ережесі.
Кіріспе
Асық – төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат.
– Асық ойыны – менiң ең сүйiктi ойындарымның бiрi. Достарыммен, сыныптастарыммен үнемi асық ойнаудан жарысу бiзде дәстүрге айналған. Және де дене шынықтыру пәнiнде аздаған уақытымызды осы ойынға арнаймыз. Асықты рет-ретiмен ажыратып, тәп-тәуiр ойнай алам. Барлық қазақ балаларын асық ойнауға шақырамын.
Негізгі бөлім
1) Асық ойынының пайда болуы мен оның тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табии заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады.
Асық - қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар,алтайлықтар да ойнады.
Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық қасиетті саналады. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені. Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды. Мысалы, менің есім кіргенде, біздің үйде әке-шешем жиған алпыс асық болған.
Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұсты асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жоспарлаған. Есі кірген қазақ балаларының ең алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен үлкендер де қызығып ойнаған (асықты қазіргі баспаларда балалар ойыны деп жүр). Бұл жөнінде көркем әдебиеттерде де мысалдар көп. Дәлел ретінде Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесі [2, 53 б.]. Кезінде үлкендер бұл асықпен иіру арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері болған.
Н. Жүсіп «Тутанхамонның асығы» мақаласында мысыр патшасы Тутанхамонның ойыншығы асық болағанын айта келе, «Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Әркім өз асығын қателеспей тауып үшін түрлі түске бояған. Балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады» . Сондай-ақ асық ойыны көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды.
Асықты шебер ойнайтындар бір кенейді көздеп атқанда, сақасын түпте немесе одан кейін ататын кенейіне таман жібереді. Бұл – геометриялық есеп әрі ұқыптылық. Екінші асығын жақыннан атып алу үшін, ұту мақсатында. Оған бала күнімде, ауылда талай куә болғам. Әдіс жағынан келгенде, бұл қырын бильярд ойынымен ұштастыруға болар еді.
2) Асық ойнаудың тигізер пайдасы
Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған екен.
Мен өз сыныптастарыма «сен асық ойнайсың ба?» деген сауал қойып көрiп едiм, олардың жауаптары төмендегiдей болды.
25% - білеміз, 68 % - ойнап көрген жоқпыз және қалған 7 %- асық туралы ақпараттары жоқ екенін айтты
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті, жауапкершілігі мол жұмыскер шығады.. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды. Онда йога мен биде қолданылатын позициялар қолданылады. Фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша, тегін аулада асық ойнаған пайдалырақ. Күнде
компьютер алдында отырып, буыны былжырап, толудың аз-ақ алдында тұрған адамдарға бір мезгіл асық ойнатса, құрыштай шынығар еді денелері. Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа тәрбиелейді. Қайткен күнде де «ағаларымдай шебер ойнап, ұтам бәрін», – деп талпынады.
Ағаларымыздың асық ойнап журген көрінісі
Асықты тіпті жетіген аспабында да қолданады
3) Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру
1 Түйе асығы – бунасын
2 Жылқы асығы – қидасап
3 Сиыр асығы – топай
4 Қой-ешкінікі – кеней
5 Киік асығы – кигат
6 Арқардың асығы – қоңқар
7 Қасқыр асығы – бунақ
Қасқыр асығы басқа малмен жоғарыда аталғандарға қарағанда екеу емес, төртеу болады. Артық екі аяғында екеуден, тек тәйке жағының бір жамбасы кем болады, бір қызығы ұялас үй иттерінде төртеу емес екі асық болады.
Асық иірудің өз атаулары бар
Асықты шиырып-шиырып иірсеңіз, ол сегіз түрлі жағдайда болады: алшы, тәйке, бүге, шіге, қыңжы, тоққа, омпы, шомпы болып жерде жатады, әрине көбінде бүгесі мен шігесі көп болады.
Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан томпақ беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық жағы.
в)Асық ойынының түрлері
Асық ойынының түрлері: үш табан, алты атар, шық етер, хан, арқаласпақ, сақа атар, сасыр, құжтәйке, асық иіру, жаппай, шеңбер, омпа, қора, бес қақпай, алшы атар, құмар деп аталады.
Алты атарды алты адам ойнайды. Ол үшін асық ойнайтын алаңды алдымен сызып алады. Алаңның мөлшері алты табаннан 12 табан болып, алаң ортасында кенейлер тігіледі. Әр ойыншы біреуден тігеді.
Шық етерде көп бала ойнаса, өте қызықты болады. Түзу сызыққа қатар тігілген кенейлерді алыстан (бес-алты адам) кезектесіп атады.
«Хан» ойынын қыз-бозбалалар кешке қарай үйде отырып, киіздің үстінде ойнайды. Оған 21 асық керек. Ішінде ең жеңіл асығы киік асығы кигат болса, «хан» болады. Егер, «хан» омпа немесе томпа тұрса, ойынға қатысушылар барлық асықты талапайлап алады. Егер қыңжы болса «ханды» асық ортасына иіреді. Ойын үстінде асықтарды жүптегенде «хан» қалай жатса, солай жатқан асықтарды сұқ саусақпен шертіп отырып тисе ғана алады, бірнеше асық тиіп кетсе, ереже бұзылады.
Арқаласпақты екі бала ойнайды. Олар иіру арқылы кезек алысып, бірінің сақасын бірі атады. Егер сақа тисе әлгі баланы сол араға дейін арқалап апару керек. Бұл ойын көбінесе бір ауылдан екінші ауылға барғанда жолда ермек үшін ойналады.
4)Асық туралы өлең
Өткен ғасырдың басында асық туралы өлеңдер де болған. Бұл өлеңді наурыз мейрамында айтса болады.
Шеки алып қолыма,
Асық ойнап ләй-ләй
Мұнша бала таңқалып,
Тұрсақ ойнап ләй-ләй.
Кешке дейін асықты
Ойнап едік ләй-ләй.
Қызығына ойынның,
Тоймап едік ләй-ләй.
Осы асықпен жетілген,
Батырларым ләй-ләй.
Бұл асықты ойнаған
Ақындарым ләй-ләй.
Жоба қорытындысы
Бұл тақырыпты зерттей келе, мен қазақтың ұлттық ойыны асық ойыны жайлы көп мәлімет іздендім. Осы ғылыми жоба арқылы асықтың шығу тарихын, оның балаларға берер пайдасы мен тәрбиелік мәнін ғылыми тұстарын жан-жақты танып білдім. Сондай-ақ асық түрлерінің атауларымен таныстым. Жалпы асық ойынының түрлері сан түрлілігімен де ерекшеленеді. Қазіргі кезде осы ойынды балалар арасында көп ойнатылса, ұлттық ойынымыз дами түсері анық. Асық туралы өлеңді де қалың жұртшылыққа танутуымыз керек сияқты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 «Қазақ халқының салт дәстүрлері» авторы : С. Қалиев, М. Оразаев Алматы 1994
2 «Қырық қазына» авторы Ә. Доспанбетов Алматы 1997