Файл: Отбасы ндылытары блімі бойынша жиынты баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 9

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



1-тапсырма

«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз, ауыспалы мағынадағы сөздерді ажыратыңыз.




«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер

Суреттер

А

Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды.

1

Ә

Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан Дэнни Уордты көрді.

2



Б

Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.

3

В

Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен.


4





5 «Б» сынып оқушысы _______________________________________________________

2-тапсырма. Шығармадағы оқиғалардың дамуын рет-ретімен қой.

А) Оқиғаның басталуы 1. Ривераның рингке шығуы

B) Оқиғаның дамуы 2. Ривераның жеңісі

C) Оқиғаның шиеленісуі 3. Ривераның айласы

D) Оқиғаның шарықтау шегі 4. Ривера мен Дэннидің айқасы

E) Оқиғаның шешімі 5.Дэнни төрешінің қитұрқы әрекеттері

3-тапсырма. Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере отырып, эссе жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________