Файл: Саба аза тілі Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп:№16 ОМ ММ

Бекітемін:

Күні: 06.02.18ж

Мұғалімнің аты-жөні: Картбаева С.Е

Сынып: 5 «а»

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Сабақтың  тақырыбы:

Тәуелсіздік символы – ұлттық тенге

Оқу  мақсаттары:

Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу.

5.Т3.Күнделікті жаңа тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.Т6.Тыңдалым материалдары негізінде сұрақтарға жауап беру.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді түсініп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтарға жауап беріп, сұрақ құрастыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыптың мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын түсінеді, талдау жасай алады, өздігінен тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік  мақсаттар

 

Пәнге қатысты  сөздік қор мен терминдер:

Шыққан жылы, бейнесі, төл теңге, өңір, мерей той, арнайы, ерекше.

Құндылықтарға баулу

Өз  Отаның тарихын құрметтеуге, оны дәріптеуге баулу.

Пәнаралық  байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Түсіндіру, кеспе қағаз, суреттер, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, видеоролик, ПОПС формуласы

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Балалардан  алдыңғы тақырыптан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік нышандары» туралы не білетіңдерін анықтау.






















Сабақ  барысы:

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы 

жоспарланған   жаттығу   түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 


Психологиялық ахуал

Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа

Бәрі бар ма орнында?

Қалам, дәптер, кітап та.

«Жүректен жүрекке»

Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.



Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма. Қате жазылған сөйлемдерді тап.

 

 

 

 

 

жүрекше

   

Сабақтың

ортасы

 

25 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

Суретке қара, жауап жаз.

-Баланың қолында не бар?

-Ол ақшамен не істемекші?
3-тапсырма. Мәтінді оқы.

1992 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы Жарлыққа» қол қойды. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Ұлттық валютаны «теңге», жүзден бір бөлігін «тиын» деп атайды.

Ұлттық теңгені жасауға екі жылдай уақыт кетті. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары бейнеленді. Қазақ валютасының жобасын жасаған суретшілер – тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов.

Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғышқы тиындар Германияда жасалған. Теңгені елге төрт «ИЛ-76» ұшақтарымен әкелді.

Ұшақтар Альбион еліне 18 рет қатынады. Төл теңгеміздің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер-асты қоймалары дайындалды. Осы қоймалардан ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңіріндегі банктерге 8 күн ішінде жеткізілді.

Ұлттық валютада елдің өткені, бүгіні және болашағы бейнеленді.

4-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексер.

Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.







1992 жылы 15 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы Жарлыққа» қол қойды.







Ұлттық теңгені жасауға 5 жылдай уақыт кетті.







Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғашқы тиындар Германияда жасалды.








Сөздік жұмыс. Шыққан жылы-год выхода, бейнесі-вид, төл теңге-первый тенге, өңір-окрестность, мерей той-юбилей, арнайы-специальный, ерекше-особый.
Видеоролик көрсету.
Сергіту сәті

«Мен не сыйлаймын?»

Мен бір әріпті көрсетемін, оқушылар сол әріптен келетін сыйлық ойлап табу керек. Мысалы: А – әрпі. Мен досыма айна сыйлаймын.

Әріптер: А, С, Т, Д, Е, Қ, М, Б, Р, Ә


кеспе қағаз

суреттер

оқулық

сөздік дәптер
видеоролик

әріптер

Сабақтың соңы

15 минут

«ПОПС» формуласы бойыша оқушыларға өз ойларын айтқызады. Қорытынды пікір айту.

Менің ойымша, ... »

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Өздеріңе қандай ақпараттар алдыңдар?

Сендерге не қиын болды?

Мен білдім

Маған ұнады

Мен түсінбедім











Үйге тапсырма: 8-тапсырма. Төменде аталған елдердің ұлттық валюта атауларын жаз..

«ПОПС» формуласы
 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2: