Файл: Авеста ертедегі парсыларды діни кітабы Антропология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тарихи-салыстырмалы әдіс – түрлі құбылыстарды зерттеу және түсіндіру жолында осы құбылыстың форма жағынан ұқсастығы арқылы олардың генетикалық, жақындығын, яғни олардың пайда болуының ортақ негізі туралы тұжырым жасау.

Теория - өзінің объектісін құрастырып отырған белгілі бір жиынтықтың қызметін сипаттайтын, түсіндіретін және болжайтын, шындықтың қандай да болмасын «фрагменті» жөніндегі нақты білімді жинақтап қорытындылайтын жүйе.

Тоқырау кезеңі – қоғамның дамусыз, ілгерілеусіз күйде тұруы.

Тоталитаризм – зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққыны негізіне алған саяси үстемдік жүйесі.

Урбанизация – адамзатты таратып орналастырудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс.

Іргелі зерттеу – теориялық негізі терең, өзекті ғылыми зерттеу.

Факт – объективті және ғылыми факт ұғымын айырып көрсетеді. Объективті факт деп адам қызметінің немесе танымының объектісін құрайтын кейбір оқиғаны, құбылысты, ақиқат көрінісін түсіну қабылданған. Ғылыми факт – объективті фактінің адам санасында көрініс табуы, яғни оны кейбір жасанды немесе тарихи – тіл арқылы суреттеу.

Эмиграция – басқа мемлекетке түпкілікті немесе уақытша тұруға кету.

V БӨЛІМ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Ақтаңдақтар – мүлде немесе зерттелмеген, сондай-ақ дұрыс түсіндірілмей бұрмалана жазылып келген тақырыптар.

Әнұран, гимн (грек. hymnos-мадақтау ән) – салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.

Диаспора – күштеп көшіру арқылы, түрлі саяси-әлеуметтік жағдайға душар болған, басқа елдердің ортасына барып паналаған этностардың шашыранды топтары.

Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді.

Депортация – белгілі бір халықты күштеп көшіру.

Егемендік, суверинитет (нем. souveranitat, франц. souverainete – жоғарғы билік) – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы.

Елтаңба – /герб/ (нем. евче-таңба) – мемлекеттің, әлеуметтің, әкімшілік бөліністің, т.б. дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін, оларды әлеуметтік-тарихи тұрғыдан даралау мақсатында жасалатын айырымдық белгі, рәміз, таңба.

Жаһандану – ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global - әлемдік, дүниежүзілік,) – жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұстастық құрылуының үрдісі.


Декларация (лат. declaratio-мәлімдеу, хабарлау)-мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат.

Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әртүрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы.

Конфедерация (кейінгі лат. Confederatio-одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы.

Конституция (лат. Constitio-белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің негізгі Заңы.

Репатриант – шетелдерден өз Отанына қайтып оралған адам.

Отан – туған ел, атамекен. Адамның туған жері, сол халықтың тарихи аумағындағы оған жататын табиғат даму ерекшеліктері, тілі, мәдениеті, тұрмысы және өнегелігі.

Реэмигрант - өзінің тарихи Отанына кетіп, өз еркімен тұрған мемлекетіне қайтып келген эмигранттар.