Файл: Стандарттау, сертификаттау жне метрология пнінен тест сратары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 227

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Б) қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы

С) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт

Д) сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар

Е) өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы
85. Өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы?

А) процесс

Б) қызмет

С) өнім

Д) обьект

Е) дайындаушы
86. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі?

А) сәйкестік белгісі

Б) сәйкестік сертификаты

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестікті ерікті растау

Е) сәйкестікті міндетті растау
87. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат?

А) сәйкестік сертификаты

Б) сәйкестік белгісі

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестікті ерікті растау


Е) сәйкестікті міндетті растау
88. Дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат?

А) сәйкестік туралы декларация

Б) сәйкестік сертификаты

С) сәйкестік белгісі

Д) сәйкестікті ерікті растау

Е) сәйкестікті міндетті растау
89. Дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім?

А) сәйкестікті ерікті растау

Б) сәйкестік туралы декларация

С) сәйкестік сертификаты

Д) сәйкестік белгісі

Е) сәйкестікті міндетті растау
90. Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім?

А) сәйкестікті міндетті растау

Б) сәйкестікті ерікті растау

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестік сертификаты

Е) сәйкестік белгісі
91. Нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім?

А) сәйкестікті растау

Б) сәйкестікті ерікті растау

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестік сертификаты

Е) сәйкестік белгісі


92. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға?

А) сәйкестікті растау жөніндегі орган

Б) сәйкестікті ерікті растау

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестік сертификаты

Е) сәйкестік белгісі
93. Нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы?

А)сәйкестікті растау нысаны

Б) сәйкестікті ерікті растау

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестік сертификаты

Е) сәйкестік белгісі
94. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация?

А) сәйкестікті растау саласындағы құжат

Б) сәйкестікті ерікті растау

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестік сертификаты

Е) сәйкестік белгісі
95. Объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері?

А) сәйкестікті растау схемасы

Б) сәйкестікті ерікті растау

С) сәйкестік туралы декларация

Д) сәйкестік сертификаты

Е) сәйкестік белгісі
96. Сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім?


А) сертификаттау

Б) стандарттау

С) метрология

Д) аккредиттеу

Е) өлшеу әдісі


97. ГОСТ талаптары қай мемлекеттерге жарамды?

А) ТМД мемлекеттерінде

В) Ресейге

С) Европалық одақ елдеріне

Д) НАТО ұйымына мүше елдерге

Е) Қазақстанға

98. Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңы бойынша қандай жаңа нормативті құжаттар қабылданды?

А) Техникалық регламент және жеке стандарт

В) Халықаралық стандарт техникалық регламент

С) Техникалық шарттар және халықаралық стандарт

Д) Техникалық регламент және өнеркәсіп стандарты

Е) Өнеркәсіп стандарты және техникалық шарттар

99. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарын кім бекітеді?

А) ҚР Техникалық реттеу комитеті

Б) ИСО

С) МЭК

Д) БҰҰ

Е) Қазақстан Республикасының үкіметі

100. Техникалық реттеу және метрология бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын кім ұсынады?

А) Техникалық реттеу бойынша комитет

Б) Қазақстан Республикасының үкіметі

С) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты

Д) Қазақстан Республикасының ҰҒА - сы

Е) Тұтынушы құқығын қорғау ұйымы
101. Уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат?

А) стандарт

Б) сертификат

С) паспорт

Д) инспекциялық тексеру нәтижелері

Е) дұрыс жауабы жоқ
102. Нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет?

А) стандарттау

Б) сертификаттау

С) өлшем бірлігін қамтамасыз ету

Д) аккредиттеу

Е) унификациялау
103. Өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт?

А) техникалық регламент

Б) стандарттау