ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 67
Скачиваний: 1
1-мамыр мерекесі 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 – Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байболова Сағадат Саржановнаға беріледі. Жүргізуші: Қуаныштан желпілдейді түндігім Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін, Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!«Бірлігіміз жарасқан» әнімен « » 5 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар! Жүргізуші: Адамзаттың арманын ұғып бірден, Сенім құйып, үнінен үміт күлген, Сан халықты бір тудың аясына Бір әнмен біріктірген.Би Асем ай би тобын қарсы алыңыздар
1 жүргізуші:
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын береді.
Келесі кезекте 5- 10 сыныптан құралған ұлттар флешмобын қошеметпен ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ән «Ақ көгершін» орындайтын хор (барлық сынып оқушылары)
1 жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір! Ендеше, бейбітшілік жасасын! Ынтымақтастық жасасын! Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
«Бірлік бар да, тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.
Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт - береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!