Файл: Эссе таырыбы азастанны заманауи білім жйесіндегі даму рдістері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Эссе тақырыбы: Қазақстанның заманауи білім жүйесіндегі даму үрдістері

 Біз қазір ХХІ ғасыр ақпараттық технологияның даму заманында өмір сүріп жатырмыз десек болады. Қазіргі заманда балаларымыз түрлі ақпарат құралдарымен, немесе түрлі сайттармен жұмыс жасау қабілеті өте жақсы дамыған. Осыған байланысты бізде білім жүйесін дамытып, оқушылардың танымдық, ізденгіш, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамытуымыз қажет. Осыған орай білім беру жүйесіне түрлі реформалар да шығып жатыр. Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай табиғи сұраныстарға орай, оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.Тағы бір айта кететін мәселе жаңартылған білім беру мазмұнына өтуде оқушыларға өз әсерін тигізе білді деп ойлаймын. Себебі біз бес баллдық бағалау жүйесінен, формативті және суммативті бағалау жүйесіне көштік. Бұл оқушылардың өздерін бағалауға, өз - өзіне есеп беруге және өзінің қабілетін дамытуға жағдай жасауына ықпал етеді десекте болады. Бірақ ақпараттық технология заманы болғанымен мектеп базасының қәзіргі заман оқыту жүйесіне сай келмейтіні адамды қынжылтады десекте болады. Мектеп базасын толық қанды интернет жүйесіне қосылып, мектептің техникалық базасын дамытсақ айта кетсем түрлі лабараториялық кабинеттерді, оқушылардың дамуы үшін үйірмелер кабинеттерінің жасақталуы сияқты проблемаларымыз шешілсе біз үшін де, оқушылар үшінде керемет болар еді. Қазіргі біздің қолға алған бағдарламаларымызды менде қолдаймын. Болашақ білімді жастарды тәрбиелеу өз қолымызда.