Файл: Атбе облысы, аралы ауданы 2Бадамша орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы

«№2Бадамша орта мектебі»

7 «Б» сынып оқушысы

Көшкенбаев Нұрсұлтан

«Физика әлеміндегі

электромагниттік толқынның ағзаға тигізер әсері»

тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір

Бұл ғылыми жұмыста электромагниттік толқынның адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін адамдарға түсіндіру. Бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған заманымыздың басты талабы болып отырған компьютердің, ұялы телефонның бала психологиясының бұзылуына және денсаулығына кері әсер ететіндігі жайлы мәселелер баяндалған.

Электромагниттік толқындар кеңістікке бірін-бірі тудыратын және тарайтын айнымалы электр және магнит өрістерінің жүйесі болып табылады.

Электромагниттік радиация магниттік энергиядан және электромагниттік толқындар арқылы пайда болады. Барлық электромагниттік энергия электромагниттік спектрге түседі, олар өте төменгі радиацияның жиілігінен рентгендік және гамма-сәулелеріне дейін өзгереді. Электромагниттік толқынның радиациясының екі түрі бар. Олар: гамма-сәулелері және рентгендік сәулелер. Осы екі сәуле де адам денсаулығына зияны көп. Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар .Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, үтігінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады.

Осы мақсатта бұл жұмыста келешек ұрпаққа электромагниттік толқынның зиянын айта отырып, өз ағзаларын электромагниттік толқынынан дұрыс қорғай білуді қарастырған.

№2 Бадамша орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Көшкенбаев Нұрсұлтан

«Электромагниттік толқынның ағзаға тигізер әсері» атты зерттеу жобасы өте орынды да өзекті мәселені көтерді.
Пікір білдіруші

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы

«№2Бадамша орта мектебі»

7 «Б» сынып оқушысы

Баймуханова Күмісай

«Жұлдыз атауларының қазақ халқының

ұлттық дүниетанымымен байланысы»

тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздардың көресің. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отты елестетеді. Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жұлдыздардың центрінде бірнеше миллион градус, ал сыртқы бетінде мыңдаған градус ыстық болып тұратын, өзінен жарық шығаратын газ шарлары. Жай көзбен қарғанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.


Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен оларда түнгі аспанда жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан. «Планета» - «кезбе жұлдыз» деген мағына беретін грек сөзі.

Күн өзінің планеталарымен және басқа серіктерімен қосылып күн жүйесін құрайды. Барлық аспан денесі дамудың күрделі жолынан өтеді. Дегенмен, олар қалай өзгерсе де, неден құралса да бәрі бір олар (материя) із – түзсіз жойылмайды. Жұлдыздар шексіз ғана емес, сонымен бірге ол мәңгі дүние.

Жұлдыз – ғасырдан да ұзақ тылсым, мәңгілік жұмбақ әлем, адамзаттың ұғымына сыймайтын тәтті қорқыныш, ғаламат күш және тұтастай эйфория.

№2 Бадамша орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Баймуханова Күмісай

«Жұлдыз атауларының қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен байланысы» атты зерттеу жобасы өте орынды да өзекті мәселені көтерді.
Пікір білдіруші