Файл: за мерзімді жоспарды блімі Кинематика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кинематика










Мұғалімнің аты-жөні:

Каршыгина Л. Т










Күні:

22.09.2021










Сынып: 10 а

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:










Сабақтың тақырыбы

Практикалық жұмыс №2.Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.










Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.6 –көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау.










Сабақ мақсаттары

Көкжиекке бұрыш жасай тасталған дене қозғалысын сипаттайтын теңдеулерді білу.










Бағалау критерийлері

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайтын теңдеулерді білу;

Есептер шығару кезінде теңдеулерді пайдалана алу.










Құндылықтарды дарыту

басқалармен өзара әрекеттесу, дискуссия жасау; өз пікірін дәлелдеу, бір-бірін тыңдау және сыйлау

























Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар







Сабақтың басы.

3 мин

10 мин

30 мин

Сабақтың соңы

2 мин

Оқушылармен амандасу, қатыспағандарды белгілеу.

Миға шабуыл:

Суреттерді не біріктіріп тұр деп ойлайсыңдар?
Қандай қозғалыс түріне жатқызуға болады? Бұл қозғалысты қалай атауға болады?





Оқушыларды

- сабақтың мақсатымен

- бағалау критерийлерімен таныстыру

Өткен материалды қайталау

Келесі негізгі ұғымдарды оқушыларға түсіндіру:

- Қозғалыс теңдеулері.
- Траекторияның кез келген нүктесіндегі жылдамдық. Жылдамдық проекциялары.
- Толық ұшу уақыты.
- Максимал көтерілу биіктігі.
- Максимал ұшу қашықтығы.



Траекторияның кез келген нүктесіндегі жылдамдық.

Толық ұшу уақыты.

Максимал ұшу қашықтығы.

Максимал көтерілу биіктігі.

Есептер шығару.

  • Жеке жұмыс

№1. Бала допты 20 м биіктіктегі терезеден горизонталь бағытпен лақтырды. Егер доп үйдің іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп жерге дейін қанша уақыт ұшқан және қандай жылдамдықпен лақтырылған?
№2. Бала биіктігі 5 м тік жағадан суға сүңгіді, оның жүгіргеннен кейін горизонталь бағытталған жылдамдығы 6 м/с еді. Баланың суға жеткен кездегі жылдамдығының модулі мен бағыты қандай?
№3. Дене 10 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған, ұшу алыстығы лақтыру биіктігіне тең. Дене қандай биіктіктен лақтырылған?

Топтық жұмыс.

№4. Екі бала бір бірен доп лақтырып ойнайды. Ойын кезінде доп қандай максимал биіктікке жетеді, егер ол бірінші баладан екіншісіне 2 с ұшатын болса?

№5. Зеңбіректен көкжиекке бұрыш жасай атылып шыққан снаряд 12 с ұшты. Снаряд қандай ең үлкен биіктікке көтеріледі?

Жеке жұмыс

№6. Көкжиекке 450 бұрышпен лақтырылған диск ең жоғарғы биіктікке көтеріледі. Дискінің ұшу алыстығы қандай?

Рефлексия

  • Мен қандай іс-әрекетті дұрыс жасадым?

  • Мен үшін бүгін не қиын болды?

  • Тағы қандай жұмыс жасауым керек?

деген сұрақтарға оқушылар жауап беру қажет.

Сұрақтарға жауап береді


Негізгі формулаларды еске түсіреді

Есептерді әр қатар оқушылары жеке шығарады

Екі топқа бөлініп есепті талқылап шығарылуын тақтаға ұсынады

Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауға тырысады

Өз бетінше шығарады


Дескрипторлар:

Оқушы,

  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайтын теңдеулерді есептер шығаруда пайдаланады;

  • Математикалық түрлендірулерді жасай алады;

  • Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін дұрыс жасады.




Презентация

симмуляция

http://phet.colorado.edu/sims/projectile-motion/projectile-motion_en.html


Қосымша 1

Стикерлер







Үй жұмысы

Негізгі ұғымдарды қайталау
















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы




Көкжиекке бұрыш жасай/вертикаль тасталған дене қозғалысын сипаттау

Ұшу уақытын, қашықтығын және биіктігін есептеу

Өз бетінше ұшу уақытын, қашықтығын және биіктігін анықтау

Өзара бағалау, мұғалімнің мадақтауы

Физика кабинетінде қауіпсіздік техника мен тәртіп сақтау ережелері ескеру




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?










Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?