Файл: 130 бйрыа 35осымша Нысан апланбек жоары аграрлы техникалы колледжі мкк саба жоспары Сабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойлан
Неге кейбір мемлекеттер шетелдегі қандастарын қайтаруға ерекше көңіл бөледі?
Ұлт игілігі үшін Алматы қаласында 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының Бірінші құрылтайы өтіп, шетелдердегі қандастарымыз атажұртта бас қосты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, төрағалығына Н.Ә. Назарбаев сайланды. Құрылтайдың басты мақсаты – қазақтарды этникалық-мәдени біріктіру. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары одан кейінгі жылдары Түркістан, Астана (Нұр-Сұлтан) қалаларында өткізілді.
Құрылтай сияқты басқосулар тарихи тағдыр жазмышымен төрткүл дүниеге тараған қандастарымыздың атамекеніне оралуына жол ашып, тарихи отандарына көшіп келушілердің бейімделу мәселелерін шешті. ТМД елдерінің арасында бірінші болып біздің мемлекет алыс-жақын шетелдердегі қандас бауырларына құшағын айқара ашып, олардың елге оралуына кеңінен мүмкіншілік жасады. Шетелдегі отандастарын туған жеріне қайтаруға қамқорлық жасап отырған дүниежүзіндегі мына мемлекеттер: Қазақстан, Германия, Израиль болып табылады.
Аталған шара Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында тарихи тағдыр тауқыметімен өзге елге кетуге мәжбүр болған өз ұлтының болашағына алаңдап, қамқорлық танытатын және жаңа мыңжылдықта бейбітшілік пен гуманизмді қалыптастыру жолымен нық қадам басқан ел ретінде танытты. Алғаш рет 30 жыл ішінде қазақтардың үлес салмағы 40%-дан 70%-ға жетті.
Бұдан кейінгі өткен құрылтайлар қазақтардың жаңа дәуірдегі біртұтас ұлт ретінде бірігуге ұмтылысын көрсетті. Жыл сайын құрылтай үлгісі бойынша еуропалық қазақтардың кіші құрылтайлары өткізіледі.
6. Қазақстандағы қазіргі этнодемографиялық жағдай. Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістерге сәйкес 1991–2003 жылдары халықтың саны күрт азайды, ал 2011 жылы республика тұрғындарының саны 1991 жылғы көрсеткішке жақындады. Тұрғындар саны күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі азаматтардың Қазақстаннан тыс елдерге көші-қон нәтижесі еді. Негізінен еуропалық этнос өкілдері қоныс аударды. Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан кетіп, осы өңірлерде халық саны азайды.
Анықта
Ерлерге қарағанда әйелдердің пайыздық үлесінің басым болуының себептерін анықтаңдар.
Бүгінде республика тұрғындары қатарында әйелдердің ерлерден басым көрсеткіші сақталып келеді. Еуропалық ұлт өкілдерінің қартаюы көрініс табуда, жастары Қазақстаннан тыс елдерге оқуға және жұмысқа орналасуға кетуде. Қазақтар республика тұрғындарының басым бөлігін құрайды.
Қазақстанда аймақтық орналасуда өзгерістер байқалады. Ауыл жастары қалаға бет бұруда. Көші-қонның негізгі ағыны тұрғындарының саны 1 млн-нан асқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына бағытталған.
1. Дүниежүзі қазақтары құрылтайын өткізу мен қандастарымыздың елге оралуының негізгі себептері мен алғышарттары қандай?
2. Қазақстан қандастардың елге жаппай қоныс аударуынан қандай жеңілдіктер мен артықшылықтар алды?
3. Қосымша деректерді пайдаланып, өздерің тұратын аймақтағы қандастардың бейімделуі туралы айтып беріңдер.
4. Жаңа деректер негізінде «Серпін» бағдарламасының мақсаты мен жүзеге асырылу барысы жайлы айтыңдар.
Диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық).
Ирредента – өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.
Иммиграция – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
Репатриант – тарихи отанына қайтқан қандастар.
Эмиграция – өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
Жандарбек Мәлібеков (1943) – Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші.
Майра Мұхаммедқызы (1965) – қазақтың атақты опера әншісі (сопрано, бельканто). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш опера әншісі.
Мұстафа Өзтүрік (1954–1995) – таэквондо спортынан есімі әлемге әйгілі шебер.
1. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының тарихи маңызы неде?
2. Бұдан кейінгі өткен құрылтайларда қандай мәселелер көтерілгенін анықтаңдар.
5. Сабақ бойынша рефлексия:
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
6.Үй тапсырмасы:
1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсатын анықтаңдар.
2-тапсырма. Берілген сызба бойынша әңгіме құрастырыңдар.
3-тапсырма. Қазақстаннан басқа елдердің (Ресей Федерациясы, ГФР, Израиль т.б.) көші-қон саясатына талдау жасаңдар.
Бағалау:
Сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде жауап берген студенттерді атап өтіп бағалау, белсенділігі төмен студенттерге ескерту жасап өту.