Файл: 1 Геологиялы блім 1 Кен орын туралы жалпы мліметтер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 177
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұтқыр серпімді құрамды дайындау жөніндегі технологиялық үрдісті жүргізу кезінде заттар келесі массалық үлесте қолданылады:
-полиакриламид – 1,0 пайыз;
-жалғаушы(сшивающий) агент – 0,03-0,04 пайыз;
-су-қалған масса
Технология бойынша өңдеуден 24 сағат бұрын дайындалатын полиакриламидтің 1 пайызды ерітіндісін пайдалану қарастырылған. жалғаушы(сшивающий) агент стационарлы ыдыста дәл ұңғыны өңдеу алдында дайындалады.
Тұтқыр-серпімді құрамды айдау мұнай өнеркәсібінде қолданыста жүрген ЦА-320, ЦА-400 сорапты агрегатарымен және АЦН-8, АЦН-16 автоцистерналарымен жүргізіледі. Айдау үрдісі ұңғыда циркуляция бар жағдайда келесі тәртіппен жүргізіледі: 1.Жуу аяталған соң тұтқыр-серпімді құрамның есептелген көлемі ұңғыға айдалады 2.Жүйені қабатқа енгізу үшін технологиялық сұйық( беттік әрекеттік заттардың судағы ерітіндісі) пайдаланылады 3.Қабатқа енгізу аяқталған соң ұңғы гель түзілу үшін 24 сағатқа жабылып, содан соң пайдалануға жіберіледі. Осы операциялардан кейін ұңғы өнімінің тәуліктік шығымын өлшеу және сулануын анықтау жолымен ұңғының жұмысы бақыланып отырады.
Құм көрінісімен күрес
Құм көрінісімен күресу мәселесі кен орынды пайдалана бастаған уақыттан бері бар. Литологиялық жағынан өнімді қабаттар саз, алевролит және әлсіз цементтелген құмтастардан құралған. Коллекторларға термиялық әдістермен әсер етуге байланысты олардың бұзылу иүмкіндігі артады. Кенішке жылулық әсер ету мұнайдың тұтқырлығын төмендетеді және аққыштығын арттырады. Бірақ, бұл жағдайда борпылдақ коллекторлар цементтеуші зат болып табылатын тұтқыр мұнайды жоғалтады. Ылғалдылық айтарлықтай болғандықтан жыныс бөлшектері арасында ілінісу шамасы өте аз. Сондықтан қабат сұйығының ұңғыға жылжуы бұзылу өнімдерінің шығуына алып келеді. Құм тығындары ұңғы өнімділігіне үлкен кері әсерін тигізеді.
Құм көрінісінің алдын алу екі бағытта жүргізілді:
-түптік құмұстағыш сүзгілерді орнату;
-ұңғының түп аймағын химиялық әдіспен бекіту;
Қазіргі кезде ұңғы өнімділігін қалпына келтіру үшін механикалық әдіс(гидрожелонкамен тазалау) және ыстық сумен жуу әдісі қолданылады. әр ұңғыны өңдеудің тиімділігін бақылау үшін тазалау аралық кезең(ТАК) қолданылады.
ТАК шамасы 5 топқа бөлінген: 30 тәулікке дейін, 31-50 тәулік, 51-100 тәулік, 101-200 тәулік және 200 тәуліктен артық.
Құм көрінісімен күресу үшін ыстық сумен өңдеу және гидрожелонкамен тазалаумен қатар химиялық әдісті де қолданып көру ұсынылады. Құмдық жыныстарды бекітудің ең үлкен тиімділігіне акриламид негізіндегі жоғары молекулярлы полимерлер ие екені тәжірибеден белгілі. Жалғаушы агент ретінде негіздік металдардың хроматтары қолданылады. Мұндай химиялық жүйелер жыныстың тұрақты беріктігін оның коллекторлық қасиеттеріне зиян тигізбей қамтамасыз ететін гельтәрізді масса түзеді. Химиялық әдісті қолданбай тұрып арнайы бөлінген аумақта сынақтан өткізу қажет.
Коррозиямен күрес
Қаражанбас кен орнында объектілердің тұрақты жұмысына кері әсерін тигізетін фактордың бірі-ұңғы өнімінде құмның болуы. Осыған байланысты кен орнында периодты түрде жүргізілген ингибиторлық қорғаныстың тиімділігі айтарлықтай дәрежеде төмендеп отырған. Механикалық қоспалардың(құм) шығуынан пайда болатын коррозиялық эрозия агрессивті ортада ұңғы жабдықтарының және өнімді жинау жүйесі құбырларының тозуына әкеледі. Қабатқа су және бу айдау үрдістері құм шығымын көбейтеді, эрозиялық факторды жоғарылатады және коррозиялық үрдістерді жылдамдатады, құм тығындарын пайда қылады. Соның нәтижесінде ұңғыны пайдаланудың сенімділік дәрежесі төмендейді.
Қаражанбас кен орнында қорғаныстың технологиялық және арнайы әдістері енгізілді және меңгерілді: мұнай жинау коллекторларының ингибиторлық қорғанысы, ағынды диспергирлеу, лифтік және шлейфтік құбырларды эмальмен қаптау, резервуарлардың катодты қорғанысы.
Мұнай жинау коллекторларының ингибиторлық қорғанысы жақсы нәтиже берді.
Диспергаторларды кәсіптік-тәжірибелік сынау жұмыстары оң нәтиже берді, коррозия жылдамдығы 10 және одан көп есе төмендеді.
Ингибирлеу мен басқа да қорғаныс түрлері еңбекті көп қажет ететін немесе мүмкін емес болғандықтан лифттік және шлейфтік желілер үшін қорғаныс ретінде құбырларды эмальмен қаптау қолданды. Шыныэмальмен қапталған құбырлар пайдалану кезеңінде бүлінген жоқ дерлік, бұл коррозиядан қорғаныс дәрежесінің айтарлықтай жоғары екенін және эмальдалған құбырларды кеңірек қолдану қажеттігін көрсетеді.
Электрохимиялық(протекторлы) қорғаныс металл резервуарлардың ішкі бетін қорғау үшін қолданылды. Бірақ ішкі беттің қорғаныш қабықшасымен қапталмағанын және ортаның жоғары агрессивтілігін ескерсек мұндай қорғаныстың тиімділігі төмендейді.
2.2.4 Ұңғы өнімдерін өндірістік жинау және дайындау жүйесі
Ұңғы өнімдерін кәсіпшілік ішінде жинау мен дайындау жүйесі іске қосылып тұрған ұңғы қорының өнімдерін жинау, өлшеу, дайындау объектісіне кәсіпшілік тасымалдау, тауарлы сапаға жеткізу және тұтынушыға тапсыру үшін арналған.
Қаражанбас кен орны 1978 жылдан бері пайдалануда. Пайдалануға енгізілу уақытына байланысты құрамына ВВГ, ПТВ-2, ПТВ-3 аудандары кіретін бұрғыланған аумақ(ескі аумақ) және кен орынның шығыс, солтүстік, батыс, оңтүстік аудандарын қамтитын жаңа аумаққа бөлінеді.
Өндірілген өнімді жинау келесі технологиялық тізбек бойынша жүргізіледі: өндіру ұңғыларының сағасынан өнім лақтыру желілері арқылы топтық қондырғыға(ТҚ) келіп түседі. Топтық қондырғыда сұйық шығымы өлшенеді, айырудың бірінші сатысы өтеді, пеште қыздыру жүргізіледі. Сосын мұнай жинау жүйесімен сораптар арқылы мұнай дайындау объектісі-мұнай дайындау қондырғысына(МДҚ) жеткізіледі.
Кәсіпшілік ішіндегі жинау, тасымалдау және дайындау жүйесі «Қазақстан Ресубликасында мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай ережесіне» сәйкес келесі талаптарға жауап беруі керек:
-өндірілген өнімді жинаудың саңылаусыздығын қамтамасыз ету;
-мұнай мен газдың минималды шығынын қамтамасыз ету;
-атмосфераға шығарылымның минималды болуын қамтамасыз ету;
-әр ұңғы өнімінің дәл өлшенуін қамтамасыз ету;
-игеруді бақылау үшін және ұңғы жұмысының тиімді технологиялық режимін таңдау үшін ұңғыларды зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
-жалпы кен орынның кәсіпшілік өнімінің есебін қамтамасыз ету;
-технологиялық тізбектің барлық буындарының пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету;
-барлық технологиялық үрдістердің автоматтандырылуын қамтамасыз ету;
Бұл талаптарды ескеру үшін келесі нұсқауларды орындау қажет:
Ұңғылардың шығымын стационарлы өлшеу қондырғысымен де, жылжымалы өлшеу қондырғысымен де жүргізуге болады. Ұңғы жұмысының технологиялық режимін анықтау үшін және қабатта болуы мүмкін өзгерістерге байланысты ұңғы жұмысын түзету үшін әр ұңғы өнімі міндетті түрде айына 1 реттен кем емес жиілікпен өлшенуі тиіс. Кен орынды игеруді бақылау және өнімді есептеу үшін кәсіпшілікте қолданылатын барлық өлшеу қондырғылары өлшеу дәлдігін және сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Мұнайдың қату температурасы теріс екенін ескеріп (минус 18 оС-тан төмен), лақтыру желісінің жүйесін жер бетінде орналастыруға болады. Кәсіпшілік ағын қозғалысының тиімді температурасын қамтамасыз ету үшін, температура төмендегенде мұнай тұтқырлығы айтарлықтай жоғарылайтынын ескеру үшін, құбырдағы гидравликалық кедергілерге байланысты күрделі жағдайлардың алдын алу үшін құбырлардың барлық жер үсті бөліктері жылу изоляциялаушы материалдармен қапталуы тиіс.
Барлық ТӨҚ-тар факелдерде алауды тұрақты қамтамасыз ету үшін газ жүйесімен немесе стационарлы газ баллон қондырғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жұмыстар атмосфераға шығарылымдарды азайту мақсатында жүргізіледі.
Барлық жабдықтар қажетті қауіпсіздік және бақылау жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кен орынның ескі бөлігінде 1016 өндіру ұңғысы орналасқан. 315 ұңғы ВВГ ауданында, 665 ұңғы ПТВ-2 және ПТВ-3 аудандарында орналасқан. Ескі аумақтың жинау жүйесіне ВВГ кәсіпшілігінің 12 ТӨҚ-і, ПТВ-2 кәсіпшілігінің 10 ТӨҚ-і және ПТВ-3 ауданының 12 ТӨҚ-і кіреді.
ТӨҚ-ке қосу сәулелік(лучевая) сұлбамен, аумақтық белгі бойынша,ұңғылардың қай игеру объектісіне жататынын ескермей жүргізіледі. Бір ТӨҚ бойынша лақтыру желілерінің ұзындықтары 100 метрден 700 метрге дейінгі аралықта өзгереді. Лақтыру желісінің ұзындығы ұңғылардың орналасу сұлбаларымен анықталады.
Өнімнің бұдан әрі де суланатынын ескеріп ескі ауданда жинау жүйесін жаңғырту жобасын жасау керек. Бұл жобада кәсіпшілікте суды алдын ала лақтыру қондырғыларының тиімді саны анықталуы қажет.
Жаңа аумақта кен орынның шығыс бөлігі белсенді дамып жатыр. Мұнда ТӨҚ-27,30, 31, 32 жабдықталған. Жаңа ТӨҚ-терге қосылу аумақтық белгілер бойынша жүргізіледі, бірақ ұңғылардың қосылу сұлбасы ерекшеленеді. Ұңғылардың лақтыру желілері тікелей мұнай жинау коллекторларына қосылған, ол бойынша бүкіл сұйық ТӨҚ-ке жылжиды. Өнімді өлшеу әр ұңғының сағасындағы жеке шығынөлшегіштерде жүргізіледі. ТӨҚ-тердегі технологиялық сұлба қолданып жүргендерге ұқсас: сұйық ағыны айырудан өтеді, ілеспе газ 0,6-0,8 атм. қысыммен V-01 газ айырғышына түсіп конденсат пен механикалық қоспалардан тазартылған соң Н-01 мұнай қыздырғышқа жіберіледі. Қыздырылған мұнай сораптармен мұнай жинау жүйесі арқылы МДҚ-ға жеткізіледі.
Жаңа ұңғылар қорын қосқан кезде келесі нұсқауларды орындау қажет: жобалық ұңғыларды қазір істеп тұрған жинау жүйесіне максималды қосу; игеру жағдайын бақылау үшін әр ұңғыдан шығатын мұнай, су, газ мөлшерін жеке есептеу; лақтыру желілерінің ұзындықтарын мұнайдың құрамында көп мөлшерде шайыр, асфальтен, механикалық қоспалар бар екенін ескеріп таңдау; ұңғыларды жинау жүйесіне қосу объектілерге тәуелсіз, аумақтық белгілер бойынша жүргізу. Жинау жүйесінің жағдайын талдау негізінде жаңа ұңғылар ең жақын объектілерге немесе жаңа ТӨҚ-33 пен ТӨҚ-34-ке қосылады.
Өнімді дайындау бүкіл кен орынға арналған МДҚ-да жүргізіледі. Соңғы жылдары мұнда кеңейту және қайта құру шаралары жүргізілді. Олар келесі мәселелерді шешуге арналған: жаңа ұңғыларды іске қосуды ескеретін МДҚ-ң жалпы өнімділігін ұлғайту; МДҚ-ң тазалау құрылымдарына жүктемені азайту арқылы кәсіпшіліктегі экологиялық жағдайды жақсарту; кондицияға жетпеген мұнай сақталып келген резервуарларды мақсатымен пайдалану үшін босату. Жұмыс істеп тұрған 1-технологиялық желіні тауарлы мұнайдың өнімділігін тәулігіне 5500 м3-тан 11000 м3-қа жеткізу үшін қайта құру қажет. Желінің тиімділігін арттыру жаңа 1А және 1В желілерін құру мен 1В желісінде жаңа технологиялық жабдық орнату арқылы жүргізіледі. Ондай жабдықтарға келесілер жатады: ПТБ-10А тікелей қыздыру пеші-1 дана, көлемі 200 м3 тік тұндырғыш-2 дана, екі кірісті 6НДв-Бт ортадан тепкіш сорабы-2 дана.
Қазіргі кезде МДҚ-да тәулігіне сулануы 85 пайыз болатын 30 мың м3 өнім дайындалады. МДҚ-ң МЕСТ 9965-76 стандартына сәйкес келетін тауарлы мұнай бойынша өнімділігі 5500 т/тәулік. Бұл көрсеткішке 3 технологиялық желіліден келіп түсетін тауарлы мұнай кіреді.
МДҚ-ң кондицияланбаған мұнайды дайындау тиімділігін арттыру үшін ортадан тепкіш айыру әдісімен мұнай шламын тазартатын жаңа технологиялық желі енгізілді. Мұнай шламынан тазарту қондырғысы ретінде FOX 15 модулі қолданылуда.
Қайта құру шаралары деэмульгаторлардың меншікті шығымын азайтуға мүмкіндік береді. Деэмульгаторды таңдап алу арнайы зерттеулердің оң нәтижесіне негізделеді.
Қаражанбас кен орнында мұнайдың технологиялық шығын дәрежесі анықталмаған. Мұнайының эмпирикалық коэффициентін кешенді зерттеулер арқылы анықтап, соның негізінде мұнайдың технологиялық шығын нормативін жасау қажет. Бұл жұмыстар қолданылып жүрген РД 39-1-22-77 «Түрлі жүйелер үшін жинау кезінде мұнайдың технологиялық шығындарын есептеу әдістемесіне» сай жүргізілуде.
2.3 Арнайы бөлім
2.3.1. Бумен әсер ету кезінде қолдана отырып жоғары тұтқырлықты мұнайды алу процесстерін зерттеу
Қаражанбас кен орнының көп бөлігінде жылу әдістерін жобаға алынды.Кен орынның игеруінің динамикалық көрсеткіштері негізінен осы БЖӘ-нің көрсеткіштеріменен сипатталады, оның үлесіне бүткіл өндірудің 73% кіреді. 01.01.2010ж. БЖӘ учаскелерінен 10,020 млн.т мұнай, 31,661 млн. т сұйықтық алынған, 5,646 млн м3 салқын су, 13,973 млн.м3 ыстық су, 254,054 м3 ПАА ертіндісі, 28,623 млн.т бу және 9,513 тыс.м3 ауа, 4,801 мың т мұнай айдалған, ағымдағы сулану 84,1% құрайды, жетілген мұнайьергіштік 5,5%.
Бу айдау әдістерін қолдана жүргізіліп жатқан кен орынның игеру көрсеткіштері 2.6 кестесінде және 2.5-2.8 суреттерінде көрсетілген.
БЖӘ учаскесінің игеру анализінің көрсеткіштері бойынша, әдісті пайдалану мерзімінен 1990 ж дейін өндірудің өсуі ба йқалады. Оның максималд жылдық өндіруі 953 мың т. 1990 ж жетті. Кейін одан арғы жылдарда жылжық мұнай игерудің мцні үздіксіз иүскені байқалады. 1999 ж. 365 мың т. құрайды.
БЖӘ учаскелерінде сұйықтықты өндірудің көбеюі игеруден бастап 1993 ж дейін өскені(3263 мың т.), 1994-1995 ж. төмендеп, 1996-97ж. қайта өсуі байқалады. 1997 ж. сұйық өндірудің максималды деңгейі тіркелді оның көлемі 3448,5 мың т.
Су айдау көлемі біртіндеп өсе келді өсе келді, максималды деңгейіне 2009ж жетіп,2263 мың м3 құрайды. Келесі жылдары үздіксіз төмендеу жүреді де 2010ж су айдау көлемі 973 мың м3 жетті.
Бу айдалудың өсуі 1984-1993ж аралығында байқалады, 2004 жылдан бу айдау күрт төмендеді(бу генераторларында қолданатын қаламқас газының қымбаттауына және бу тасымалдауыштардағы жиі аппатарына байланысты.) 1996 – 2010жж. бу айдау қайта көбейтіліді(2443 мың т. максималды көрсеткіш).