Файл: Азаматты ызметшілерге, мемлекеттік бюджет аражаты есебінен сталатын йымдарды ызметкерлеріне, азыналы ксіпорындарды ызметкерлеріне ебекаы тлеу жйесі туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 160
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ескертпелер:
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіз бойынша: медицина және өзге де персонал үшін туберкулезді емдеу-профилактикалық мекемелерінде (палаталарында, бөлімшелерінде, интернат-үйлерде) – БЛА-дан 220 % мөлшерінде, наркологиялық ұйымдардағы және маскүнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда – БЛА-дан 40 % мөлшерінде, 20 %-дан 22 %-ға дейін қосымша ақы көзделген басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерде – БЛА-дан 23 % мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлері кезекшілікті атқарғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган бекітеді.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар арнаулы органдар жүйесінің, ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ медицина қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
4. Мейіргерлерге "Бас" мәртебесі үшін БЛА-дан 30 %, "Аға" мәртебесі үшін БЛА-дан 25 % қосымша ақы төлеу белгіленеді.
5. АИТВ – адамның иммунтапшылығы вирусы.
6. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы тәуекел тобына жатқызылуына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысатын қызметкерлерге де нақты жұмыс істеген сағаттары үшін қолданылады.
7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.06.2022 № 389 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
6-қосымша
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 940 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2021 № 7 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Қосымша ақылардың атауы | Қосымша ақылардың түрлері | Қосымша ақылардың мөлшері | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | | | |
1) | Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, зейнетақы төлеу орталықтарында әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айланысатын қызметкерлерден басқа: қарттармен, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеген кезде жұмыс істегені үшін; мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін; психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар балалармен және он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 30 % БЛА-дан 40 % БЛА-дан 50 % | | |
2) | Уақытша болу ұйымдарында: белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында); қатыгездікке ұшыраған адамдармен; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 60 % БЛА-дан 40 % БЛА-дан 60 % | | |
3) | Халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін | | ЛА-дан 50 % | | |
4) | Әкімшілік, қосалқы персоналдардың жұмыскерлеріне, жұмысшыларға мемлекеттік ұйымдардағы: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы жұмыс үшін | | ЛА-дан 40 % | | |
2. | | Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | | 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде | |
1) | Паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерінде (палаталарында) жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 40 % | | |
2) | Медициналық-әлеуметтік мекемелер жанындағы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелерде жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 60 % | | |
3. | | Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы | | | |
1) | Жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттылығы үшін: | | | | |
| Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерін (палаталарын) қоспағанда): басқарушы персоналға; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда); әлеуметтік қызметкерлерге; санитарларға | | ЛА-дан 30 % ЛА-дан 35 % ЛА-дан 40 % ЛА-дан 40 % | | |
| Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі паллиативтік көмек көрсету бөлімшелерінде (палаталарында): тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы мейіргерлерге, санитарларға | | ЛА-дан 60 % | | |
| Үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы қызметкерлерге: басқарушы персоналға; негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерді қоспағанда); әлеуметтік қызметкерлерге; санитарларға | | ЛА-дан 15 % ЛА-дан 20 % ЛА-дан 35 % ЛА-дан 20 % | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
7-қосымша
Мәдениет және архив ісі саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Ескерту. 7-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 940 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2021 № 281; 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Қосымша ақылардың атауы | Қосымша ақылардың түрлері | Қосымша ақылардың мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | | |
1) | Кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне: дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін; көру және есту қабілетінен толық айырылған азаматтармен жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 30 % | |
2) | Үңгірлерде, қорғандарда және басқа да ұқсас объектілерде экскурсиялық қызмет көрсеткені үшін | | БЛА-дан 20 % | |
3) | Мамандандырылған үй-жайларда депозитарлық сақтау және басылымдардың (мәтіндік, ноталық, электрондық, картографиялық, бейнелеу басылымдарын) міндетті даналарын қолданғаны үшін; бірегей кітап қолжазбаларын, құжаттарды және археологиялық материалдар, экспонаттар қорларын ерекше режимде күзетуді және сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы үшін; консервациялау, қалпына келтіру, сақтауды қамтамасыз ету үшін жазбалар мен кітапханалық және архив қорларын қолдану жөніндегі жұмысы үшін | | БЛА-дан 30 % | |
4) | Археологиялық қазбаларды жүргізу, артефактілердің мағынасын ашу және қалпына келтіру, олардың шығу тектерінің мерзімін анықтау, тарихи және мәдени ескерткіштерді консервациялау жұмыстары үшін | | БЛА-дан 20 % | |
5) | Мыналармен жұмыс істегені үшін: әртүрлі тарихи кезеңдерде (18 ғасырдан бастап) жасалған; арнаулы білімді және олармен жұмыс істеу ережелерін талап ететін әртүрлі жеткізгіштердегі (пергамент, былғары, мата, қағаз, калька, шыны, пленка, микрожарнама, дисктерде және т.б.) құжаттармен: аудиовизуалдық қор және деректі кино фильм қорының құжаттарымен; мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарының, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттармен; елдің бұрынғы және қазіргі көрнекті қайраткерлері мұрасының архив құжаттарымен | | БЛА-дан 30 % | |
6) | Бірегей кітаптар мен қолжазбалар қорларын ерекше режимде күзетуді және сақтауды қамтамасыз ету бойынша, архив баспаларын консервациялау, қалпына келтіру және пайдалану бойынша тікелей жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 20 % | Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкерлеріне |
7) | Республикалық ұйымдарда: басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне: театрларда, концерттік ұйымдарда: шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды іске асыруға байланысты жұмыстар үшін; музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында): тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін; кітапханаларда, кітап палатасында: кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы; мемлекеттік архивтерде: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін | | ЛА-дан 50 % | |
8) | Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында: басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне: театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде: шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін; музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), реставрациялау орталықтарында және т. б.): тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін; кітапханаларда: кітап қорының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы; мәдени-демалыс ұйымдарында (клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде) және т.б.): халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін; кинематографиялық ұйымдарда: фильмді прокаттау және көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін; мемлекеттік архивтерде: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін | | ЛА-дан 35 % | |
2 | | Кәсіптік шеберлігі үшін қосымша ақы | | Осы қосымша ақыны төлеудің тәртібі мен шартын мәдениет саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді |
| Басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындағаны, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылғаны үшін; басты (жетекші) рөлдерді (партияларды) орындауды, ағымдағы репертуарда жұмыспен қамтылуды қоспағанда театр, опера (оперетта), балет, музыкалық комедия, цирк, концерттік ұйымдар әртістеріне техникалық шеберлігі үшін | | ЛА-дан 50 % | |
3. | | Еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | | 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде |
| Саңырауқұлақ зеңдері, актиномицеттер және патогенді микробтар жұққан қағаз негізіндегі құжаттармен, кинопленкамен және фотопленкамен жұмыс істегені үшін; зиянды химиялық ерітінділер қолдана отырып, кинопленка мен фотопленканы, қағаз негізіндегі құжаттарды қалпына келтіргені, олардың үстінен зеңдерді жойғаны үшін; қағаз жеткізгіштегі құжаттардың жай-күйін диагностикалау бойынша жұмысы және оларды қалпына келтіргені үшін; мамандандырылған үй-жайлардағы ауаның ылғалдылығын және қағаздардың ылғалдылығы мен басқа да арнайы технологиялық процестерді реттегені үшін; өндірістік қондырғылар мен аппаратура бөлшектерін (түйіндерін), сыйымдылықтарды, бұйымдарды, ыдыстарды, тараларды және материалдарды жанармайда, дихлорэтанда, ацетонда, эфирде және сілтілік ерітінділерде қолмен жуғаны үшін; әлсіз контрастілік және өшіріліп қалған мәтіндері бар құжаттар бойынша ақпараттарды анықтағаны, түптегені (тіккені) үшін; шаң-тозаң басқан, зиянды химиялық реакциялардың ошағы болатын кітапханалық және мұрағаттық қорлармен жұмыс істегені, сондай-ақ театрлық декорациялар мен бутафорияларды құрғаны үшін | | БЛА-дан 30 % | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
8-қосымша