Файл: Азаматты ызметшілерге, мемлекеттік бюджет аражаты есебінен сталатын йымдарды ызметкерлеріне, азыналы ксіпорындарды ызметкерлеріне ебекаы тлеу жйесі туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 164
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.06.2022 № 389 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Қосымша ақылардың атауы | Қосымша ақылардың түрлері | Қосымша ақылардың мөлшері | Ескертпе |
| | | | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | | Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы | | |
1) | Жұмыскерлерге қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 25 % | Бұған медициналық, педагогикалық жұмыскерлер, қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлері, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің, тергеу изоляторларының сотталған адамдарға арналған кітапханалары мен клубтарының жұмыскерлері жатпайды |
2) | Мына: белгілі бір тұрғылықты жері, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орнының; әкімшілік тәртіппен тұтқындалған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орнының (дезинфекторларды қоспағанда) жұмыскерлеріне | | БЛА-дан 30 % БЛА-дан 30 % | |
3) | Жұмыскерлерге: қауіпсіздігі барынша жоғары (қатаң режимдегі) мекемелерде; төтенше қауіпсіз (ерекше режимдегі) мекемелерде; толық қауіпсіз мекемелерде (түрмеде); тергеу изоляторларын қоспағанда, қауіпсіздігі аралас мекемелерде (сотталғандарды ұстауға арналған режим түрлері әрқилы мекемелер): орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары (жалпы және қатаң режимдер), орташа және төтенше қауіпсіз (жалпы және ерекше режимдер), қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз (қатаң және ерекше режимдер) жағдайында; сот үкімімен бас бостандығынан айыруды қауіпсіздігі барынша жоғары (қатаң режимдегі), төтенше қауіпсіз (ерекше режимдегі) мекемелерде немесе қауіпсіздігі барынша жоғары (қатаң режимдегі) және төтенше қауіпсіз (ерекше режимдегі) мекемелерде өтеу белгіленген емдеудегі сотталған адамдардың саны барлығын қосқанда мекеменің жүктелу лимитінің (төсек-орын саны) 50 пайызынан астамын құруы шартымен бас бостандығын айыруға сотталған адамдарды емдеу үшін құрылған ауруханалар мен басқа да арнайы мекемелерде; тергеу изоляторларында, қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциарлық) мекемелерінде және олардың учаскелерінде, ауруханаларда туберкулезбен, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған сотталған адамдарды ұстау және амбулаторлық емдеу үшін арнайы құрылған емдеу құқығындағы мекемелерде жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 13 % БЛА-дан 15 % БЛА-дан 15 % БЛА-дан 13 % БЛА-дан 15 % БЛА-дан 15 % БЛА-дан 15 % БЛА-дан 15 % | Көрсетілген қосымша ақы туберкулезбен ауыратындарды ұстауға толық арналмаған аталған мекемелердің туберкулезбен, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдармен жұмыс істейтін жұмыскерлеріне айлық жұмыс уақыты нормасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде белгіленеді |
4) | Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің, тергеу изоляторларының сотталған адамдарға арналған кітапханалары мен клубтарының жұмыскерлеріне | | БЛА-дан 20 % | |
5) | Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің, тергеу изоляторларының қоғамдық тамақтандыру және сауда жұмыскерлеріне | | БЛА-дан 20 % | |
6) | Мекемелердің дезинфекторларына | | БЛА-дан 45 % | |
7) | Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізгені үшін | | БЛА-дан 50 % | |
Ескертпе:
реттік нөмірі 1-жолдың 3) және 6) тармақшаларында көзделген ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне де қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
12-қосымша
Азаматтық қорғау органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының
қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне
еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар
Ескерту. 12-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.05.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.09.2018 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2023 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшері | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | | Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы | | | |
1) | "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің негізгі персоналына сел тасқындарына қарсы, көшкіндерге қарсы, су тасқындарына қарсы және басқа да қорғау іс-шараларын, сондай-ақ жолы қиын, шалғайдағы, климаты мен географиялық жағдайы күрделі биік таулы аймақтарда төтенше жағдайлар туындағанда және оларды жою кезіндегі профилактикалық, авариялық-құтқару және жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларын жүргізгені үшін | | БЛА-дан 40 % | Көрсетілген қосымша ақы төлеу тәртібі мен шарттарын лауазымдардың нақты тізбесі бойынша азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді | |
2) | Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушыларына: | | | Көрсетілген қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді | |
| химиялық, радиациялық ластану аймақтарында, биік таулы және жолы қиын аудандарда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюда, арнайы жабдықтарды қолданумен байланысты күрделі объектілерде, тікұшақ техникасымен десант түсіру, өмір үшін аса қатерлі кезде шұғыл және жедел авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу кезінде; | | өмірге қатерлі қысылтаяң жағдайдағы жұмыстың әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 300 % | | |
| жоғары (плюс 30 градус және одан жоғары) немесе төмен (минус 20 градус және одан төмен (боран, бұрқасын) температура кезінде жұмыс істегені үшін; | | жұмыстың әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 100 % | | |
| су астындағы авариялық-құтқару және жедел жұмыстарды тікелей жүргізу кезінде; | | су астындағы жұмыстың әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 100 % | | |
| мәйіттермен және мәйіттердің фрагменттерімен үнемі жұмыс істегендіктен психоэмоциялық жүктемесі үшін | | БЛА-дан 100 % | | |
2. | Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына | Күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға аттануға ұдайы әзірлік режимiнде болғаны үшін үстемеақы | Күту және ұдайы әзірлік режиміндегі кезекшіліктің әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 25 % | "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының күту және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға шығуға ұдайы әзірлікте болу режимiнде үйде кезекшiлiк ету уақыты кезекшiлiктiң әрбір сағатына сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептеледi. Көрсетілген үстемеақыны төлеу тәртібі мен талаптарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді. | |
3. | Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына: 3-сыныпты маман-құтқарушы 2-сыныпты маман-құтқарушы 1-сыныпты маман-құтқарушы халықаралық сыныпты маман-құтқарушы | Сыныптық үшін үстемеақы | БЛА-дан 20 % БЛА-дан 30 % БЛА-дан 40 % БЛА-дан 60 % | Уәкілетті атқарушы орталық орган бекіткен құтқарушыларға сыныптық берудің немесе сыныптығын растау тәртібіне сәйкес. Сыныптылық үшін төлем құтқарушының кітапшасындағы жазуларға сәйкес жүргізіледі | |
4. | Кәсіптік авариялық-құтқару қызметтерінің және құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдарының өтіліне қарай: | Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы | | | |
| 3 жылдан астам 5 жылдан астам 10 жылдан астам 15 жылдан астам 20 жылдан астам | | ЛА-дан 15 % ЛА-дан 20 % ЛА-дан 30 % ЛА-дан 40 % ЛА-дан 50 % | | |
5. | | Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | | 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды өндірістер, цехтар, кәсіптер мен лауазымдар тізімінің (тізбесінің) негізінде | |
1) | "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің облыстық, өңірлік басқармалары пункттерінің диспетчерлеріне, лауазымдарының атауларына қарамастан ультрақысқатолқынды, ЖЖК, аса жоғары жиіліктер-сәуле тарату көздері бар жабдықтарда жұмыс істейтін инженер-техникалық қызметкерлерге | | БЛА-дан 34 % | | |
2) | Радиостанциялармен жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 22 % | | |
3) | Маса-шіркей және басқа да жәндіктер мен кенелер тараған аудандарда жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 15 % | Аумақтарды маса-шіркей және басқа да жәндіктер мен кенелер тараған аудандарға жатқызу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган белгілейді | |
6. | Құтқарушыларға және құтқарушы функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерге | Денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қосымша ақы | ЛА-дан 70 % | Көрсетілген қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді | |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 13-қосымша |
Әскери қызметшiлер мен қызметкерлер болып табылмайтын, арнаулы
мемлекеттік, құқық қорғау органдары, қарулы күштер, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдар, мемлекеттiк өртке қарсы
қызмет жүйесiнің азаматтық қызметшiлеріне, мемлекеттiк бюджет
қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлерiне,
қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлерi үшін бiрыңғай,
еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар
Ескерту. 13-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.07.2020 № 471 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2022 № 389 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Р/с № | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | | Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге төленетін қосымша ақы | | 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде |
| Арнаулы техникамен және бұйымдармен жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 25 % | |
2. | | Ерекше еңбек жағдайы үшін үстемеақы | | "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес |
1) | Мемлекеттік және қызметтік құпиялар қамтылған құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 25 % | |
2) | Шифрлау байланысы қызметтеріндегі жұмысы үшін мамандар мен қызметшілерге, шифр қызметкерлері мен құпия байланыс аппаратурасы (бұдан әрі - ҚБА) бөлімшелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ ҚБА шифрлеу техникасын жөндеумен айналысатын қызметкерлерге | | БЛА-дан 30 % | |
3) | Байланыс бөлімшелерінің қызметкерлеріне арнайы хат-хабар мен мерзімдік баспасөзді жөнелткені үшін | | БЛА-дан 30 % аспайды | |
4) | Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмысы үшін жұмысшыларға еңбек сiңiрген жылдары: 3 жылдан астам 5 жылдан астам 10 жылдан астам 15 жылдан астам 20 жылдан астам болған кезде | | ЛА-дан 10 % ЛА-дан 15 % ЛА-дан 20 % ЛА-дан 30 % ЛА-дан 40 % | Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақыны белгілеудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орталық орган белгілейді |
5) | Жұмысшыларға, негізгі жұмысынан босатылмай, бригадаға басшылық жасағаны үшін: бригада құрамында 10 адамға дейін болса бригада құрамында 10 адамнан артық болса | | БЛА-дан 20 % БЛА-дан 35% | |
6) | Жүргізушілерге тіркемесі бар автомобильдерде жұмыс істегені үшін | | БЛА-дан 30 % | |
7) | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.06.2022 № 389 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЕТЖМ – заңнамада белгіленген ең төменгі айлық жалақы мөлшері.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
14-қосымша