Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 322
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады.
Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының гүрақтылығының маңызы зор. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі бүкіл ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды.
Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, Бұл әлсіз сілтінің реакциясы.
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұру ын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000.
Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті - оттегін тасымалдау кабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан илазмасына шығуын гемолиз деп атайды.
3.Қан топтары және қан құю тәртібі. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға қүйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан қүйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.
Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында Бұл армен кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен немесе агглютиноген В агглютинин бетамен кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады.
Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
-
. Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері ά, β де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады; -
. Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин β бар адамдар 39%, олар II-топқа жатады; -
. Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинии ά бар кісілер 15%, олар Ш-топқа жатады; -
. Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.
Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп, донор мен реципиенттің қандарын тексереді. АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталды. Оның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды оң-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды теріс-резусты (Rh-) деп атайды. Қанның ұйюы дегеніміз ағзаны қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.
Мұны гемостаз,яғни қан тоқтау дейді.
4.Иммунитет, оның түрлері және жас ерекшеліктері.
Иммунитет адамның жүқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті.
Иммунитеттің фагоцитарлық қағидасының маңызы үлкен. И.И.Мечников организмінің кейбір клеткалары — фагоциттер — денеге енген бөтен заттардың бөлшектерін іліп ұстап алып, қорытып, бойына сіңіретінін байқаған. Адам денесінде мұндай фагоцитарлық қабілет лейкоциттерде, әсіресе нейтрофилдерде бар. Лейкоциттер адам денесінің сақшысы іспетті, бөтен зат денеге енсімен қан тамырынан шығып, жалған аяқтары арқылы бөтен заттың шоғырланған жеріне жылдам барады да оны қоршап алып, протоплазмасының ішіне тартып, арнайы ферменттер арқылы ыдыратып немесе бір-біріне жабыстырып бөтен заттың залалының алдын алады. Мұндай да кейбір лейкоциттердің қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 2 мм-ге тең. Бөтен заттың жиналған жерін лейкоциттер сол затпен бірге денеге енген микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын қабындыруынан анықтайды. Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен бірге денеден шығады.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары — иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды.
Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті қысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің туа және жүре пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл — туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті жалпы және жергілікті деп те бөлінеді. Бүкіл организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.
Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрықтың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының қорғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының қанындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру қабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашқы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінің құрамында болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммундық қабілет те төмен болады.
5,Жүрек пен қан- тамыр ауруларының профилактикасы.
Жүрек- қан тамыры ауруларының профилактикасы
1. Талапқа сай дене шынықтыру жүктемесі. Ол қан айналымын күшейтеді. Табиғат аясында жаттығу жұмыстарын жасау өте пайдалы, себебі сіз өз ағзаңызды оттегімен толықтырасыз (жүру, жүгіру, шаңғымен жүру, велосипед тебу). Гимнастика ағзаға аэробтық жүктемелермен қатар өте пайдалы.
2. Дұрыс ұтымды тамақтану. Денсаулығыңызды сақтау үшін, нәруыз және талшықтарға бай тамақтарды жеуге тырысыңыз, көмірсулар мен майларды азайтыңыз. Олар ми мен ішектеріңіздің дұрыс жұмыс істеуі үшін сіздің ішетін тамақ мөлшеріңізде міндетті түрде болуы керек, бірақ, нәруыздардың көптеп болуы шарт, өйткені олар қан тамырларының қабырғаларын берік ететін құрылыс материалы болып табылады. Егер де сіздің салмағыңыз шамадан тыс үлкен болса, онда сізге диета сақтап, күніне кішкене мөлшерлермен 5-6 рет тамақ ішуіңіз керек.
3. Ағзаға стресстік жағдайлардың әсер етуін азайту. Жүрек-қан тамыры жүйесіне стресстік жағдайлардың әсері белгілі: адреналин гормондарының шығарылуы жүрек соғуының жиілеуіне әкеліп соғады, бұл уақытта қан тамырлары жиырылып, түйіліп, тарылады. Осының әсерінен қан қысымы көтеріледі, жүрек бұлшық еттері тозады. Адам негативті эмоцияларға берілгенде - қорқу, ашулану, шамдану кездерінде бірінші ретте жүрек зардап шегеді.