Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 319
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4. Зиянды әдеттерден бас тарту. Темекі шеккен адамның қан тамырларының сау болуы мүмкін емес. Никотин қан тамырларын жиырылдырады, түйілдіреді, сондықтан да адамның қан қысымы көтеріледі. Сонымен қатар, тамырлардың қабырғаларына зиян келтіріледі, оларда қан ұйып тұрып қалады, осының бәрі жүрек-қан тамыры ауруларының негізгі себептері болып табылады. Темекі (шылым) шегушінің миына зақым келеді, есте сақтап қабілеті нашарлайды, сал ауруына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да темекіден бас тарту керек. Тағы да бір өте зиянды әдет алкогольді көптеп ішу. Осылардан біржола бас тартыңыз. Біріншіден, жақсы үлгі көрсетесіз, екіншіден денсаулығыңызға пайдалы!
5. Диагностика. Жылына бір рет болса да, кардиолог дәрігердің тексерілуіне барып тұрыңыз. Біздің өмір сүріп отырған жағдайымызда мұндай мәселелердің бірнеше күннің ішінде-ақ орын алып, соңы жақсылыққа апармауы әбден мүмкін. Жұмыста жүргізілетін медициналық тексерістерге қалай болса солай қарамаңыз. Ал егер сіз үйде жұмыс істесеңіз, өздігіңізден дәрігерге баруға уақыт табуға тырысыңыз.
Студенттің өзіндік жұмысы №10
Ас қорыту жүйесі және оның жас ерекшеліктері
Тапсырмалар
-
Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің маңызы.
-
Тістер, олардың алмасуы, кариесті – тіс қант құртын болдырмау үшін
күрес.
-
Ішек – қарын ауруларын болдырмау жолдары.
1.Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің маңызы. Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері – құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері – ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.
Құлақ маңы сілекей безі – үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 – ші азу тіс деңгейінде ашылады.
Сілекей безі құрылысы жағынан күрделі альвеолярлы без болып табылады. Ауыз қуысына бөлінетін серозды секреттің құрамы күрделі. Құлақ маңы сілекей бездерінің клеткалары шығару қызметін атқаратындықтан, организмнен дәрілік заттар мен токсиндерді бөліп шығарады.
Құлақ маңы сілекей безі ішкі секреция безі болып табылады (паротин минералды және белокты алмасуға әсер етеді). Құлақ маңы бездері жыныс, қалқанша, қалқанша маңы бездерімен, гипофизбен, бүйрек үсті бездерімен гистофункционалдық байланыста.
Төменгі жақ асты сілекей бездер – серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.
Тіл асты сілекей бездері – аралас болып табылады және серозды – кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.
Кіші сілекей бездері – барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде – кілегей бездер орналасады.
Ферменттер – аралас сілекей де 5 негізгі топта кездеседі: карбоангидраза, эстераза, протеолитикалық, ферментті қабылдайтын және аралас топ. Қазіргі уақытта жалпы алғанда ауыз қуысы сұйықтығында 50 – ден астам ферменттер анықталды.
Ферменттер 3 топқа бөлінеді:
-
Сілекей безі паренхимасымен секреттелінетін; -
Бактериялардың іс — әрекетінен ферментатаивті процесс түзіледі. -
Ауыз қуысында лейкоциттердің қорытынды ыдырауында түзілетін.
Сілекейдегі ферменттердің ішінде ең алдымен ауыз қосында көмірсуды жартылай гидролиздейтін, оларды декстранға, мальтазаға айналдыратын альфа – амилазаны бөлуге болады.
Сілекейдің құрамында фосфатаза, липаза, лизоцим, гиалуронидаза, калликрейн, лептидаза, РНК – аза, ДНК – аза ферменттері бар. Фосфатаза (қышқылды және сілілі) фосфор мен кальций алмасуына қатысады. Гиалуронидаза мен калиикреин тіс эмалі мен тіндердің өткізгіштік деңгейін өзгертіп отыратын ферменттер болып табылады. Сонымен бірге олар ауыз қуысының кілеегей қабаты мен тістердің қатты тіндерінің гомеостазын қалыпты жағдайда ұстап тұру процесінде маңызды роль атқарады.
Сілекей 99,42% судан, 0,58% органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. сілекей дегі органикалық емес компоненттердің ішінде кальций тұздары, фосфаттар, біріккен калий мен натрий, хлоидтер, бикарбонаттар, фторидер, роданиттер қатысады. сілекей де кальцийдің құрамы (1,2ммоль/л) қан сарысуына қарағанда төмен. Кальцийдің көп бөлігі ионизирленген жағдайда табылады, ал қалған бөлігі – фосфаттармен біріккен жағдайда немесе белоктармен байланысты. Оның РН – төмендеген кезде ауыз қуысы сұйықтығында гидроксиапатиттердің ерітілуі интенсивтілігі ұлғаяды.
2.Тістер, олардың алмасуы, кариесті – тіс қант құртын болдырмау үшін
күрес. Тiстер - қатты жасушаларда тұратын, азықты алғаш механикалық өңдеуден өткізу үшiн арналған құрылым. Сонымен қатар жануарларда қорғану және шабуыл үшiн қару ретiнде қолданылады. Ал адамда сөз дыбыстарының пайда болуы үшін маңызды, және де күлудегі маңызды компонент болып табылады.
Тістің ішінде жүйке жасушалары және қан тамырлары өтіп жатқан дәнекер ұлпа болады. Тiстерді сүт тіс және тұрақты тіс деп бөледі. Тiстердiң қалыпты саны ересек адамда - 32, және болуы мiндеттi емес 4 ақыл тiс. Атап айтсақ 8 күрек тіс, 4 ит тiс, 8 кіші азу тіс және 8-12 үлкен азу тістер. Балаларда сүт тiс 3 айдан бастап бір жас шамасыаралығында шығады. Сүт тістер 6-12 жас аралығындағы тұрақты тістерге бiртiндеп алмастырылады. Сүт тiстерiнің жалпы саны 20: 8 күрек тіс, 4 ит тiс және 8 азу тіс. Кейбір адамдарда 32 емес 33 тiс болады. Мұндай жағдайлар өте сирек, бiрақ олардды комплекттен тыс деп аталу келісілген; екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады.
Тіс кариесі – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру.
3.Ішек – қарын ауруларын болдырмау жолдары.
Күмәнді жерден тамақ ішуден тыйылып, диета сақтап, сұйықтан көп ішуге тырысқан жөн. Сосын тамақ ішер алдында, тамақ әзірлегенде қолды дұрыстап жуу, жеке бастың гигиенасын сақтау, тез бұзылатын тағамдарды шағындап алып, тоңазытқышта сақтау, ауланы, дәретхананы таза ұста сияқты күнделікті өмірдегі қарапайым ережелерді сақтау керек. Ішек ауруларының болмауына ауладағы қоқыс салынатын жәшіктердің айналасының, жалпы қаланың тазалығы үлкен ықпалын тигізеді.
Кесте
Асқорыту бездерінің атауы | Орналасуы | Қызметі |
| Орналасу орнына сәйкес сілекей безі — қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. | Қабырғалық сілекей безі ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабығында (ерін, ұрт, таңдай, тіл бездері) орналасады. Қабырғадан тыс жатқан сілекей безі ауыз қуысымен өздерінің өзектері арқылы жалғасады. Бұларға шықшыт, тіласты (бұғақ) және төменгіжақ (ал- қым) бездері жатады. Сілекей безінің сөлі ауыз қуысына түскен азықты дымқылдандырып жібітеді. |
| Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. | Күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор. Бауырда қанмен келген аминқышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады. |
| Ұйқы безі асқазанның артында бел бөлігінің жоғарғы омыртқа деңгейінде орналасқан. | Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. |
Студенттің өзіндік жұмысы №11
Зат пен энергияның алмасулары. Тамақтану гигиенасы
Тапсырмалар
1.Рахит пен артық салмақ қосу – тамақтанудың бұзылу
нәтижесі.
2.Тамақтанудың тәртібі мен реті.
3.Гиповитаминоз бен авитаминоз, олардың профилактикасы.
1.Рахит пен артық салмақ қосу – тамақтанудың бұзылу
нәтижесі.
Рахит (мешел, ит тиген, қой ауруы, кешек) — сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі Д витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздыгына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы шгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек қурылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бузылуымен сипатталатын ауру.
Рахит дамуынын жағдайлары:
-
теріде холекальциферол түзілісінің бүзылуы; -
бауыр мен бүйректе Р-Са алмасуының бұзылысы; -
тағаммен Д вит. кем түсуі;
Д витаминің тапшылығы рахиттің себептік және икемдеуші факторы.
1) Кун сәулесі тапшылығы.
2) Тағамдық факторлар,
Рахиттің ағымы ауыр және оның жиі кездесетін бала топтарында анықталғаны:
— Д вит. қосылмаған жасанды қоспалармен қоректендіру;
—- сүтпен ұзак мерзім тамақтандыру (1 г емшек сүтінде Д 3 40-70 ХБ, сиыр сүтінде -5 -40 ХБ; 1 г тауық жүмыртқасының сарысында 140-390 ХБ);
— негізінен вегетариандықтамақтану (ботқа, көкөністер), жануар белогы жетімсіз; дақылдарда фитин қышқылы мол, ол ішекте калыдийді байлайды; дақылдарда лигнин көп, ол Са мен Д вит. сіңірілуін және гепато-энтерогендік айналысын тежейді;
Кеп мөлшерлі көкөністерде (әсіресе, картоп) және сүтге фосфаттар артык (ты-ңайтқыштар қолданудан), олар Са сіңірілуін (тағамдағы тиімді Са:Р ара-катнасы I:! ,5-2,0), паратгормон түзілісін тежейді.
Рахит дамуындағы мәнді фактор тағамдағы Д вит-кемістігінен гөрі одан жеткілікті түрде Са, Р, белок (ең бастысы аминқышқылдары), липид, микроэлементтер мен бас-қа вит (С, В, В2 В6 Е) түсіп, калыптаспауы.
Отбасылық тамактану үрдісінін. де бір жастан асқан сәбиде рахит дамуында мағынасы бар.
3) Перинатальдық факторлар.
Шала туылу рахит дамуына икемдейді, себебі Са-дің іштегі нәрестеге ең белсенді түсуі жүктіліктің соңына карай. Шала туылғандардын өсу қарқыны күштірек болған соң Са-ге сұранысы да сәйкес келеді (ересектерде 8 мг/кг, жетілген нәрестеде — 70-75 мг/кг, ал шала туылғандарда — 200-225 мг/қг/тәулігіне).
Жүктіліктің асқынулы ағымы, плацентарлық жетіспеушілік. Бұл жағдайларда Д вит. мен оның метаболиттер денгейі кіндік қанында төмен, Са мен Р қоры организмде жетімсіз болады.
Дұрыс тамақтанбаудың зияны Аталған әр пункт денсаулыққа орасан зор зиян тигізіп, салдары жағымсыз болуы мүмкін. Ал ішек-қарын жолдары ауыратын адамдар үшін, балалар мен жүкті әйелдерге бұлай тамақтану тіпті жарамайды. Адам ағзасы жеткілікті түрде нәрлі заттарды алу үшін қарныңыз қатты ашқан кезде емес, аздап ашқан кезде тамақтану керек. Егер сіз стресстен тамақ жейтін болсаңыз немесе тәтті болғаны үшін, әдет бойынша тамақ жей берсеңіз, іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы құрылады, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады. Шамадан тыс қант тұтыну ұйқы безіне салмақ түсіреді, бұдан ол көп мөлшерде инсулин бөле бастайды. Нәтижесінде бұл процесс бұзылып, қант диабеті белең алады. Сонымен қатар тым көп мөлшерде тәтті тұтыну семіздік пен кариеске ұрындырады. Көп мөлшердегі ащы тағамдар ағзадағы сұйықтықты бөгеп, несеп тас ауруы мен жүрек-тамыр жүйесі ауруларын тудырады. Қосымша өнімдер көптеген тағамдардың құрамында болады. Олардың кейбіреуінің еш зияны жоқ, ал кейбірі аллергия тудырып, асқазан мен ішек ауруларының тууына сеп болады. Қосымша өнімді тағамдардың мөлшерін азайту үшін орамадағы түрлі өнімдерді, чипстер, газдалған тәтті сусын, шұжық, дүкен бәліштерін азырақ сатып алыңыз. Егер теледидар алдында, газет оқып отырып немесе интернеттен жаңалық оқып отырып тамақ жесе асқазан сөлі дұрыс бөлінбейді. Бұл да өз кезегінде асқазан мәселелерін тудырады. Жүріп бара жатып та тамақ жеу құпталмайды, өйткені қимыл-қозғалыс кезінде тағам дұрыс шайналмай, нәтижесінде тағам дұрыс қорытылмайды да ағзаға тағамның пайдалы заттары сіңбейді. Егер қатаң диеталар ұстанып, аз тамақ жесе, ағзаға дәрумендер жетіспейтін болады. Ал бұл жалпы денсаулық үшін өте маңызды. Жемістер мен көкөністер адам рационында елеулі орын алуы керек. Бұл авитаминоз, ішек микрофлорасының бұзылуының алдын алады. Егер адамның тұрақты тамақ ішу режимі болмаса, ағза асқазан сөлін қашан бөлуі керектігін білмей, әрдайым ауыр күйде болады, бұл да асқазан мен ішек ауруларының тууына әсер етеді. Түнде тамақ жеу құпталмайды, өйткені ас қорыту жүйесіне демалыс қажет.