Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 316

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, ауылшарушылық құрылыстарынан, мал қораларынан аулақ болғаны дұрыс. Спорт алаңдарын тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл бөлу керек.

Шаруашылық аймағы (500м2) мектепауласының алыс түкпірінде балалардың жүретін жолынан, демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Оған келетін жеке транспорт жолы болуы тиіс. Мұнда  түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт қауіпсіздік жабдықтарының бұрыш ы т. б. шаруаға қажетті құрылыс тар болады. Мұндағы дәретхана мен сыпырынды жәшіктері мектеп кешенесінен кемінде 25 м қашық орналасады. Олардың маңайы егілген ағаштармен немесе шағын қоршаумен бөлінеді. Дәретхана мен сыпырынды жәшігі тұрған жерге келетін тазалық транспортының қатынасуына қажетті жеке жолы болуы керек. Шаруашылық аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шарушылық меңгерушісі мен мектеп директоры жауапты. Мектептің медицина қызметкерлері оның тазалығын мезгіл-мезгіл тексеріп, бақылап отырады, себебі дәретханалар, сыпырынды жәшіктері, транспорт жолдары түрлі инфекцияны оқушыларға жұқтыруға себеп болуы мүмкін.

Мектеп ғимаратын салғанда оның оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп екі топқа бөледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары т. б. жатады. Олардың ішінде, әсіресе сынып бөлмелері мен оқу кабинеттерінің гигиеналық талапқа сай келуіне көбірек көңіл бөледі.

2.Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері.

Сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен жөне оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қанатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-үш кабинет бөлінеді.

Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м2, яғни әр оқушыға 1,25-1,50 м2 есебінен анықталады. Бөлменің ұзын дығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м мөлешерінен аспау керек. Егер ұзын дығы 8,2 метрден артық болса, соңғы қатардағы оқушылар тақтаның қасында сөйлеп тұрған  мұғалімді және оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені 6,2 метрден кең болса, есікжақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы жеткіліксіз болады, үш қатар парталар симайды. Бөлменің биіктігі 3,5 м болғанда балалардың денсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады: жасына лайық ауа мөлшері мен оның тазалығы қамтамасыз етіледі. Лас ауа көбіне бөлменің үстіңгі жағында болады да, оқушыларға жағымсыз әсері азаяды. Егер одан аласа болса, бөлменің ауасы тар болады. Осыған байланысты соңғы кездегі гигиеналық талаптар бойынша бөлменің биіктігі 3,5 метрден кем болмауы керек. Мұндай  жағдайда әр балаға қажетті 15 м
3 ауа мөлшерін қамтамасыз етеді, ал соңғы кезге дейін пайдаланып келген 3,1 м биіктік қосымша ауа желдеткішін қажет етеді немесе ондай бөлмеде сағатына 3 рет терезелерді ашып ауаны желдетіп тазарту керек. Әрине, оқу барысында ондай мүмкіндік болмайды да, балалардың денсаулығына зиян келеді.

Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек. Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс  материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі болады. Қабырғаның төменгі жағын биіктігі 1,1-1,8 метрге дейін ақшыл сырлы бояумен сырлауға болады. Эмульсиялармен әктегенде бүкіл қабырғаны ағартып, панельді сырлайды.

Оқушылардың денсаулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17-21 °С, ылғалдылығы 40-65 %, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек, әр балаға шамамен 15 м3 ауа болғаны жөн.

Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұқа біртегіс болуы керек. Терезелердің алдына ұзын  сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды. Олар жарықты көлеңкелеп, мөлшерін азайтады. Терезенің төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, ал жоғарғы жақтауы мен төбенің арасында 15-30 см аралық болғанда, бөлмеге жарық түсіру мүмкіндігі толық пайдаланылады. Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 2/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса , табиғи жарықтың мөлшері дұрыс  болады. Сыныптағы терезені бөлменің ауасын тазарту үшін де пайдаланады. Ол үшін терезенің жоғарғы жағынан ашпалы-жаппалы желдеткіш жасайды. Олар бөлменің биіктігі 3,5 метрден аз болғанда үнемі ашық тұру  керек, тіпті қыс ішінде бір желдеткіш сәл ашық тұрған ы жөн.

Күн бұлтты болғанда, қыс күндері табиғи жарық жеткіліксіз болады, сондықтан бөлмелердің қосымша элктр жарық шамдары болуы тиіс. Жарық шамдарының көлеңкесіз біркелкі жарық беруі үшін олардың сыртында жарық сейілдіргіштері болуы қажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шыныдан, немесе жұқа қаңылтырдан, немесе пластинкалардан жасалады. Олардың пішіндері әр түрлі: айналмалы дөңгелектер, төрт бұрыш ты табақшалар немесе шыны плафондар т. б. Жасанды жарықтың мөлшері пайдаланатын электр шамына байланысты. Электр шамдарының жарық мөлшері ор партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты злектр шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 Вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік шамдардарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.



Мектеп лабораторияларының мөлшері 66-70 м2, яғни әр оқушыға 1,5-1,75 м2 есебінен анықталады. Лабораториялар мектепті^ әр секциясында бірінің үстінде бірі болса, онда ең үстіңгі қабатта химия лабораториясы орналасады. Мұндай  жағдайда бөлмелерге су жеткізу, ауа сорғыш шкафтарды орналастыру және басқа лабораторияларға қажетті жағдайларды жасау жеңілденеді.

Лабораториялардың микроклиматына деген гигиеналық талаптары сынып бөлмелмелермен бірдей болуы тиіс.

Балаларға өте ауыр жүкті көтеру ге болмайды






 Тек қана баланың жасына лайықты мөлшерде ғана жүк тасуға болады. 5-8 жаста — 4 кг, 9-10 жаста — 6 кг, 10-12 жаста — 10 кг, 13-15 жаста — 14 кг, 16-17 жаста — 24 кг жүкті көтеруге болады.

Тез қозғалатын бөлшектері бар станоктармен, электр аспаптарымен жұмыс  істегенде жұмыс  қауіпсіздігін мұқият  сақтаған жөн.

Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минөт сайын 2-3 минөттей, ал жоғарғы сынып оқушылары 40-45 минөттен соң 10-15 минөт үзіліс жасап отыруы керек. Еңбек сабағының мұғалімі жұмыс  кезінде балалардың, әсіресе іс тіккен, тоқыма тоқыған қыз балалардың денесін дұрыс  ұстауына көңіл бөлуі қажет.

Жастар үшін таза ауада ауылшаруашылық еңбектерімен шұғылдану  өте пайдалы, бірақ балаларға ыстықта күн өтпейтін жағдайды қарастыру керек. Ашық ауада еңбек ету үшін жаздың ыстық айларында таңғы 7-11 сағат, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы. Ауыл шаруашылық жұмысын да 5-6-сынып оқушылары — 2 сағат, 7-8-ші сыныптағылар — 4 сағат, 9-11 сынып оқушылары — 6 сағаттан еңбек етсе жеткілікті. Оқушылардың ой өрісін кеңейтуге көмектеспейтін, денсаулығына зиян келтіретін, мысалы, мал қора тазалау, ауру малды күту, бағу, улы химикаттармен жұмыс  істеу сияқты жұмысқа салуға болмайды.

Спорт залының ауданы мектептегі оқушылар санына сәйкес әр оқушыға 4 м2 есебінен бөлінеді: 192, 320, 624 орындық мектептерде 162 м2 (9×18), 784 және 1176 орындық мектептерде 288 м2 (12×24), одан ірі мектептерде 2 зал: 1568 орындық мектепте 144 м2 (12×12) және 288 м(12×14), ал 1960 орындық мектепте 144 м2 және 450 м(15×30) залдар болуы керек. Спорт залдарының биіктігі 5-6 м. Спорт залының қосымша бірнеше бөлмелері болады: ер балалар мен қыздарға арналған және киім шешінетін бөлмелер. Спорт залына шектес спорт жабдықтарының кішкентай қойма-бөлмесі болады.

Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі жеке дәлі  арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді. Спорт жабдықтарының бөлмесі мен спорт залының аралығында екеуін байланыстыратын есігі болады.

Спорт залының жылылығы 15-17 °С, киім шешетін бөлмесінде 19-22 °С. Спорт залдарына, жабдықтарына арналған талаптар бойынша спорт жабдықтары балалардың жасына және  бойына лайық болу керек.

Барлық мектептердің үлкен мәжіліс залы болады. Кейбір жаңа мектептерде ғана оған шектес кино, радио аспаптарына арналған қосымша шағын бөлме болады. Оның ауданы шамамен 12 м2.

Мектептегі демалу орындары әрбір оқушыға 0,42-0,75 м2 есебінде беріледі. Демалыс орындарына арнайы бөлмелер, дәліздердің кең жерлері, оқушылар бұрышы т. с. с пайдаланылады.

Мектеп кітапханасы мен оқу және дайындалу залына әр оқушыға 0,05 м2 есебінен орын береді. Ол орындар арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес болу керек.

Оқушылардың тамақтану орындары асхана, буфет, ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын балаларды толық (100 %) тамақтандыруға сәйкес болу керек. Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Мұндай  асхана төрт кезекпен барлық оқушыларды толық тамақтандыруға арналған. Оқушыларды тамақтандыру орындарына арналған өз гигиеналық талаптары болады. Олардың орындалуын арнайы құрылған  комиссиялар тексереді және мезгіл-мезгіл санитарлық эпидемиологиялық станциялардың қызметкерлері тексеріп бақылауына алады.

Киім ілгіш-гардеробтар екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер — фойе және киім ілгіш-гардероб. Олардың жалпы ауданы 0,20-0,25 м2 есебінен алынады. Гардеробтағы киім ілгіштерді терезеге перпендикуляр түрінде орналастырады. Мұндай  жағдайда киімнің түсі жақсы көрінеді. Әрбір киім ілгіштің арасы 15 см болуы керек. Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының жеке гардеробы болады немесе сынып бөлмесіндегі шкаф-нишаларды пайдаланады.

Жуынатын бөлме және дөретхана мектеп кешенінің әр қабатында орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп алынады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны 12 м2 болады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны мен дәретханасы оқушылардан бөлек болуы тиіс. Жуынатын бөлме мен дәретханалардың едені су сіңірмейтін, аяқ таймайтын, оңай тазартылатын болады. Және күшті дезинфекциялау химикаттары мен ыстық судың әсеріне төзетін құрылыс  материалдарынан, көбінесе қыш немесе полимерцемент плиталардан жасалады. Бұл бөлмелердің қабырғасын толық немесе тек қана панелін ақ түсті немесе көкшіл қыш шыны, полистироль тәрізді су өткізбейтін плиталармен қаптайды.

Оқу бөлімін меңгерушісінің бөлмесі, мұғалімдер  бөлмесі сыныптар мен оқу кабинеттеріне жақын, қолайлы жерден орын алады. 8-10 м2 шағын бөлмені барлық мектептерде дәрігерге береді, ал ірі мектептерде оған қоса тіс емдеу бөлмесіне 12 м2 кабинет береді.

Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады. Баспалдақтың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық, оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша жарық көзі орналастырылады.





3. Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс  жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге үнамды, бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс  орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіңіріп, бөлмедегі жарық коэфффициентін төмендетпейтіндей болуы тиіс.

Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф-витриналар, сынып тақтасы, түрлі техникалық оқыту саймандары жатады.

4.Парта.

Мектеп парталары — сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеденкеле жатқан Ф. Ф. Эрисман партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылады. Ол парталар «мектеп парталары» деген мемлекетгік стандартқа орта шамамен алған балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады. Парталардың негізі ағаштан немесе металдан жасалады.

Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі жөне отырғышы. Парта үстелінің беті және отырғышы ашық ақшыл түсті бояулармен боялып, металл қаңқасы әбден тегістеледі. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына негізделген. Ертеректе жиі қолданылған қара, қою қоңыр, қою жасыл түске партаны бояу қазіргі гигиеналық талапқа сай болмай шықты. Ондай түстер жарықты көп сіңіріп, бөлменің жарық мөлшерін азайтады да балалардың көңіл-күйі жабырқау тартады.

Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс  жұмыс  істеуіне қолайлы. Үстелдің ұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік үстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс  сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.

Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 2/3 бөлігіне сәйкес жасайды. Мұндай  тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38 см, арқалығының биіктігі 18 см. Оқушының дұрыс  отыруын қамтамасыз ететін парта үстелі мен отырғышының басты-басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және отырғыш дистанциялары.


Парта отырғышының арқалық дистанция-с ы үстелдің оқушы жақ шетінен отырғыштың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі үстелдің шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардың қызметіне, олардың дұрыс  өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисық өседі және көздің қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды.

Парта отырғышының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен отырғышының алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі болады: нөлдік, оң және теріс дистанция. Егер үстелдің шеті мен отырғыштың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, отырғыш дистанция  нөлдік, арасында аралық болса — о ң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса  — т е р і с дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс  отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы.

Парта қақпағының ішкі жағына оның өлшемі көрсетіледі. Ескі номенклатура бойынша орта мектептерде пайдаланатын парталарды оқушылардың бойына сәйкес 7 топқа N6 —N12 бөледі. Олардың өрқайсысы бір-бірінен 10 см артық. Мысалы, N6 парта бойы 110-119 см оқушыларға арналса, N7 парта 120-129 см бойлы балаға арналған, т.с.с.

Қазіргі жаңа номенклатура бойынша оқушыларға арналған үстелдер мен парталар 5 топқа бөлінеді:

А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балалар үшін,

Б тобы бойы 130-145 см,

В тобы бойы 145-160 см,

Г тобы бойы 160-175 см,

Д тобы бойы 175-190 см балаларға арналған. Бұл өлшемдер парта қақпағының астына немесе отырғышының астыңғы бетіне жазылады. Мысалы, А/130. Партаны топтастыруды жеңілдету үшін әрбір топтағы парталарды арнайы түсті бояумен кішкене дөңгелек не ұзындау төрт бұрыш  таңба арқылы белгілеп қояды. Ол белгіні партаның алдыңғы қабырғасына түсіреді. Әр топтарға мынадай түстер бекітілген: А — сары; Б — қызыл; В — көкшіл; Г — жасыл; Д — ақ түсті. Әр мұғалім  өзінің сынып бөлмесіне парталар таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындығына сәйкес таңдап алуы тиіс.

Сыныптағы парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 6-7 партадан болады. Жоғарғы сыныптарда көбінесе 2 қатардан қояды. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,4-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м. Терезеден ең алыс орналасқан парта 6 м қашықтан аспауы керек. Әр сыныпта кемінде 3 топтағы парталар немесе оқушылар үстелі болу керек, ал 3-7-сыныптар үшін көпшілік жағдайда 4 топтағы парталар қажет болады. Кішірек парталар алға қойылады да, биіктері соңғы қатарларға орналастырылады. Шамамен алғанда әрбір орта мектепте N6 парталар 1%, N7 14%, N8 — 27%, N9 — 18%, N10 — 20%, N11 — 15%, N12 — 5 % болу керек. Жаңа белгілеу бойынша А топтағы парталар саны 15%, Б тобындағы — 45%, В тобындағы — 20%, Г тобындағы -15%, Д тобындағы парталар 5% болуы керек. Сыныпты 1 орындық парталармен жабдықтағанда бұл көрсеткіштер 2 еселенеді.