Файл: Студентті зіндік жмысы 1 Оушыларды физиологиялы дамуы пніне кіріспе Жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 313

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



5.Партада отыру ережесі. 

Оқушының партада отыру ережесі бойынша оқу жылының басында сынып жетекшісі оқушыларды дене ерекшеліктеріне сай отырғызады. Аласа бойлы балалар мен нашар еститін оқушылар алдыңғы қатарда, көзі нашар көретіндерді терезеге жақын, ұзын  бойлыларды соңғы қатарға отырғызады. Әрбір тоқсан сайын    балалардың дене ерекшеліктерін ескере отырып, 1-ші қатар мен 2-ші қатардағы, алдыңғы парталар мен соңғы парталардағы балалардың орынын ауыстырып отырғызған жөн. Бұл талаптар орындалған жағдайда оқушылардың денесі қисаймай дұрыс  өсіп, тек жақыннан немесе алыстан көру жағдайының пайда болуына кедергі болады, яғни оқушылардың дұрыс  өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасалынады. Партада немесе үстелде отырғанда оқушының денесі тік орналасып, орындыққа терең отыру керек. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сөл алға еңкейеді. Оның көзі мен қағаз аралығы 35-40 см шамасында болу керек. Оқушының кеудесі мен парта аралығында 3-4 см немесе оқушының жұдырығы өтетіндей аралық болу керек. Оқушының арқасы орындық арқалығына сүйеніп отырғанда оның бел омыртқасы, сегізкөз сүйектері мен жауырынының төменгі бұрыш тары орындық арқалығына тиіп тұрады. Үршық және тізе буындары тік бұрыш  жасап бүгіледі, аяқтары еденге немесе партаның аяқ қойғышына тіреледі, білектері үстелдің үстінде еркін орналасады. Оқушының екі иығы бір деңгейде болғанын қадағалап отыру керек. Партада дұрыс  отырып үйренген жағдайда оқушылар сабақ кезінде шаршамай еркін отырады, көздері талмайды, бар зейіні сабақта болады. Егер дұрыс  отырмаса, арқа, аяқ-қол еттері тез шаршап, баланың сабаққа зейіні томендейді, қозғалақтай береді.

6.Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигиеналық талаптар. 

Сынып тақтасы — оқу болмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің алдыңғы қабырғасының дәл ортасында бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныптарда — 95 см, жоғарғы сыныптарда — 100 см биікте ілінеді. Тақтаның ұзын дығы көбінесе 3 м, ені 1,2 м, беті біртегіс, бірақ өте жылтыр емес, түсі — қоңыр немесе қою жасыл болады. Сызу-сурет сабағының бөлмесінде ғана қара бояумен сырлауға болады. Тақтаның негізі — линолеум, релин, пластмасса, жұқа тақтай іспетті жеңіл, тегіс, су сіңірмейтін материалдардан жасалады, ал оның жақтауын ағаштан не жеңіл металдан жасайды. Тақтаның жақтауының төменгі шетіне бор үнтақтарын жинайтын жіңішке астауша не жұқа тақтай орнатады да бір шетіне бор, су шүберек қоятын кішкентай қорапшаны бекітеді. Тақтаның тұсына  арнайы жарық шамын іліп, қосымша 300 вт шаммен жарықтандырады. Сынып тақтасын мата перделермен жабуға болмайды, себебі олар бор ұнтақтары мен шанды жинап, балалардың тыныс мүшелерінің ауруына себеп болады.



Сыныптағы шкафтар артық көрнекі құралдар  мен оқулықтарды сақтау үшін қажет. Дегенмен шкафтар көп орын алмайтын, бөлмені тарылтпайтын ықшам болғаны жөн. Әр сыныпқа 2-3 шкаф жеткілікті. Олар сол сыныпта оқитын балалардың бойына лайық, денесіне зиян келтірмейтін, көңілге жағымды болу керек. Шкафтарды бөлменің артқы қабырғасына орналастырады. Соңғы жылдары салынған мектептерде қабырғада жасалған шкаф-нишалар пайдалануға өте ыңғайлы.

Мұғалімнің үстелі мен орындығының мөлшері ересек адамға арналған, отырып тұру ға қолайлы болу керек. Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында немесе ортада орналасады. Оқушы партасы мен мұғалім  үстелінің арасында кемінде 15-20 см аралық қалдырады. Кейінгі кезде оқу-тәрбие жұмыстарында оқу-техника құралдарын  жиі  орналастыру гигиенасы пайда болды. Оқу-техника құралдары, яғни киноаппарат, диапроектор, теледидар, магнитофон, радиоаппараттар т. б., шамадан көп болып, бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаң жинамайтын жағдайларды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде шкафтарда немесе арнайы бөлмелерде сақтау керек. Диафильмдерді 7-15 минөт, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минөттен артық көрсетуге болмайды.

Соңғы кезде оқу-техника аспаптарын жеке кабинетке орналастырып, мұғалімдер  кезекпен пайдаланатын жағдай тудыруда. Ондай кабинеттер үлкен, 15-20 оқушы сиятындай болуы тиіс. Бұл бөлмелердің есік-терезелері мықталып, кілті арнайы лаборанттың жауапкершілігінде болады. Соңғы кезде информатика пәнін өтуге байланысты мектепте 1 немесе 2 кабинетке компьютерлер орналастырады. Компьютерлерді терезеден түсетін жарық дисплейіне тікелей түсіп, шағылыспайтындай етіп орналастырады. Әрбір компьютердің арнайы 1 кісілік орындықтары болуы тиіс. Бұл бөлмеге информатика мұғалімі жауапты болады.

Мектеп лабораториясының жабдықтарына бір немесе екі кісілік лабораториялық үстелдер мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі жатады. Онда көп орынды үстелдерді қоюға болмайды, себебі олар орбір оқушының еркін жұмыс  жасауына қолайсыз болғандықтан, балалардың жарақаттануына себеп болады. Тар жерде химиялық ыдыстар сынып, ондағы ертінділер оқушылардың киіміне, денесіне зиян келтіреді. Тәжірибелерді дұрыс  орындау үшін бір кісіге 65-70 см кеңістік қажет, сондықтан лабораториялық үстелдердің ұзындығы 130-140см, ені 60 см, биіктігі 75-76 см болады. Үстелдің кітап, дәптер салатын орыны немесе тартпасы болады. Үстелдерді 3 қатар етіп орналастырады. Қатар аралығы кемінде 70 см. Лабораториялық үстелдерді орнықты бекітіп, оған су, электр сымы өткізіледі. Электр сымы арнайы тақтайдың бойымен немесе үстелдің алдыңғы сирағының бірінің бойымен өткізіліп, жасалады. Химиялық лабораториялардағы үстелдер ыдыстарды қоюға ыңғайлы, орнықты болуын көздеп арнайы сөре және 3 жақ шетінде кедергі тақтайша (биіктігі 7-15 см) орнатылады. Үстелдің үсті қышқыл-сілтілерге төзімді заттардан жасалады және ол тәжірибелердің нәтижесін жазуға қолайлы болуы тиіс.


Физика лабораториясындағы үстелдердің беті тегіс, саңлаусыз, төгілген заттардың бөлшектерін жинауға қолайлы, электр сымдары қауіпсіз, аспаптар сыртына электр өткізбейтін болуы тиіс.

Лабораториялардағы орындықтар үстелдердің биіктігіне сәйкес алынады: отырғыштары еденнен 44-46,5 см.

Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см. Үстел лабораториялық бөлменің алдыңғы жағында сәл биіктелген арнайы орында тұрақты  бекітіледі.

Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды лабораторияның қосымша препараторлық бөлмесіне орналастырады. Шкафтардың ішіне улы заттар, күшті сілтілер мен қышқылдар сақтауға болмайды. Оларды арнайы орында, балалар ала алмайтын жерде үстайды да, қажетті мөлшерде ғана тәжірибе алдында лабораторияға аздап қана әкелуге болады. Химиялық лабораторияда улы, иісті заттарды тартатын сорғыш шкафтар болады. Олардың ұзын дығы, ені, биіктігі бөлменің көлеміне және бөлмедегі жиһаздарға сай болады. Сорғыш шкафтар 2 бөлімнен тұрады: төменгі бөлімі заттар қоятын сөрелерден, жоғарғы бөлімі ауа сорғышы бар шкафтан тұрады. Жоғарғы бөлімінің асты, қабырғалары сілті-қышқылдарға төзімді заттардан жасалған материалдармен қапталады.

Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-дәрмектер жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болуы керек.